Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.

29 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Информатика
Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.

Мұғалім қандай болуы керек? Бұл сұраққа мұғалім білімді, кәсіби шебер болу керек деп оңай жауап беруге болады. Мұғалімге тек кәсіби шеберлік пен білім жетпейді. Мұғалім көркем мінездің, жылы жүректің, ыстық қайраттың иесі болса, ғажап болар еді. Бүгінгі өзімшіл ата - ана мен психологиясы әлсіз оқушының заманында мұғалімге артылар жүк тым ауыр. Бәрібір мұғалім тығырықтан шығар жолды іздеп, оны қалай да табады.

Мұғалімнің өз кәсіби біліктілігін жетілдірудегі алға қойған мақсаттардың және талаптардың бірі – бұл пәнді үш тілде оқыту. Яғни, пән мен тілді кіріктіріп оқыту. Лектор Лаура Карабасованың «ПТКО (Пән мен тілді кіріктіріп оқыту) үш тілді оқытудың тәсілі ретінде» тақырыбы бойынша оқыған видео - лекциясы маған қатты ұнады. CLIL әдісі бойынша мұғалімдер назарларын екі нәрсеге аударады. Біріншісі – пәннің өзі, ал екіншісі – тіл. CLIL – оқытудың инновациялық әдісі, ол пәннің мазмұнын, материалдарын шет тілі арқылы үйрену. CLIL – пән мазмұны мен тілді дамытудың бірігуі. Бұл әдіс бойынша сабақ жоспарын құрғанда тіл үйренуді сабақтың бір мақсаты етіп қою. Слайда CLIL әдісін қалай және қандай тапсырмаларды орындағанда қолдану керектігі өте жақсы көрсетілген. CLIL тапсырмасының тағы бір мысалы – терминдер мен олардың анықтамаларын салыстырып отыру. CLIL – дің маңызды компоненттерінің бірі – пәнге тән ғылыми тілді немесе пәндік терминологияны қолдану болып табылады. Ағылшын тілін үйренуде пән мұғалімдері ағылшын тілінің мұғалімімен және ағылшын тілін жоғары деңгейде білетін оқушымен тығыз байланыста болса кәсіби біліктіліктілігін арттыруда жоғары жетістікке жетеді деп ойлаймын.
3 922
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жетілдіру - сапалы білім көзі
Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жетілдіру - сапалы білім көзі
Бастауыш сынып мұғалімі - өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілетті адам. Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек.
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×