Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су туралы

21 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бәйге
«Әдебиеттік оқу» пәнінен өткізген ашық сабағы. 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Су»
Сабақтың мақсаты: 1) Өлеңнің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру, табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын түсіндіре отырып суды қорғау туралы білімдерін тереңдету. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.
2) Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамыту.
3) Табиғатты қорғауға, суды ластамауға, үнемдеуге, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, топтастыру, салыстыру
Көрнекілігі: қанатты сөздер, кітап, суреттер, тірек сызбалар, диаграмма
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика, өзін - өзі тану

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық тренинг өткізу
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Сен маған, мен саған» ойындары арқылы топтар бір - біріне сұрақтар қою.
1. Көктемде құстардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
2. Құстардың қандай пайдасы бар?
3. Ең бірінші туған өлкеге оралатын құстарды ата?
4. Өзіміз тұратын өлкеде қандай құстарды кездестіруге болады?
5. Көктемде құстарға қандай қамқорлық жасауға болдады?
III. Жаңа сабақ
1) Жұмбақ шешу.
Жылт - жылт етеді
Жылғалардан өтеді
(су)
Сылқ - сылқ күледі
Аяғы жоқ жүреді (су )

2) Топпен жұмыс.
1 - топ Су дегенде көз алдарыңа не елестейді?
Су – көл, мұхит, теңіз, қар, мұз, шық, тұман, бу

2 - топ Судың үш күйі?
--------------→ сұйық → су
Су ----------→ қатты → қар, мұз
--------------→ газ → бу

3 топ Судың қасиеттері қандай?
Су......
3) Ой қозғау
Суды қайдан алуға болады?
Су→құдық
-------көл
------бұлақ
------өзен
------мұхит
------теңіз

4) Қазақстанның қандай өзен көлдерін білесіңдер?

IV Оқулықпен жұмыс
Е. Өтетілеуұлы қысқаша туралы мәлімет беру
Сөздікпен жұмыс
Гигиена - денсаулықты сақтау шарты.
Өлеңді оқыту. Әр шумақтың мазмұнын ашу
«Су - тіршілік негізі» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Су бар жерде ырыс бар» деген мақалдың мағынасын ашу.

а) Өлең бойынша сұрақ - жауап.
1 Өлеңдегі негізгі ой не?
2 «Су - тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесің?
3. Судың қандай пайдасы бар?
4. Суды қалай үнемдеу керек?
5. Сенің тұрған жеріңде суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады?
6.«Жер бетінде су жойылып кетсе, онда,,,,,» деген ойды аяқта

Суретпен жұмыс
Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
Суға шомылудың қандай пайдасы бар?
Жүзудің қасиеті қандай?
V Сергіту сәті.
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы

VI Шығармашылық жұмыс.
I. топ. «Сусыз тіршілік жоқ» эссе құрастырып жазу
II. топ «Су» туралы мақал ойлап жазу мағынасын ашу
III. топ «Су» туралы тыйым сөздер жазу
VII Ой толғаныс (логикалық тапсырма)
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды?

VIII Жағдаяттан шығу
Алмастың атасы өзен жағасында тұратын. Алмас жазғы демалыста атасының үйіне демалысқа келді. Атасы алмасты қой бағуға өзен жағасына ертіп апарды. Алмас суға шомылды. Атасы екеуі түскі астарын су жағасында отырып ішті. Қайтар кезде Алмас сусынның бөтелкесін, жұмыртқаның қабығын суға тастай салды.
Балалар осы мәтінде сендерге не ұнамады? Сендер Алмастың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
- Дұрыс балалар, суды ластамай, керісінше суды қорғау керек

IX Проблемалық ізденушілік
Жер шарының 4/3 бөлігін су алып жатқанын диаграммадан көрсету.
Ендеше қазіргі таңда неге көптеген елдерге тұщы су қоры жетіспейді?
(оқушылардың жауабын тыңдау)
Теңіз мұхит сулары ащы. Жер бетіндегі судың 2% ғана тұщы су.
Ендеше балалар осы жағдайды шеше отырып қандай қорытынды жасаймыз?

X Қорытынды
Адам өмірімен табиғаттағы судың маңызын Венн диаграммасына салу
Су
↓------------------------------ ↓
Тамаққа ---------------- Өсімдікке
Тазалыққа ------------- Жан - жануарларға
Тұрмысқа -------------- Құстарға
Өндіріске -------------- Балықтарға
Электр қуатын
өндіреді

Нені үйрендік?
Нені білдік?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су. Судың күйі, қасиеті
Су. Судың күйі, қасиеті
Оқу мен оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану, тәжірибе жасауда су қасиеттерін дәлелдеу; су туралы оқушылардың білімдерін тиянақтау, сөздік қорын, тіл байлығын, логикалық ойлауын, жүйелі баяндауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге, оны
Дуадақ
Дуадақ
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы түсінік беру. Құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Құстардың тіршілігіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Құстардың ұя салуы
Құстардың ұя салуы
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрә жетілдіру. Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Су. Судың қасиеттері
Су. Судың қасиеттері
Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік селосы, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Есенова Бақытгүл Қалыбайқызы
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×