Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ойлан. Тап» (5 - 6 сыныптарға арналған әр түрлі логикалық тестілер жинағы)

06 желтоқсан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
«Ойлан. Тап»
(5 - 6 сыныптарға арналған әр түрлі логикалық тестілер жинағы)
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ 3 - 4 бет
РУБИК ТЕКШЕСІ 5 - 6 бет
ТЕКШЕГЕ БЕРІЛГЕН ЕСЕПТЕР 6 бет
ЛОГИКА. КУБТЫ ҚҰРАСТЫРУ 7 - 8 бет
КУБТЫҢ ЖАЗБАСЫ 8 - 11 бет
ОЙЫН СҮЙЕГІ 12 - 13 бет
КЕҢІСТІКТЕ ОЙЛАУ 14 - 18 бет
КЕҢІСТІКТЕ БЛОКТЫ АЙНАЛДЫРУ 18 - 20 бет
ЖАУАПТАРЫ 21 - 22 бет
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23 бет

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау емес, осы материалды шығармашылықпен қолдау шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке тұлға қасиеттері қалыптасады. Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, дамытуға болады.
Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі.

Математикалық сауаттылық бойынша 5 - 6 сынып оқушылары үшін әзірленген тест тапсырмалары оқушылардың өмірлік жағдаяттарда математиканы қолдана білу қабілеттерін баяндауға, математиканы түрлі контекстерде тұжырымдауға, қолдануға және түрлендіруге бағатталған. Ол түрлі құбылыстарды сипаттайтын, түсіндіретін және болжам жасауда математикалық ойлау мен математикалық түсініктерді, математикалық білім мен құралдарды қолдану болып табылады. Бұл математиканы бүкіл әлемдегі алатын орны мен атқаратын рөлін мойындауға ықпал етіп, конструктивті, қызығушылығы мен ойлау мүмкіндігі жоғары азаматтар үшін саналы көзқарасын қалыптастырып, ақылға салынған шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Математика сабақтарында, қосымша факультативтер мен таңдау курстарында төмендегі тапсырмалар оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі логикалық ойын есептері. Сондықтан геометриялық фигура, яғни кубпен жинақталған есептер оқушылар үшін қызықты болады деп ойлаймын. 5 - 6 сынып оқушыларын ҰБТ - да кездесетін математикалық сауаттылық есептерін шығару мен түсінуге даярлау мақсатында бұл жинақтама әзірленді.

Жинақтаманың мақсаты:
Оқушылардың ауызша ойлау қабілетін арттырып, тез есептеу жолдарын
үйрету. Қызықты суреттер арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:
1. Оқушыларға тез есептеу әдістерін үйрету
2. Ойын есептерін шешу жолдарын меңгерту
3. Ақыл – ойын және ерік сезім белсенділігін арттыру.
4. Математикалық сөйлеу машығын қалыптастыру
5. Қиялдарын ұштау, шығармашылық зерде үрдістерін жоғарлату
6. Оқушының тұлға ретінде қалыптастыруына әсер ету
7. Оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық жэне ерік пен сезімге катысты сапаларын дамыту
8. Мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру
9. Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып - білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету
10. Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

РУБИК ТЕКШЕСІ
Рубик текшесі (маж. Bűvös kocka — сиқырлы текше) — логикалық басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланылады.
Рубик текшесі (көбіне «кубик - рубик» ретінде танымал) – 1974 жылы венгриялық мүсінші және архитектура оқытушысы Эрне Рубиктың ойлап тапқан (1975 жылы патенттеген) механикалық бас қатырғышы.

Эрне Рубик Будапешт технология және экономика университетінің құрылыс - архитектуралық факультетін бітіріп, 5 жыл бойы ғимараттарды жобалаумен айналысқан. Одан кейін ол Қолданбалы өнер академиясына оқытушы болып жұмыс кіреді. Сабақ беру барысында үш өлшемді кеңістікті үйрету өте қиын екеніне көзі жетіп, оны оңай түсіндірудің жолын іздеумен болады.

Рубик алғашында өз мақсатына қалай жетуді көп ойланды. Бір күні ол, Дунайдың жағасында отырып, толқындардың жұмыр тастарды ары бері қозғалтып, олардан көлемді геометриялық фигуралар жасайтындығына назар аударады. Бұл оған ой салып, үйіне асыға жетіп, бір жобаны ойластыра бастайды. Картон мен ағашты лақтырып тастап, пластмассаға тоқталады. Кіші көлемдегі текшелер 3 ось бойынша айналуы үшін энтузиаст ішкі цилиндрлік механизм ойлап табады. Әртүрлі нұсқаларды қарастырған Рубик, өз жобасының сыртқы бейнесі үшін алты түсті қарапайым гамманы таңдайды. Студенттерге бұл идея өте қатты ұнап, Рубик өте бір қызықты ойын жасап шығарғанын түсінеді.

«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ
Дайындаған: математика пәні мұғалімі
Тлеубаева Гульмира Кайроллаевна

Ойлан. Тап. жүктеу
5 055
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары Тақырыбы: Математиканың сан сырлары
Логика. Логиканы тез есептеудің жолдарын зерттеу
Логика. Логиканы тез есептеудің жолдарын зерттеу
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектептің математика пәні мұғалімі Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Тараз қаласы №51 орта мектеп Құрастырған: математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Математикалық сауаттылық өмір сүрудің қажетті компоненті
Математикалық сауаттылық өмір сүрудің қажетті компоненті
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×