Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алма бағы

10 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Сурет салу
Апта тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер
Тақырыбы: Алма бағы
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту, күздің ерекшеліктерін, белгілерін атай отырып, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Алма ағашының құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес оның бөліктерін, бір - біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрету. Ағаш бұтақтарын қылқаламның ұшымен жіңішке етіп, жапырақтарын тігінен сүйкей жағу, алманы дөңгелектей бояу тәсілімен салуға жаттықтыру.
Әдіс - тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Қолданатын көрнекілік: Алма бағындағы алмалар көрінісінің суреттері, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Билингвистикалық компонент: алма - яблока

Мотивациялық қозғаушы
Балалар бір - бірімізге қолымызды беріп, алақан арқылы жылулық танытып, жақсы лебіз білдірейік.
- Жарайсыңдар балалар осы жүрегіміздің жылуын үнемі бір - бірімізге сыйлап жүрейік.
Есік қағылып, Күз падишасынан хат келеді.
Күн суып салқындап,
Ағаштар сарғайып, жапырағын төгеді.
Көкөніс, жеміс, жидек піседі.
Қырман мол астыққа толады.
Жел соғып, жиі жаңбыр жауады.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Айтыңдаршы, балаларым бұл көрініс жылдың қай мезгілінде болады?

Ұйымдастырушы
ізденуші - Өте жақсы бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Күз сыйлығы» деп аталады.
Күз падишасының тапсырмаларын орындау.
1 - тапсырма. Күз айларын атаңдар?
2 - тапсырма. Жыл мезгілдерін ата?
- Балалар, біз қазір сурет көрмесіне саяхат жасаймыз. Суреттерге зер салып, дұрыстап қарап алыңдар. Содан соң, кімге қандай сурет ұнағанын әңгімелеп беріңдер.
- Суретте қандай көрініс бейнеленген?
- Күзді неге алтын, жомарт күз деп атайды?
- Неге қараша айын қоңыр күз деп атайды?
- Күз туралы кім тақпақ біледі?
Ал балалар біз суретші болғандықтан мынадай ойын ойнайық. «Бір түсті заттарды ата?»
Сурет көрсетіп, ондағы алма бағындағы ағаштар жайлы сипаттап, алма ағашының құрылысына, ерекшеліктеріне назар аудара отырып, ағаштың бұтақтарын тігінен сүйкей жағу, алманы дөңгелектей бояп салу тәсілдерін көрсетемін. Сурет әдемі, тартымды болу үшін алдымен ойланып сюжет құру, түстерді тиімді пайдалана білу керектігін түсіндіремін.
Сергіту сәті.
Ағаштар шайқалып,
Желменен билейді.
Басылса жел енді,
Тыныштық енеді.
Алма бағы жүктеу
8 343
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі күз!
Берекелі күз!
Балалардың күз туралы түсініктерін молайта отырып, күз мезгілі туралы толық мағлұмат беру. Ойындарда өз күштерін сынап көруге ынталандыру.
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Балаларды бір - бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге және дәстүрден тыс жолдармен орындауға үйрету; саусақпен алмалардың суретін салу. Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Алма ағаш
Алма ағаш
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, 12 балабақша тәрбиешісі: Сартаева Жарқынай
Заттарды  салыстыру
Заттарды салыстыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×