Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логика курсының бағдарламасы

21 қыркүйек 2019, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Логика курсының бағдарламасы
Мазмұны
1. Түсінік хат.............................................................................. 3 - 5
2. Тақырыптық жоспар............................................................... 6
3. Бағдарламалық мазмұны........................................................ 7 - 8
4. Глоссарий.................................................................................. 9
5. Қолданылған әдебиеттер....................................................... 10
Түсінік хат
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін (назар аудару, есте сақтау, қабылдау, байқағыштық, елестеу, ойлау т. б) дамыту оқу процесінде маңызды орын алады. Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Бастауыш сыныптарда ұсынылып отырған «Логика курсының бағдарламасы» баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында алты және он жас аралығында жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық танымдылық қабілеттері мен білім - білік және ойлау дағдылары қалыптасады.
Курстың шығармашылық ізденіс тапсырмалары мазмұны мен құрылымы жағынан жан жақты ұйымдастыруға мүмкідіктұғызады. Танымдық қасиеттері мен білім білік дағдыларын қалыптастырады. Бұл курстық жүйенің ерекшелігі - негізгі оқу материалдарынан тыс, баланың мүмкіндіктерін ашып, жеке тұлға ретінде дамуына әсері мол.
Оқу құралындағы тапсырмалар балалардың өз бетінше логикалық іздену әрекеттеріне негізделген жаттығулардан тұрады. Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір біріне ұқсамайды. Осындай жаттығулар орындау барысында өз пікірін ортаға салып дәлелдеуге, қиын жағдайда жол тауып шығуға, жеке шешім қабылдауға үйренеді. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейтіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Сөйтіп олар өздерінің дамуында көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен белсенділіктері артады.
Әр сабақтан соң өз беттерінше орындаған жұмыстары бағаланады. Баламен жұмыс жасау кезінде, оның сенімін арттырып, тұрақтылық пен мақсатына жете білуіне үйрету қажет. Мұнда маңызды роль қолдау сөздер.
Мақсаты:
Оқушылардың танымдық қызушылығы мен ақыл ой деңгейін қалыптастыру. Оқушыларды оқу курсының мазмұны арқылы пайымдау, шығармашылық тұрғысынан ойлау, өз беттерінше шешім қабылдап, қорытынды жасауға бейімдеу. Оқушылардың игерген білімдерін күнделікті өмірде пайдалана отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу үйрету және тәрбиелеу
Алға қойған міндеттері:
- Өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру, оқушының интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту;
- Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету;
- Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту;
- Өз пікірін айту, талдау және оны дәлелдеу арқылы тілін дамытып, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
- Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.
«Логика әлемі» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
Таңдау курсының өзектілігі:
- Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін және шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіру
- Өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу
- Логикалық тапсырмалар арқылы жеке зейінін дамыту және қалыптастыру.
- Ойша тұжырымдама жасау.
Күтілетін нәтиже
- Математикалық түсініктерді меңгереді
- Оқушылардың оқу, математикалық сөйлеу дағдылары ұштаса түседі.
- Бір амалмен шығаратын қарапайым есептерді түсініп шығару.
- Өз бетінше есептерді құрастыра біледі.
- Дұрыс жазу ережесін меңгереді.
- Шығармашылық қабілеттері артады.
- Есте сақтау қабілеті артады.
- Қиялдау қабілеті кеңейеді
- Білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар
Қорытынды:
Оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл - ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.
Логика курсының бағдарламасы. жүктеу​​​
3 097
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Мектептің даярлық сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер елінде» арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтарының атқаратын рөлі зор.
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
6 - 7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі - дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Ұсынылып отырған таңдау курсы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты және бастауыш сынып бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 4 - сыныптарына арнайы құрастырылған.
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
Биологиядан бағдарланған 11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша жылдық жоспар берілген. Бұл оқу бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып, біртұтас курс ретінде
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
5- сыныпқа арналған “Хор үйірмесі” тақырыбындағы факультатив курсының бағдарламасы
5- сыныпқа арналған “Хор үйірмесі” тақырыбындағы факультатив курсының бағдарламасы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы №109 қазақ орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Қожаева Ақтолқын Сабытбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×