Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары

07 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ
СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Сөйлеу қабілеті – психикалық және сапалы дамудың маңызды шарты болып табылады. Л. С. Выготскийдің тұжырым бойынша «сөйлеу танымның күрделі және ең жоғарғы түрі болып есептелінеді». Қазіргі кезде тілдің жалпы дамымауы, сонымен қатар ПДТ балалар саны көбейіп отырғаны анық экологиялық және экономикалық дағдарыспен байланысты.

Психикалық дамуы тежелген балалардың клиникалық – психологиялық ерекшеліктері ПДТ балалар деген термин 5 - 6 жастан 10 - 12 жас аралығында жиі кездесетін психикалық дамуы әртүрлі дәрежеде тежелуі немесе уақытша дамымауы нәтижесінде мектеп жасына келсе де, балалық мінездерден, ойындардан өзі қатарлы балалармен салыстырғанда әлі жетілмеген балалар тобына қолданылады.

ПДТ балаларға тән белгілер олардың жалпы танымдық әрекетінің дұрыс қалыптаспауынан, сезімдік, эмоционалдық жігер, жеке басына көзқарасының төмендеуінен туындайды. Бұл өзгерістер өтпелі, егер балалардың жалпы жағдайы жақсарса, оларға көзқарас өзгеріп, орын алған паталогиялық процестер анықталып, дер кезінде емдеу, педагогикалық түзету әдістері қолданылса кемістік белгілері жеңілденіп, балалар өздері қатарлы қалыпты дамыған балалармен бірдей дәрежеде қалыптасуы мүмкін.

Психикалық дамудың тежелуінің жиі кездесетін белгілері: енжарлық, қызықпаушылық, өзіне – өзі сенбеушілік, тез жалығу, шаршау, бастаған ісін аяқтамау, ынта – жігерінің төмендеуі бұл жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің негізгі болып саналатын қозу (возбуждение) және тежелу (торможение) процестерінің тепе - теңдік заңдылықтарының бұзылуынан туындайды. Осымен қатар кейбір балаларда көру, есту, қимыл – қозғалыс талдағыштарының әрекеті де жетілмеген, ал олардың балалардың дұрыс қалыптасуына әсері зор.

Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетінің қалыптасуы Сөйлеу және ойлау қабілетін меңгеру процесі адамның үлкен ми сыңарлары қыртысындағы шартты байланыстардың негізгі бөлігі міндетті және басым түрде сөз тітіркендіргіш - терінің қатысуымен түзілуіне әкеліп тірейді, бұл жағдай жағымды, сондай – ақ жағымсыз шартты байланыстардың түзілуін тездетеді.
Сөйлеу қызметінің құрылымы өте күрделі және келесі процестерден тұрады: - Фонетикалық (дыбыстық) және сөйлем шығару; - Фонематикалық (сөз мағынасын тану); - Лексикалық, грамматикалық.

Тіл мүкістері аталмыш процестердің жекелеген немесе комплексті бұзылуларына байланысты болады.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасындағы сөйлеу қатынасын қалыптастыруда педагогтың рөлі өте зор.
6 710
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға диагнозы бойынша топқа бөлу және түзете - дамыту сабақтарын тиімді әдіс - тәсілдермен ұйымдастыру, дефектологиялық көмек көрсету, әлеуметтік бейімдеу.
Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете - дамыта оқытуды ұйымдастыру
Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете - дамыта оқытуды ұйымдастыру
Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде. Бұдан 10 - 20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса, қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.
Математика сыныбында логикалық ойлау қабілетін дамыту
Математика сыныбында логикалық ойлау қабілетін дамыту
Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi.
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете - дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Психикалық даму тежелісі /ПДТ/ дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×