Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы ауылы, №100 мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы

Ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары
Балалар ағылшын тілін оқуды асыға күтеді. Жаңа пән оларға құпиялы қызыққа толы болғандықтан, олар алда не күтіп тұрғанын білмей, тек пәннің басталуын тағатсыздана тосады. Мұғалім осыны ескере отырып, оқушылардың қызығушылығын сөндіріп алмас үшін түрлі жұмыстар жүргізіп, шет тілін меңгертуде түрлі әдістерді әр ағылшын сабағында қолдануы тиіс деп ойлаймын.
5 - сыныпта әріптер мен дыбыстарды үйретуде фонетикалық жаттығу - өлең шумақтарын құрастыруға болады. Бұл орайда сабақтың жаңа сөздері мен грамматикалық құрылымды пайдалануға болады.
E. g. I have got a dog,
I have got a cat,
I have got a shell,
I have got a small red ball
I'm glad
I have got them all.
I 've got a dog,
You've got a cat.
We 've got a frog,
They've got a bat.
Сонымен қатар to be және to have етістіктерінің қолданылуын «Lets boast!» - «Мақтанайық!» ойыны арқылы пысықтауға болады.
E. g. І вариант: P1: I have a dog. P2: You have a dog and I have a dog and a cat. P3: He has a dog and a cat, but I have a dog, a cat and a hen.
ІІ вариант: P1: My mother is a very good doctor. She is 40. Her name is Damegul. I love her.
P2: Your mother is a good doctor. My mother is a teacher. She is a teacher of English. She is a very good and a kind teacher. She has many pupils. Her name is Alma. She is 35.
Ағылшын тілін үйренудің алғашқы кезеңдерінде тақпақтар, өлеңдер мен әндерді мәнерлеп оқыту, жаттату - балалардың сөздік қорын кеңейтіп, сөздердің оқылуын есте сақтауға көп септігін тигізеді. Present Simple tense шағының ІІІ жақ жекеше түрінің жасалуы мен апта күндерін қайталауда «Mrs. Grundy» өлеңін оқытып, жаттатуға болады.
Mrs. Grundy washes on Monday,
Irons on Tuesday,
Shops on Wednesday,
Bakes on Thirsday,
Sews on Friday,
Cleans on Saturday,
Cooks on Sunday,
This is the tale of mrs. Grundy.
Өлеңнің ішінен ІІІ жақ жекеше түрдегі етістікті тауып, жалғауын белгілеп, аудармасын беруді тапсыруға болады: irons – үтіктейді, shops – дүкен аралайды.

7 - сыныпта ойлау қабілетін дамыту мақсатында оқушылар жаңа сабақтың лексикасы – жануарлар атаулары мен грамматикасы - Present Perfect шағын қатыстыра отырып, өлең шумақтарын құраса, осы сабақты жақсы түсінгенін көрсетеді.

Omar has seen a wolf,
Serik has seen a fox.
Ainur has seen a rabbit,
They all have been in a box.
Реттік сан есімдердің жасалуын және оқылуын есте сақтау үшін өлеңді жаттатуға болады.
E. g. Five little birds,
Seat in a tree,
The first one said,
What do you see?
The second one said,
A man with a gun,
The third one said,
We'd better run.
The fourth one said,
Lets hide in the shade,
The fifth one said,
I'm not afraid.
Берілген сөйлемді немесе мәтінді логикалық түрде лезде жалғастыру дағдысын қалыптастыру үшін түрлі әдістер қолдануға болады.
Мысалы, Present Indefinite tense (жай осы шақтың) жасалуын пысықтау үшін Present Continuous tense (созылмалы осы шақ) құрылымымен байланыстыруға болады.
T: Each of you will tell us what he or she is doing now, then you will explain when you usually do it.
E. g. The pupils are not cleaning the classroom now. They usually do it after lesson.
Бұл жұмыс әдетте «Оқушы күні» тақырыбы аясында өрбиді.
«The day of a pupil»
P1: I' not making my bed now. I make my bed in the morning.
P2: I'm not having breakfast now. I have breakfast in the morning.
P3: I'm not having dinner now. I have dinner after school at 2 o'clock.
«Оқушының бір күні» тақырыбы аясында сөйлемді жалғастыру жұмысы жақсы аяқталғаннан кейін сөйлеу қабілеті мен ой өрісін одан әрі дамыту мақсатында мәтінді жалғастыру жұмысын беруге болады. (әр түрлі шақтарда беруге болады).
Тақтаға баланың суреті ілінеді.
- Listen to the beginning of the story and speak about Ospan's day. (Only his morning time).
T: It is morning. Ospan opens his eyes. He doesn't want to get up, but his little cat comes up to him and touches his hand. The mother comes into the room. She says: «Ospan, its time to get up, its 7 o'clock.»
Оқушылар мәтінді түрлі нұсқада аяқтай алады.
Диалогпен жұмыс жасағанда баланың ой өрісі, шапшаң жауап қайтару дағдысы, берілген ситуацияға эмоциясын білдіруін көруге болады.

T: The weather is fine today
P1: Yes, its warm today!
P2: Oh, the sun shines brightly!

Немесе берілген сөйлемге қарсы мағыналы сөйлеммен жауап беруге болады. (эмоциясын білдіре алады)
T: Lets have a class - meeting on Wednesday, children
P1: Oh, its not good day for the class - meeting. We have many lessons on Thursday.
P2: I can't come. My mother is ill.

5 - 6 сыныптарда ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыруда өмірден алынған жағдаят - мәтін беріледі. Бұл мәтін қате нұсқада. Оқушылар қатесін дұрыстайды, содан соң жазып алады.
Мәтін сыныптағы бір оқушы туралы болуы мүмкін…
I have a friend. His name is Bakhtiar. He is 7. He is in the 6th form. He gets up at 5 o'clock every morning. He washes his face, hands and legs in the sitting - room. Bakhtiar goes to the park. He has 5 or 6 lessons there.
Адамдарды және жануарларды сипаттайтын сын есімдерді балалар тілде еркін қолдануы үшін мультфильмдер кейіпкерлері сипатталған қысқа мәтіндерді оқытып, суреттен көрсете отырып, қазақ тіліне аударып, түсінік айту тапсырмасын беруге болады.
1) Gena is not a boy. It is a crocodile. He is big, long, dark green and funny. Gena is a very clever crocodile. It can sing. Gena has a friend, Cheburashka by name. Cheburashka is funny too. Cheburashka is very kind. Gena and Cheburashka are good friends.
2) Micky is a funny little grey mouse. It has small black eyes, big ears and very long tail. Micky is a very clever mouse. It is not afraid of cats and dogs.
11 - сыныпта қалау рай (wish) құрылымын меңгерту үшін хат жазу жұмысын жүргіземіз. Яғни бұл хатта біреуінің киіп жүрген киімін екінші біреу қалайтыны жайлы айтылады.
E. g. Dear Phariza!
I like a blouse on you.
It sits on you perfectly.
I wish I had the same one.
Alia

Dear Bolat!
Your cloth style is modern!
Especially, your jeans.
I wish I bought the same jeans!
Magzhan

Ағылшын тілін оқытуда түрлі әдістерді қолдану – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ағылшын тілін жете меңгеруге, шет тілінде еркін сөйлеуге көп септігін тигізеді деп ойлаймын.
5 878
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдіс - тәсілдері
Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдіс - тәсілдері
Үштілдіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол."Біз Ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаумыз керек. Қазіргі әлемнің осы "лингва франксын" меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа
Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.
Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.
Мұғалім қандай болуы керек? Бұл сұраққа мұғалім білімді, кәсіби шебер болу керек деп оңай жауап беруге болады. Мұғалімге тек кәсіби шеберлік пен білім жетпейді.
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылы Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бисенова Асылғаным Латипқызы
Ағылшын тілін оқытудың оңай жолдары
Ағылшын тілін оқытудың оңай жолдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі Қожақова Айгүл Ұласарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×