Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оғыз мемлекеті

15 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бәйге
7 - сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §5. Оғыз мемлекеті
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Оғыз мемлекетінің пайда болу тарихымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы – Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы, қоғамдық құрылысы, мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру;
2. Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшеліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
3. Оқушылардан қазақ жеріндегі өркениетті мемлекеттер туралы мағлұмат алып, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: Түрік қағанатының картасы, хронологиялық кесте, «Оғызнама» дастаны, қалалар, қолөнер бұйымдарының суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?
2. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды?
3. Қарлұқ қағанаты сыртқы саяси жағдайын күшейтуде кімдермен күрес жүргізді?
4. Қағанат билігі неліктен Қарахан мемлекетінің қолын көшті?
5. Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің?
6. Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды.
7. Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау қай кезден басталды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы.
2. Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы.
3. Саяси жағдайы.
4. Шаруашылығы
5. Кәсібі мен қолөнері.
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға жаңа сабақ бойынша мәтінмен жұмыс істеу тапсырылады. Ол үшін мәтінмен тереңірек танысып, оқып шығу қажет. Содан кейін өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалар беріледі.
Әрбір тақырыпшаның мазмұнын ашу үшін картамен жұмыс асау, кесте толтыру, сөйлемдерді толықтыру ұсынылады.

ІҮ. Өзіндік жұмыс. Өзіндік жұмыстың алғашқы тапсырмасы - сынып болып оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы, орталығы әлеуметтік - этникалық құрамы бойынша № 1 кестенің қажетті бөлімін толтыру. Сабақ барысында картаны пайдаланып, Оғыз мемлекетінің жер аумағын, орталығын көрсету тапсырылады. Қазақстанның қазіргі қай өңірінде орналасқанына көңіл бөлген жөн.

Енді сыныпты 3 топқа бөліп тапсырмалар беріледі.
1 - тапсырма. Оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшеліктерін сипаттама беру.
а) Жабғу ________
Инал ___________
Атабек __________
Сюбашы _________
Күл – еркін ________
ә) Халық жиналысы _______
қаңқаш ____________
Ұлы және кіші құрылтай _________
Бұл тапсырманы орындаған топқа оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшеліктерін түрік қағанатының қоғамдық - әкімшілік құрылысымен салыстыра отырып, жауап беруіне көңіл аудару керек.

2 - тапсырма. Картаны пайдалана отырып сұраққа жауап беру ұсынылады.
Оғыз мемлекеті қандай мемлекеттермен дипломатиялық қарым - қатынас орнатты және кімдерге қарсы күресті?
Сұрақтарға нақты жауаптар жазу арқылы оқушылар Оғыз мемлекетінің сыртқы саясаттағы мақсатына жету жолындағы күресі туралы мәлімет ала отырып, оғыз мемлекетінің саяси жағдайымен танысады.

3 - тапсырма Оғыз және қарлұқ мемлекетінің қалаларына салыстырмалы талдау жасау тапсырылады.

1. Қалалардың пайда болуына шаруашылықтың әсері.
2. Қалалар туралы тарихи деректер.
3. Қалалардың орналасқан жері
4. Бүгінгі күнге дейін аты сақталып келген қалалар
Мұғалім бірнеше варианттағы тапсырмалар беру арқылы оқушылардың сабақты жеңіл түсінуіне жол көрсете отырып, оқушының ойлау қабілетін, тапқырлық, байқағыштық, зеректік, сияқты қасиеттеріне барлау жасай алады.
Кесте толтыру:
Оғыз мемлекеті
Қарлұқ қағанаты

Ү. Сабақтың бекіту:
1. Оғыздың Сырдария өзенінің орта ағысында қоныстануына не себептер болды?
2. Оғыз тайпалық одағының құрылып, дамуына қандай жағдай әсер етті?
3. Оғыздардың қоғамдық құрылысы қандай болды?
4. Оғыз мемлекеті жаңа жерлерді басып алу мақсатын қалай жүзеге асырды?
5. Оғыз мемлекетінің әлсіреуіне не себеп болды.?
6. Оғыз мемлекетінің шаруашылығы, кәсібінің дамуы туралы не білесің?

Тест сұрақтары: 1 - 10…
ҮІ. Бағалау:
ҮІІ. Үйге тапсырма: 5 - параграфты оқу, №1 кестені толықтыру.
Тест сұрақтары:
1. Х ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы:
А Янгикент
Б Сауран
В Баласағұн
Г Қарақорым
Д Сығанақ
2. Оғыздарда мүлік теңсіздігінің негізі:
А жерге меншік
Б мүлікке меншік
В малға меншік
Г егін алқаптарына меншік
Д аталғандардың бәрі
3. ХІ ғасырда оғыздарды талқандаған тайпа:
А Сельжуктер
Б Хазар
В Ғұндар
Г Меркиттер
Д Қыпшақтар
4. Оғыз тайпасының өзегі қайда қалыптасты?
а. Жетісуда
Б. Оңтүстік Қазақстанда
В. Сырдарияның төмен ағысында
Г. Шығыс Қазақстанда
Д. Батыс Қазақстанда
5. Оғыз мемлекеті қай ғасырларда өмір сүрді?
А. 8 - 9 ғғ.
Б. 9 - 10 ғғ.
В. 9 - 11 ғғ.
Г. 10 - 12 ғғ.
Д. 12 - 13 ғғ.
6. Оғыз билеушісінің титулы:
А. Горхан
Б. Қаған
В. Патша
Г. Ягбу
Д. Гуньмо
7. Махмұд Қашқаридың айтуы бойынша "бүзүқтар" мен "үшүқтар" болып екі ірі топқа бөлінген:
А. Қарлұқтар
Б. Наймандар
В. Оғыздар
Г. Жалайирлар
Д. Керейлер
8. Сюбашы лауазымын кім иеленді?
А. Оғыз әскерінің басшысы
Б. Діни басшысы
В. Оғыз тайпаларының көсемдері
Г. Ақсүйектер
Д. Оғыздардың салық жинаушысы
21 551
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы) Конспект 9 ғасырдың аяғы – 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар
Оғыз қаған дастаны
Оғыз қаған дастаны
Оғыз қаған дастаны туралы мағлұмат беру, дастанның тақырыбы мен идеясын ашу, шығарманы талдай отырып, кейіпкерлер іс - әрекетіне баға беру.
Тарих пәнінен сөзжұмбақтар
Тарих пәнінен сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақ «ТАРИХ» 1. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен.... атауы қалыптасқан. (Түрік) 2. Ыдыраған Түрік қағанатының бір бөлігі... (Батыс)
Оғыз мемлекеті
Оғыз мемлекеті
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «№219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің» тарих пәні мұғалімі Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сисенғалиева Люба Хамитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×