Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмбақтар әлемі

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
[b]Білім беру саласы: [/b]
Қатынас, таным
[b]Бөлімдері:[/b] Тіл дамыту, көркем әдебиет, математика.
[b]Мақсаты:[/b] Балаларға жұмбақ туралы білім беру. Шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Ой - өрісін дамыту. Тіл байлығын жетілдіру. Оқу іс - әрекетіне деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорын байытып, сөйлемнің дұрыс грамматикалық қатарын құру.
[b]Әдіс - тәсілдері:[/b] түсіндіру, қимыл - жаттығуларды көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын.
[b]Билингвалды сыңары:[/b] жұмбақ - загадка, ертегі - сказка

[b]Мотиациялық қозғаушы. [/b]
- Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
Шаттық шеңбер.

Күннің көзі ашылды.
Көкке шуақ шашылды
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме,
Құрметті қонақтар

[b]2 командаға бөліну[/b]
Ұлдар командасы.
Қыздар командасы.

Ал, енді балалар біз оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын қазір қай мезгіл екенін айтып өтейік. Бір жылда қанша мезгіл бар?
Соның қазір қай мезгілі?
Қыс қанша айдан тұрады?
Біз қыс мезгілінде қандай мерекелерді атап өттік?
4 мезгіл бар
Қыс
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
16 - желтоқсан, Жаңа Жыл
Ал енді, балалар төрт мезгілге байланысты тақпақ айтайық.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген
Бақша - бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.

Ал, енді балалар біз жаңа оқу іс - әрекетіне көшейік. Бүгінгі оқу іс - әрекеті «Жұмбақтар әлемі».
Енді балалар жұмбақтар әлеміне барайық.
Мына жерде не көріп тұрсыңдар?
Балалар сендер жұмбақтарды шешкенді жақсы көресіңдер ме?
Жұмбақтар әр түрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар көрмесіне шақырамын.

Жыл мезгіліне байланысты жұмбақтарды көріп тұрмыз.
Иә
- Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Әр жұмбақта заттың аты аталмайды, оны шешу үшін ойланып, не туралы жасырылғандығын табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сөзбен айтылады.
Балалар үстел үстіндегі жұмбақ көрмесіне назар аударып, қызыға қарайды.
[b]1 - айналым[/b]. Ойын
Ал енді, балалар бізге жұмбақ түсінікті болса, төрт мезгілге байланысты бір - бірімізге жұмбақ жасырайық. Бір - біріңе төрт мезгіл туралы айтып өттіңдер. Сол төрт мезгіл туралы қандай жұмбақ білеміз?
Жұмбақ
Қыздар командасы.
Аяна
Суда мұз бар,
Жерде қар бар
Боран боп соғады
Бұл қай кезде болады?
(Қыс)

Қыс ерекшелігін сұрау.
Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Қыста күн суытады. Балалар қардан аққала жасап ойнайды.
Алина
Күн ұзарып қар еріп,
Су сайларға толады,
Бұл қай кезде болады?
(Көктем)

[b]Ертегі туралы айту[/b]
Көктем ерекшелігін сұрау.
Көктемде қандай мерекелерді атап өтеміз?

Көктемде күн жылынады, Аналар мерекесін атап өтеміз.
Ұлдар командасы
Асылбек
Күн ысып,
Жеміс - жидек пісіп,
Ел пішенін орады,
Бұл қай кезде болады?
(Жаз)

Жаз ерекшелігін сұрау.
Жазда күн қандай болады?

Жазда күн ыстық болады, шомылуға барармыз.
Омар
Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады
Бұл қай кезде болады?
(Күз)

Күз ерекшелігін сұрау.
Күзде күн қандай болады?
Күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Жеміс - жидектер пісіп, жинаймыз.
Жұмбақ шешуін тапқан қандай қызық балалар, ал жұмбақты ойлап тапқан одан да қызық екен.
Ал енді, балалар ертегілер еліне саяхатқа барайық. Балалар мына жерден қандай ертегілерді көріп тұрмыз?

Бауырсақ, Шалқан, Алладин, Қаңбақ шал, Маугли, Қызыл телпек, Мақта қыз бен Мысық, Алдар көсе, Жеті лақ.

Біз барлық ертегілерді біледі екенбіз. Енді сендерге осы ертегі бойынша жұмбақ жасырайын. Екі команданың қайсысы бұрын жауап берер екен?

b]Жұмбақ [/b]
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан

Шешуі: (Бауырсақ)

[b]Жұмбақ[/b]
Кедей еді бұл бала,
Айы туды оңынан,
Жын шығады керемет,
Сиқырлы оның шамынан
(Алладин)

Жұмбақ
Үй жинаған ұқыпты,
Бір қыз бопты ертеде
Тыңдамаған мысықты
Салыпты ғой әлекке
(Мақта қыз бен мысық)

Жұмбақ
Джунглиде өскен жасынан,
Епті бала болыпты,
Багира, Бану достары
Шерхан оның қас жауы
(Маугли)

Жұмбақ
Кішкене қыз орманға
Жалғыз өзі барады.
Апасына қартайған
Дәмін салып алады
(Қызыл телпек)

Жұмбақ
Аяғынан тұсаулап,
Кемпір оны ұстайды.
Желмен ұшар желпілдеп
Босап кетсе бұл шалы
(Қаңбақ шал)
[b]Әділқазылардың бағасы.
2 - айналым «Ғажап сәт»[/b]
Жылқы кіреді.
Амандасу.
Жылқы қандай жануар балалар?

Үй жануары
Жылқы төрт түлік малға жатады.

Биыл қандай жыл келді?
Жылқы туралы қандай мақал - мәтел білеміз?

Жылқы жылы келді.
1. Жылқы еті шекер, сүті бал.
2. Жүзден жүйрік шығады,
Мыңнан тұлпар шығады
3. Ат айналып қазығын табады, Ер айналып елін табады.
4. Бір түлікке бай болғанша,
Төрт түлікке сай бол.
5. Түйе малдың қасқасы,
Жылқы малдың патшасы
6. Ер қанаты – ат.

[b]Ойынның аты[/b]
Ал енді, балалар сендерге жылқы өзінің ойынын алып келіпті.
Жемістер мен көкөністер.
Мақсаты: балаларға қыста ауырмау үшін, жемістер мен көкөністерді көп жей отырып олардың пішінін, түр - түсін атау.

Балалар ойынға қызыға қатысып, түр - түсін, пішінін атай алды. Үш тілде санап өтті.

[b]3 - айналым. [/b]
«Ойлы болсаң озып көр»
Балаларға тақпақтың басын айтып, балалар ойлана отырып жалғастырады.
[b] Тақпақтар.[/b]
Ал енді, балалар тақтаға қараймыз.
1. Сиыр сүйеді баласын - торпағым деп
2. Жылқы сүйеді баласын – құлыным деп
3. Қой сүйеді баласын – қоңырым деп
4. Ешкі сүйеді баласын – лағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп
Ештеңені білмейтін момыным деп
Тастан - тасқа секірген шұнағым деп.
[b]Әділқазылардың бағасы.
4 - айналым[/b]
Жұмбақтар жасыру. Екі топ бір - біріне білетін жұмбақтарын жарыса отырып жасырады. Соңында ертегі кейіпкерлерінен «Жыл басына таласқан хайуанаттар» мен «Бауырсақ» ертегісі

[b]Қыздар командасы. Жұмбақ[/b]
Үстінде қос қорабы,
Мінсең көлік болады,
Жақындасаң қасына,
Қорқытады баланы (Түйе)
Адамға серік,
Күзетке берік (Ит)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
(Қой)
Төрт бұлағы сүт
Баққанға ол құт (Жылқы)

Ұлдар командасы
[b]Жұмбақ[/b]
Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай шу (Түлкі)
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім
Домалап шықты алдымнан.
(Бауырсақ)

Әдіқазылардың бағасы.
Рефлексивті коррекциялау
Екі команданың тең дәрежеде болғандығын айтты.
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде жұмбақ әлемі туралы айтылғандығын, онда жұмбақтың шешуін тапқан қандай қызық, ал жұмбақты ойлап тапқан одан да қызық екендігін білді. Бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтай, мадақтай отырып әр бала жұлдыз болуға лайықты екенін айту, жұлдызшалармен бағалау.
Балалар алған жұлдызшаларына мәз болды, өзара оқу іс - әрекетінен алған әсерлерімен бөлісті.

[b]Күтілетін нәтиже:[/b] Ұқыптылық, шыдамдылық, ептілік.
[b]Білуі керек:[/b] Балалар жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі екенін білді. [b]Жұмбақтың түрлерін білді.[/b] Жұмбақты шеше отырып, ертегі кейіпкерлерін шығарды. Ертегі кейіпкерлері қай ертегіде кездесетінін айта отырып, «Жыл басына таласқан хайуанаттар» мен «Бауырсақ» ертегісін құрастырып берді.
[b]Істей алуы: [/b]Сұрақтарға толық жауап беріп, жұмбақтардың шешуін дұрыс таба алды.
71 698
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Жамбыл облысы, Тараза қаласы, №4 "Балдырған" балабақшасы Ансатбаева Света
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×