Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ересектерге мемлекеттік тілді үйретуде қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер

10 шілде 2018, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Ересектерге мемлекеттік тілді үйретуде қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер

Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Әдіссіз оқыту процесінің жүзеге асуы мүмкін емес. Өйткені әдіс - тәсілдер арқылы ғана оқытушы өз мақсатына жете алады, тіл үйренушілердің қызығушылығын оятып, тілдерін дамытады, үйретеді. Енді оқыту әдісіне нақтырақ тоқталайық.

Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістерін білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен міндеттері анықтайды. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты.
Әрине ересектерге сабақ берудің өзіндік ерекшеліктері көп және әдіс - тәсілдерінде де айырмашылықтар бар. Біздің, яғни Орталық оқытушыларының басты мақсаты - тыңдаушылардың сөздік қорын дамыту, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз арасынан ажырата білуге үйрету болып табылады. Граматиканың бүге - шүгесіне дейін қарастырып, тыңдаушының қызығушылығын төмендетіп алмай, лексикалық қорын кеңейту үшін тиімді тәсілдерді шеберлікпен қолдана білу керек.
Оның ең басты себебі, біздің алдымызға келіп отырған тіл үйренушілер әр салада қызмет жасайтын қызметкерлер және өз саласының білікті мамандары екенін ұмытпағанымыз жөн. Олардың көңілі өз жұмыстарына алаңдап отырады, сондықтан сабақтың басынан бастап олардың қызығушылығын ояту мақсатында, қазақ тілі сабағына келгендерін естеріне түсіретіндей психологиялық жағымды ахуал туғызуға тырысуымыз керек. Мысалы: неше түрлі смайликтер дайындап әкеліп (көңілді смайликтер), бүгін сіздің көңіл - күйіңіз қандай? деген сұраққа осы смайликтердің біреуін таңдаңыз деп өздеріне таңдату арқылы, көңіл - күйлерін көтеру немесе «көңілді шеңбер» арқылы ойындар өткізіп, сабаққа зейінін аударуға болады.
Ары қарай өткен сабақты қайталау мақсатында да бірнеше қолайлы, қызықты әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Сөзжұмбақ арқылы жаңа сөздерді тексеру, таратпа материалдар арқылы сұрақ - жауап әдісімен сабақтың тақырыбын табу, күнделікті тақырыпқа байланысты сөздерді қайталауда және жаңа сөздерді өту барысында да, қысқа ғана мәтіннің арасынан түртіп алу әдісі арқылы өздері тауып шығарып жатса, тіл үйренушілер «ары қарай не үйренеміз?» деп сабаққа қызығушылықтары арта түседі. Мысалы бір модульді аяқтағаннан кейін, сол модуль бойынша өткен жаңа сөздерді қайталау мақсатында мынадай жұмыс түрін жасауға болады.
Топты үшке бөліп. Әр топ бір конверттен таңдайды. Конверттің ішінде орысша сөздер жазылған парақшалар, топ мүшелері жылдамдықпен сөздерді аудара отырып, бірінші әріптерімен сөз құрайды, сол шыққан сөздерден қанатты сөз, мақал немесе сөз тіркесін құрау керек. Қанатты сөздің құрамындағы сөздер қанша болса, парақшалар саны сонша болады.
Бұл әдісті келесі тақырыпқа, модульға байланысты және өткен тақырыпты қорытындылауға қолдануға болады
Мемлекеттік тілді меңгерту жұмысында қол жеткен жетістіктер де, әлі ізденуді қажет ететін де бағыттар жеткілікті.
Қазіргі таңда бүкіл техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, оқытушылардың білім беру мазмұнын жаңа қарап, оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігіне баса көңіл бөлу керектігін байқатады. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір - бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «нені оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», «қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әртүрлі әдістері арқылы анықталады. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Оқу үрдісінде оқытудың озық технологиясын пайдалана отырып, сабақты қызықты да әсерлі өткізу - бүгінгі күн талабы.
Осы талапты орындау үшін, мысалы, тыңдалым өткізгенде көбінесе бейнероликтерді пайдалануға болады. Тіл үйренуші тыңдап, көру арқылы тілді үйренеді. Өтіп жатқан тақырыпқа сай қысқаша бейнежазба таңдап алып, жұмыс жасалынса, тыңдаушылар сол тақырыпты және жаңа сөздерді жақсы игереді. Осы тыңдап, көрген бейнеролик бойынша тест сұрақтарын, сонымен қатар жай сұрақ - жауап әдісін қолдануға болады.
Мысалы:
Бейнежазба не туралы?
Бейнежазба қай жерде түсірілген?
Қатысып отырған адамдар кімдер?
Олар нешеу? деген сияқты сұрақтар.
Сондай - ақ тілін дамыту үшін, өз ойларын айтуға үйрету үшін мынадай жұмыс түрлерін қолдануға болады: оқиғалы мәтіннің басын оқып, талдап, ары қарай оқиғаны қалай өрбітер едіңіздер деп тыңдаушылардың өзіне тапсырма беріледі, тыңдаушылар мәтіндегі ойды өздерінше жалғастырады. Мұндай тапсырмалар оқиға желісін есте сақтауға және шығармашылықпен ойлауды дамытады.
Мысалы: «Екі қасқыр» мәтінінің аяқталмаған түрін таратып, олар оқып, әр тыңдаушы оны өзінше жалғастырып, өз ойларын жеткізу керек.

Бір қарт немересіне үнемі ертегі, аңыз - әңгімелерді айтатын еді. Бір күні қарт немересіне өмір сырын былай деп түсіндіріп жатыр екен:
- Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады...
Сонда ақылды немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:
- Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?
Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:........ (тыңдаушылар өздері жалғастырады.)
Сіздер қалай жауап берер едіңіздер?
- Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.

Тыңдаушыларға мемлекеттік тілдің қыр - сырын меңгерту – өте күрделі мәселе, ол әр алуан әдістер мен тәсілдерді қолдана отыра жететін жетістік. Мен негізі өзімнің сабақтарымда ойын әдісін көп қолданамын. Өйткені ересек адамдарды сабақ барысында сергітіп алмасаңыз, тез жалығып кетеді, әрине ойындар тіл үйренушілердің жас ерекшеліктеріне байланысты таңдалады.

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде өз алдына жеке дидактикалық категория. Сонымен бірге оқытушы мен тіл үйренушінің бірлескен оқу әрекетінің бір - бірімен қарым - қатынастығы технологиясы есебінде қолдануға болады.

Ойынның негізгі мақсаты – алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, ал міндеті – үйренушінің қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді, сабақтың ортасында көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Мысал келтіретін болсақ, сабақтың соңында, қорытындылау мақсатында бірнеше ойын түрлерін алуға болады. Мысалы: «Қарлы кесек», «Кім жылдам?», «Адасқан әріптер», «Шашылған дыбыстар», «Жалғасын тап», «Ыстық орындық» т. б.

Мемлекеттік тіл – аса маңызды да ең өзекті мәселе, ол – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі, ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Тілді білген адамның рухы биік, дәстүрге берік, әдет - ғұрыпқа адал болатынын үйлестіре, баршаға талап қойып, сезіндіре білу керек. Сонда ғана өз ниетімен тілге қызмет етіп, азаматтық міндетін орындайды. Талап болғанда ғана жауапкершілік артып, іс арнасын тауып, жүйеге түсіп, жүзеге асады.

Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс ретінде қолданған жөн» деген. Бұл нақыл сөз әрбір ұстаздың жадында болуға тиіс.

Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының әдіскері
Махметова Жанар Қайртаевна
2 408
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Ересектерге қазақ тілін оқытуда ойын технологияларын қолданудың тиімділігі
Ересектерге қазақ тілін оқытуда ойын технологияларын қолданудың тиімділігі
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды оқытушы мен тіл үйренушінің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.
Қазақ тілін қазақ топтарында оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістері
Қазақ тілін қазақ топтарында оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістері
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету деген мәселе барша жұртқа түсінікті және қазақ тілін оқытудың мақсат - мүддесін айқындайды. Қазақстанда тұратын кез келген азаматқа қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету болашағымыздың сенімді кепілі
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
БҚО, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ракишева Миргуль Ерболатовна
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Үсенова Баян Алдабергенқызы Бастауыш сынып мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×