Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

04 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бәйге
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты: Зат есім ұғымы туралы білімдерін толықтыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғындыру, зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу.
Дамытушылық: Елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін, теориялық ойлауын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ерлікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгерту.
Принциптері: біртұтастық, жүйелілік.
Әдістері: қызығушылығын ояту, сұрақ - жауап, ойын, талдау, ажырату.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, әнбаян, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы: I. Басталуын ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Біз сабақты бастаймыз,- деп оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру.
142бет. 4 жаттығу.
А) бір оқушыға оқыту
Ә) қимылды білдіретін сөздерге сұрақ қою
Б) мақалдың мәнін түсіндіру
В) Тіліміздегі сөздер қандай сөз таптарына бөлінеді?

III. Жаңа материалмен жұмыс.
А) Қызығушылықтарын ояту.
Бір күні бір жолаушы келе жатып, жолдан бір нәрсені тауып алады. Жаңағы нәрсені әрі қарап, бері қарап не екенін таба алмайды. Сөйтіп, ол ақылгөй данаға келіп:- Мен жолдан бір нәрсе тауып алдым. Оның жартысы көрінбей тұр. Бұл не болды екен? Маған осыны табуға көмектесіңізші!- дейді. Сонда ақылгөй дана оны былай деп жұмбақтапты: Ойжұмбақ: ол аспанда да, жерде де болады, шөлейт жерлерде де жүреді, ата - әжелеріңнің қолында да болуы мүмкін, оны жеуге де болады, ол – барлық адамда да болады.
- Кәне, балалар, біз де ойланып көрейік. Мүмкін сендер тез табарсыңдар. Бұл не болды екен?
1 - слайд.
Тауға ұқсас сурет көрсету.
Пайда болған заттардың аттарын жазайық.
Бұлт, құрт, түйе, көзілдірік, құс, алма, жүрек, т. б.
- Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – Не?
- Түйелер, құстар, алмалар деген сөздерге ше? Нелер?
Ал, осы заттарды пайдаланатын адамдарға қанда сұрақтар қойылады? Кім? Кімдер?
- Олай болса, кім?, кімдер?, не?, нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер нені білдіреді?
- Заттың атын.
- Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атаймыз. (Тақтаға жазу.)
- Осы кластың ішінен не? нелер? деген және кім? кімдер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді табыңдар.
Ә) Мағынаны тану кезеңі. Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Бүгін «Сөз таптары» еліндегі зат есім ауылына саяхат жасаймыз.
Зат есім аулындағы сиқырлы ұяшықтардың тапсырмаларын орындап, ұяшықтарды ашамыз. Ұяшықтардың артында еліміздің мақтанышына айналған тұлғалар бар. Ол адамдардың кім екенін білу үшін әр ұяшықтың тапсырмасын орындаймыз.

Оқулықпен жұмыс.
1 - ұяшықтың тапсырмасы. 1 - жаттығу.
Сөздердің ішінен кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу.
Ұяшық тапсырмасын орындадық, суретке қарайық, бізге таныс па?
2 - слайд.
Серік Сәпиев – Лондон олимпиадасында бокстан алтын иегері.
2 - ұяшық тапсырмасы. 2 – жаттығу.
А) Суретте бейнеленген заттардың атауын жазу.
Ә) Сөздерді қатыстырып сөйлем құрау
3 - слайд.
Илья Ильин ауыр атлетикадан алтын иегері.
3 - ұяшық тапсырмасы. 3 - жаттығу.
Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі қатарға бөліп жазу.
4 - слайд.
Александр Винокуров. Велоспорт. Алтын медаль.
Сергіту сәті. «Жаңылмай көтер қолыңды» ойыны.
Шарты: көзге көрінетін зат есімдерді айтқанда екі қолды көтереміз, көрінбейтін зат есімдер болса бір қолды көтереміз.
Сөздер: ой, жаңбыр, білім, гүл, ақыл, арман, ауа, ою, т. б.
4 - ұяшық тапсырмасы.
Өздік диктант. Ребусты шеш және жауабын жаз.
Жауабы: Алмас, Айжан, Гүлнар, т. б. осы сөздерге сұрақ қою.
5 - слайд.
Зульфия Чиншанло. Ауыр атлетика. Алтын медаль.
5 - ұяшық тапсырмасы. 5 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Зат есімдерді тауып, сұрақ қою. (ауызша)
6 - слайд.
Ольга Рыпакова. Жеңіл атлетика. Алтын медаль.
6 - ұяшық тапсырмасы.
Шығармашылық тапсырма. Интербелсенді тақтадағы сөйлемдерді оқу. Қарамен жазылған зат есімдерді сөз құрамына талдау.
7 - слайд.
Мая Манеза. Ауыр атлетика. Алтын медаль.
Бекіту.
7 - ұяшық тапсырмасы.
1. Венн диаграммасы.
Кім? Не? сұрақтарын Венн диаграммасына салу.
2. Топтастыру. Зат есім туралы не білдік?
8 - слайд.
Светлана Подобедова. Ауыр атлетика. Алтын медаль.
Сиқырлы 7 ұяшықты да аштық. Бұлар кімдер? - Спортшылар.
Спортшылар сөзін сөз құрамына талдау.

Қорытынды: Осы спортшыларымыз Лондон олимпиадасында көк туымызды биікке желбіретіп, алтыннан алқа тақса, сіздер де бүгін өз білімдеріңізбен жарқырап көзге түсе білдіңіздер. Сол себепті сіздер де өз білімдеріңізге қарай бүгінгі сабақтан естелік ретінде алқамен бағаланасыздар.
Ән: Көк тудың желбірегені.
Бағалау: «5» - алтын түстес алқа.
«4» - күміс түстес алқа.
Үйге тапсырма: 144 бет. 4 - жаттығу. Ереже жаттау.
8 272
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету; Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Күншығарова Сәния Капизуллаевна
Зат есім
Зат есім
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Айманова Жадра Жарасовна
Сан есім
Сан есім
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Зат есім. (2 класс)
Зат есім. (2 класс)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 орта мектеп-гимназиясының Бастауыш класс мұғалімі Барышева Лаура Жәңгірқызы Тақырыбы: Зат есім. (2 класс) Мақсаты: Зат есіммен таныстыру, зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатындығын ұғындыру. Жаттығулар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×