Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық сауаттылық өмір сүрудің қажетті компоненті

09 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Математика
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан, математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Оқушыларға математикалық мәдениет, ой-әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы - әр түрлі математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың оқу әрекетін ұтымды, тиімді ұйымдастыру және басқару.

Осыған орай, нарықтық экономика дәуірінде жас ұрпаққа математиканың негізін меңгерту, білім беру мен тәрбиелеудің бірден-бір негізгі мәселесі болып табылады.
Елімізге аса қажетті білгір мамандардың, дарын иелерінің, өте талантты тұлғалардың дәріс алар алғашқы ұясы – мектеп. Өрендер мектеп қабырғасында өткен он бір жыл ішінде тиісті ғылым негіздерінен тиянақты біліммен қаруланады.
Болашақ ғалымдар – бүгінгі күннің оқушылары, ертеңгі өрелі ізденістерді бүгіннен бастап білуі керек.

“Бала бақыты – жақсы ұстаз қолында” деген сөздің түп негізі осында жатқан сияқты.
Жеке пәндерден берілетін білім сапасын арттыру сол пәннің төңірегінде жұмыс жүргізуімен ғана іске аспайды. Бұлармен қоса әрбір жеке пән мұғалімдерінен оқушылардың бір пәннен алған білімін басқа бір пәнде пайдалана алатындай дәрежеде жұмыс жүргізу талап етіледі.
Оқушылар әрбір жеке пәннің өзіндік “философиясын” меңгермейінше ол пәннен тыңғылықты терең білім ала алмайды.

Оқушы біліміндегі формализмді болдырмаудың негізгі құралы – оларға пән бойынша жан-жақты білім беріп, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгірімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгірімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.

Америкалық педагог-математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Сондықтан, орта мектептің математика курсының бірінші әрі ең басты міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарына назар аудару.

Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық, жүйелік, т.б. тәрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару - оқу және кәсіптік әрекеттің жетекші түрі. Әрбір есептің өзіндік әдістемелік мақсаты да бар.

Сондықтан оқушы есепті жылдам әрі қатесіз шығаруға, жаттыға түсуге ұмтылудан гөрі, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды жасай білуге тырысуы қажет. Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мәнінде, есеп шығару.
Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеу жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді. Ойлаудың ерекше математикалық стиліне тәрбиелейді:
• Талқылаудың, формальдік - логикалық сұлбасын сақтау (талдау, құру, дәлелдеу, зерттеу);
• Ойдың ықшамдығы;
• Ойлау барысының нақтылығы;
• Математикалық символиканы дәл қолдану
Оқушы біліміне мұғалім берген баға оқушының іштей өзін-өзі бағалауына сай келмесе, оның белсенділігіне теріс ықпал етеді, яғни, көтерме баға оқуға деген тұтынушылық қатынасты дамытуға, мұғалім беделін түсіруге соқтырады, ал төмен баға қою жағымсыз сезім, өз мүмкіндігіне сенімсіздік, кейде дау-дамай тудырады.

Есеп шығару, талдау есептер жүйесін құрудың мынадай әдістемелік ерекшеліктерін анықтауға жол ашты:
1) есеп мазмұнындағы мәліметтердің ғылымилығы;
2) есеп шығаруды үйретудің дамытушы сипаты;
3) есепті кәсіби түрде шығара білуді қалыптастыру мен дамытудың жүйелілігі және сабақтастығы;
4) есеп мазмұнында мәселе көтерілуі;
5) есеп мазмұнының кәсіби бағыттылығы;
6) есеп шығаруды үйретудегі саналылық пен мақсаттылық;
Осының бәрінде де математикалық ойлаудың жеткілікті түрдегі жоғары деңгейін қалыптастыру қажет.

Есеп шығаруға үйретудің әдістемелік аспектілерін қарастыра келе математика пәнінің мұғаліміне әдістемелік нұсқаулар ұсынамыз:
• математикаға қызығыңыз, оқушыларыңызды қызықтырыңыз;
• математикалық білімді молайтыңыз, әдістемелік шеберлігіңізді дамытыңыз;
• «Мұғалім - оқушы» тұлғалық бағдарлы байланысын жүзеге асырыңыз;
• оқушылардың ақыл-ой қабілетінің, шығармашылық дарынының дамуына өз әдістемелік қабілетіңізді ұштастырып, шеберлікті тиімді қолданыңыз;
• есеп шығарудың пайдалы жағын бөліп қарастырыңыз;
• аңғарғыштыққа және дәлелдеуге арналған есептерді жиірек қолданыңыз;
• ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысыңыз.
13 799
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді.
«Ойлан. Тап» (5 - 6 сыныптарға арналған әр түрлі логикалық тестілер жинағы)
«Ойлан. Тап» (5 - 6 сыныптарға арналған әр түрлі логикалық тестілер жинағы)
Рубик текшесі (маж. Bűvös kocka — сиқырлы текше) — логикалық басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланылады. Рубик текшесі (көбіне «кубик - рубик» ретінде танымал) – 1974 жылы венгриялық мүсінші және архитектура оқытушысы Эрне Рубиктың ойлап тапқан
Логика. Логиканы тез есептеудің жолдарын зерттеу
Логика. Логиканы тез есептеудің жолдарын зерттеу
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектептің математика пәні мұғалімі Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару
PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару
Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, PISA тапсырмаларын өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Тараз қаласы №51 орта мектеп Құрастырған: математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Факультатив жоспары
Факультатив жоспары
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×