Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Жүрек жылуы" (ата - аналарға арналған тренинг)

16 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
"Жүрек жылуы" (ата - аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін - өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
ата - аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата - аналарды өздерінің балаларының жан - дүниесін түсінуге шақыру.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық тестілеу
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд, маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздар, тесттер;
Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір - біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу

I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу. Тыныштық сәті. Әуен тыңдату.

II. Барысы:
1. Психологиялық ойын.
«Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу.
Барлығы бір - бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Ойынды бірінші отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының есімін шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау. Әркім өзін таныстырып, өзі жайлы бір - екі ауыз сөз айтып, онан соң оң жақтағы көршісі де солай жалғастырады. Қатысушылар түгел танысып болған соң, топтағы көңілі қалаған екі - үшеуіне ата - аналардың есімін ретімен атап шығу.

- Өз есімдеріңізді түрлендіре естігенде қандай сезімде болдыңыз?
Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан бұдан былай үнемі бір - бірімізге қарап сөйлегенде есімімізді еркелете, жағымды атаудан бастайық
2. Топтастыру.
Ата - аналарды үш топқа бөлу. Әркім өзі қалаған жеміске барып отырады. Ата - аналарды тренинг ережесімен таныстыру.
Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір - біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу
2. «Ми шабуылы»
1 топ.
1) «Сіздер дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4 науқас жатыр.
1. Нәресте 6 айлық
2. Үйі жоқ бомж
3. 60 жастағы көп балалы ана
4. Дарынды бала. Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?

2 топ. Ұлыңыз немесе қызыңыз мектептен қатты қуанып келді. Пән бойынша сайыстан жүлдеге иеленген екен. Сіздердің келесі әрекеттеріңіз қалай болмақ?
3 топ. Балаға өз жеке басыңыз арқылы қалай үлгі - өнеге көрсетесіз?
3. Ата - аналарға сауалнама тест тарату.
Сіз қандай ата - анасыз?
«Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата - ана бола аламыз ба?» деген сауал төңірегінде ойланып көрдік пе?
Сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беру арқылы өздеріңізді тексеруге болады

3. «Ән айтайық» жаттығуы
Балаларыңыз жақсы көретін әнді айтасыздар.
4. Шығармашылық жұмыс Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?
Топқа тапсырма:
І топ. «Менің баламның жүрегі» Бұл жүрекке не керек?
ІІ топ. Өмірде сіздер үшін не маңызды?
ІІІ топ. Бала келешекте белгілі бір мамандық иесі болу үшін?
Плакатқа тапсырманы орындап, әр топ қорғайды.

Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды, өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек. Бала ата - ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата - ана құдайдан перзент тілеген. Перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған. Содан кейін «Баламның табанына кірген шеңге менің маңдайыма кірсін»,- деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр»,- деп құдайға жалбарынған. Перзентсіз ананың ой - қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау.
Өз кезінде Шал ақын былай деген екен:
Босағасын алтыннан соқсаң дағы
Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас
Әсіресе, Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уілдететін, жылауын қойғызатын халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да - Ана. Ана жүрегін, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты сезе біл!

«Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!»...... деген ойды жалғастырулары керек. Бір - біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.
«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.
Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
- сізге тілекті шынайы айтты ма?
- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?

5. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.
6. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек - кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)

8. Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды білдіреміз.
Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алады

8. Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

"Жүрек жылуы" (ата - аналарға арналған тренинг). жүктеу
21 287
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама. Отбасы – тәрбие бастауы
Баяндама. Отбасы – тәрбие бастауы
Тәрбиенің үш мектебі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіріп, оны бақытты етіп, қоғамға мейірбан нұрын шашады. Адам бойына қандай да бір бейімділік белгілерін егуді емес, оны адамгершілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты
Отбасы – тәрбие бастауы
Отбасы – тәрбие бастауы
«Ата – ана, ұстаз, қоғам - үшеуі Тәрбиеге болар басты өлшемі, Бір тұтасып біріктірсе күштерін, Тәрбиенің қаланады мектебі». Тәрбиенің үш мектебі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіріп, оны бақытты етіп, қоғамға мейірбан нұрын
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебің психологы Саухимова Жансая Серікбайқызы
Бала көңілін табыңыз
Бала көңілін табыңыз
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
Бала жанының әдемілігін түсін, Ана!
Бала жанының әдемілігін түсін, Ана!
Ойыншылар шеңбер бойымен отырады. Ойынды бірінші отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының атын шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×