Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері

26 қараша 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері

Балаларды оқытудың педагогикалық - психологиялық жолдары
Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50% психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Дефектологтар В. И. Лубовской мен К. С. Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.
Психикалық ауытқушылықтарға әкеліп соқтыратын не?
Қазіргі таңда болып жатқан әлеуметтік мәселелер:

Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Психикалық даму тежелісі /ПДТ/ дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.

Психикалық дамудың тежелуі 4 топқа бөлініп қаралады.

Конституциялық
Соматикалық
Психогендік
Церебраллдық - органикалық себептерден

Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған оқу - тәрбие мекемелерінің арнайы түрі - арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.
ПДТ балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог және ата - ана тығыз байланыста болған жағдайда жұмысымыз нәтижелі болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізіледі.
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету дамыту жұмыстарының түрлері көп.

Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері:
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.
Шаршап кетпеуін қадағалау.
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру
Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару.
Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру.
Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Түзете - дамыта оқыту сыныбы оқушылары кімдер?
Түзете - дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік, тірек қимыл астеникалық қалып, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар.

Психикалық дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін шешу және дамыту жолдары:
Оқуға дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;
Балалардың ой - өрісін дамыту;
Оқу қажеттілігін қалыптастыру;
Баланың әлеуметтік - адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыру;
Баланы жан - жақты бақылау;
Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру (талдау, салыстыру, жалпылау, топтастыру, логикалық жіктеу)
Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;
Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы,
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Коррекциялық /түзете дамыта оқыту /сыныбы мұғалімі
Белхаирова Асемгул Мустахимовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 671
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға диагнозы бойынша топқа бөлу және түзете - дамыту сабақтарын тиімді әдіс - тәсілдермен ұйымдастыру, дефектологиялық көмек көрсету, әлеуметтік бейімдеу.
Математика сыныбында логикалық ойлау қабілетін дамыту
Математика сыныбында логикалық ойлау қабілетін дамыту
Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi.
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Сөйлеу қабілеті – психикалық және сапалы дамудың маңызды шарты болып табылады. Л. С. Выготскийдің тұжырым бойынша «сөйлеу танымның күрделі және ең жоғарғы түрі болып есептелінеді».
Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары
Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі түзете - дамыта оқыту сыныбы мұғалімі: Сейтжапарова Анар Саясатқызы
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете - дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×