Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алма ағаш

08 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Шығармашылық»
ҰОІӘ: «Жапсыру»
Тақырыбы: «Алма ағаш»
Мақсаты: Шығармадан табиғат көрінісінің әсемдігін көре білуге, оны бейнелеуге дағдыландыру, Алма ағашының гүлін және жемісін алмасын қиып, жапсыруды үйрету, Көркемдік талғамын арттыру,
Көрнекі құралдар: Ә. Қастеевтің портреті және «Алма ағаштар гүлдеді» атты шығармасы, үлгі, желім, қайшы, ақ қағаз, сүрткіш, алма ағашының жемістерінің суреттері,

Тәрбиешінің іс - әрекеті: Шаттық шеңбер
Ал, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік,
Қабақ шытқан не керек
Қөңілді боп жүрейік
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте мейрімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер,

Ұйымдастыру іздену: Тәрбиеші балаларға ертегі айтып береді, Ертегі бойынша көрініс,
- Бір күні гүлден тұрған бау - бақшаның қасынан ұшып бара жатқан жел бір жағымды жұпар иісті сезеді, Бақшадан аңқып тұрған бұл қандай жұпар иіс?- деген оймен гүлдеп тұрған ағаштың біріне жақындайды, Ағаштың бұтақтарында жайқалып тұрған нәзік гүлдерге таңырқай қарайды, «Неткен ғажап, әдемі еді!»- деп таңданады, Біраз уақыт өткен соң ол тағы сол бақтың қасынан ұшып бара жатып, гүлдерді тамашаламақ болып тоқтатады, Бірақ жұпар иісті нәзік гүлдердің орнына хош иісті алмалардың өсіп тұрғанын көреді, Ол тағы да таңырқап «Айнала қалай өзгерген, мынау бір ғажап екен!»- дейді,
Тәрбиеші балаларға қандай жеміс ағаштарын және қандай жемісті ұнататындарын сұрап, жұмбақ жасырады,

1, Көктемде ақ гүл оранады,
Күзде қолға доп оралады
(алма)
2, Ортасында қызығы,
Бұтағының асығы
(алма)
3, Тіл үйірген дәмі бар
Сары алтын түс сәні бар
Жақсаң егер кептіріп
Сүйегінің дәмі бар
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тілін ал,
(өрік)

Тәрбиеші балаларға Ә, Қастеевтің «Алма ағаштар гүлдеді» шығармасын және «Жазғы бақта» атты суретті көрсетіп, алма ағаштың гүлденгенін, одан жеміс алып бергенін, алманың көлемін түсін, пішіні туралы әңгіме өткізеді,

«Бақ» тақпақ оқып береді,
Бақ ішінде алмалар,
Бар жемісі бағалы
Көрген адам таңданар,
Көздің жауын алады

Сергіту сәті: Алма баққа барайық
Алма теріп алайық
Ең үлкенін дәмдісін
Анамызға сыйлайық

Тәрбиеші балаларға алма ағаштарының гүлденгенін, жеміс беріп тұрған бейнесін жасайтындарын айтып, үлгі бойынша жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіреді,
Саусақ жаттығуы: саусақ арқылы күннің бейнесін ауада дөңгелетіп келтіру, оның шуақтарын сызық арқылы жүргізу, Алмалар өсіп тұрғанын шеңбермен бейнелеп келтіру,
Психо жаттығу: «Мен бәрін жасай аламын»
Балалардың өзіндік жұмысы,
Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Қорытынды: Тәрбиеші балалармен бірге талдау жасайды, «Алма бағы» атты көрмеге балалардың жұмыстарын қояды, Соңында балаларға «Қуанышты хабарлама таратады»
58 406
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алма ертегісі
Алма ертегісі
Ертегі желісі арқылы балалар өз көзқарастарын білдіруге, әңгімелесуге баулу. Эмоцияларын білуге үйрету. Сахналауда кейіпкерлерді дұрыс қолдануды үйрету.
Ағаш және оның бөліктері
Ағаш және оның бөліктері
Балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін одан әрі ояту Табиғатты сүйе білуге, оның бұтақтарын сындырмауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге үйретуді жалғастыру.
Алма бағы
Алма бағы
Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту, күздің ерекшеліктерін, белгілерін атай отырып, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Алма ағашының құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес оның бөліктерін, бір - біріне қатынасын дұрыс бере білуді
Ағаштарға қамқорлық
Ағаштарға қамқорлық
Табиғаттағы тіршілік, көктемгі ағаштар туралы білімдерін кеңейту. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, тілін сөздік қорын молайту. Табиғаттың әсемділігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Қысқа мерзімді жоспар: Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Балаларды бір - бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге және дәстүрден тыс жолдармен орындауға үйрету; саусақпен алмалардың суретін салу. Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×