Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары

09 қыркүйек 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Мақсаты:
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға диагнозы бойынша топқа бөлу және түзете - дамыту сабақтарын тиімді әдіс - тәсілдермен ұйымдастыру, дефектологиялық көмек көрсету, әлеуметтік бейімдеу.
Міндеттері:
1. Көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар, сөйлеу тілінің дамуы тежелген, тірек - қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, эмоциялық - ерік әрекетінде және мінез - құлқында бұзылыстары бар балаларға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында түзету - педагогикалық көмек болмаған жағдайда, Түзеу және инклюзивті білім беру кабинетіне білім алушыларға психологиялық - педагогикалық түзету көмегін көрсетеді.
2. Баланың мәселелерін мамандардың пәнаралық командасының кешенді түрде зерттеуі, сонымен қоса баланың психологиялық, түзете - педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін командалық бағалау арқылы анықтау;
3. Баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және құрастыру;
4. Жеке, шағын топ және топтық сабақтар түрінде түзете - дамыту сабақтарын жүргізу;
5. Отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар және мүгедек балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата - аналарына кеңес беру және оқыту;
6. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға психологиялық - педагогикалық тұрғыдан қолдау барысында мекемелердің педагогтеріне көмек көрсету;
7. Баланың жалпы және ұсақ моторикасын дамыту;
8. Өз білімдерін жетілдіру және өзара тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
9. Республикалық, облыстық, қалалық және мекеме деңгейіндегі семинар, конференция, педагогикалық оқулар мен тамыз маслихаттарының секция жұмыстарына қатысу;
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары. жүктеу​​​
24 963
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дефектолог маманның жылдық жоспары
Дефектолог маманның жылдық жоспары
Мұғалім - дефектолог – өзінің кәсіби еңбек ету әрекетіндегі атқарған жұмыстарының қорытындысын шығара білетін, мейірімді, бастамашыл, шығармашылық қабілетке бай, жауапкершілігі мол тұлға.
Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете - дамыта оқытуды ұйымдастыру
Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете - дамыта оқытуды ұйымдастыру
Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде. Бұдан 10 - 20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса, қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.
Математика сыныбында логикалық ойлау қабілетін дамыту
Математика сыныбында логикалық ойлау қабілетін дамыту
Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi.
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Сөйлеу қабілеті – психикалық және сапалы дамудың маңызды шарты болып табылады. Л. С. Выготскийдің тұжырым бойынша «сөйлеу танымның күрделі және ең жоғарғы түрі болып есептелінеді».
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Психикалық даму тежелісі /ПДТ/ дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×