Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала жанының әдемілігін түсін, Ана!

31 қазан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің психологы
Нұрхожаева Альфира Қанатбайқызы

Тақырыбы: «Бала жанының әдемілігін түсін, Ана!»
Мақсаты: ата - аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата - аналарды өздерінің балаларының жан - дүниесін түсінуге шақыру.
Қатысушылар: ата - аналар
Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір - біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу

I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу.
II. Барысы:
1. Танысу жаттығуы
- Ойыншылар шеңбер бойымен отырады. Ойынды бірінші отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының атын шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау.
- Өз есімдеріңізді түрлендіре естігенде қандай сезімде болдыңыз?
Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан бұдан былай үнемі бір - бірімізге қарап сөйлегенде есімімізді еркелете, жағымды атаудан бастайық.
Енді алма, алмұрт, шие деп кезектесе айту арқылы топтарға бөлінейік.
2. «Ми шабуылы»
1) Нәресте құстың көлеңкесінен де тоңады. Осы сөздердің астарында қанша мән жатыр. Сіздер қалай ойлайсыздар?
3. «Ән айтайық» жаттығуы
Балаларыңыз жақсы көретін әнді айтасыздар.
4. Шығармашылық жұмыс
Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?
Топқа тапсырма: Сіздің балаңыздың жан - дүниесінің гүлденгенін көрсететін суреттерден коллаж жасаңыздар. Әр топ қорғайды.

III. Қорытынды
Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды, өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған
МАХАББАТТАН бастау керек.
Бала ата - ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата - ана құдайдан перзент тілеген. Перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған. Содан кейін «Баламның табанына кірген шеңге менің маңдайыма кірсін»,- деп
әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр»,- деп құдайға жалбарынған. Перзентсіз ананың ой - қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау.

Өз кезінде Шал ақын былай деген екен:
Босағасын алтыннан соқсаң дағы
Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас
Әсіресе, Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уілдететін, жылауын қойғызатын халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да Ана.
Ана жүрегін, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты сезе біл!

«Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!».... деген ойды жалғастырулары керек. Бір - біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.
6 017
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Жүрек жылуы" (ата - аналарға арналған тренинг)
"Жүрек жылуы" (ата - аналарға арналған тренинг)
Барлығы бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Ойынды бірінші отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының есімін шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау.
Ананың алақаны - ыстық бізге
Ананың алақаны - ыстық бізге
Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарайтындығын ұғындыру
Адам өміріндегі эмоция рөлі және оның түрлері
Адам өміріндегі эмоция рөлі және оның түрлері
Мақсаты: 1. Балаларға әр адамның жеке тұлға, өзінше ерекше екенін ұғындыру.
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Тренинг тақырыбы: Біз - біргеміз, берік іргеміз
Балабақшада ағылшын тіліне арналған дидактикалық ойындар
Балабақшада ағылшын тіліне арналған дидактикалық ойындар
Педагог қолына карточкада сабақтың кейіпкерлерінің бейнеленген суреттерін балаларға көрсетіп ұстап, айтады. «Hello. I am Mum». Балалар көрсетілген кейіпкермен амандасады, танысады
Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг "Мен кереметпін"
Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг "Мен кереметпін"
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы педагог - психолог Пазылова Айсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×