Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Сөздер" патшалығына саяхат

14 шілде 2012, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру cаласы: Қатынас
Тақырыбы: «Сөздер» патшалығына саяхат
Мақсаты: Сөз түрлері – синоним, омоним, антоним сөздер туралы жалпы түсінік беру (аттарын атамай); балалардың сөздік қорларын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету; дұрыс тыныс алуға, дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру; достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтaар, көрнекіліктер: Интерактивті тақта (немесе үлкен экранды теледидар), үш түрлі ертегі бейнеленген слайд (1 үй, үй үстінен шеттері көрініп тұрған көп сөз белгілері; 1 сөз белгісі, екі-үш үй; қатар тұрған екі үй), үнтаспадан тыңдалатын дыбыстар: пойыз бен машинаның жүрген даусы.

Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынтасын оятуға түрткі болатын кезең
Жылулық шеңбері
Кіріспе
Балаларды топтың ойын бұрышына, кілем үстіне жартылай шеңбер құрғызып отырғызып, хабарлайды:
–Бүгін біз «Сөздер» патшалығына саяхатқа барамыз. Ол патшалық алыста, сол себепті біз ол жаққа көлікпен барайық. Айтып жіберіңдерші, қандай көлік түрлері бар еді?
–Біз ең алдымен пойызға отырамыз. Ал, Жанат апай бізді шығарып салып тұр, апайға не деуіміз керек?
–Сау болыңдар, жолдарың болсын, –деп екінші тәрбиеші, немесе тәрбиешінің көмекшісі ойын бұрышында қалады.

Ойын бұрышында отырып тәрбиешінің хабарламасын тыңдайды.
Жанат апайға «Сау болыңыз» дейді.
Ұйымдастыру - іздену кезеңі

Жаңа тақырып
Үнтаспадан пойыздың жүрген даусы ойналады. Балаларды бір-бірінің белінен ұстатып тіркесіп жүргізіп партаға отырғызады.
–Біз «Сөздер» патшалығына жақын қалдық, енді ары қарай машинамен жүрейік.
Үнтаспадан машинаның жүрген даусы ойналады. Балаларға қалаулары бойынша кейбіреуі машина айдағандай, кейбіреуі машинада отырғандай қимылдар жасау керектігін түсіндіреді.
1-аялдама: (синоним сөздер)

Интерактивті тақтадан бір үйі бар ертегі бейнесі көрінеді.
–Міне, «Сөздер» патшалығына да келіп жеттік. Жақсылап қараңдаршы, бұл патшалық қандай екен? Не көріп тұрсыңдар?
Сурет бойынша үш-төрт баланы сөйлету.
–Патшалықтың бұл бөлігінде өте тату сөздер өмір сүреді. Олардың татулығы сондай, тіпті төрт-бес сөз бірігіп бір үйде тұра береді екен. Мына үйде қандай сөздердің тұратынын көрейікші.

Үйден төрт сөз белгісін алып шығады. Әр сөзді көрсете отырып, оның қандай сөз екенін айтады:
–«Әдемі, сұлу, сүйкімді, ажарлы». Естідіңдер ме, бұл сөздердің мағынасы бір-біріне ұқсас екен, бәлкім олар сол себепті тату шығар.
Дидактикалық ойын «Тату сөздер»
–Келіңдер, біз де бір үйде тұратын тату сөздерге айналайық. Мен «мейірімді» деген сөзбін, Жәнібек сен қандай сөзсің?
Осы ретпен көмектесе отырып балаларға синоним сөздерді айтқызу.
Дәптермен жұмыс

–Енді дәптерді ашып, мына суретке қараңдар. «Балмұздақ қандай?» деген сұраққа әртүрлі үш сөзбен жауап беріп көріңдерші.
Балалардың жауабын тыңдау, мадақтау.
–Жүріңдер, машинамызға отырып, патшалықты аралауды жалғастырайық.
Сергіту сәті «Машина айдаймын»
(жоғарыда көрсетілгендей)
2-аялдама: (омоним сөздер)

Интерактивті тақтадан бір сөз белгісі және екі, үш үй бар ертегі бейнесі көрінеді.
–Бұл жердегі сөздер өте пысық, олардың әрқайсысының екі-үш үйі бар. Мысалы, мына «ара» деген сөздің екі үйі бар: бір үйіне кірсе ағаш кесетін араға айналып, ағаштарды аралай бастайды. Ал, екінші үйіне кірсе ұшатын араға айналып, гүлдерден бал жинауға кіріседі.
Әр үй туралы айтқанда сол үйден сәйкес суретті шығарады.
–Көп жұмыс істегендіктен де олардың үйлері көп екен. Келіңдер, еңбек етуді біз осы сөздерден үйренейік.
Тыныс алу жаттығулары «Ара»
Өлең жолдарын тәрбиеші айтады, балаларға мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем шығару кезінде /ж/ мен /з/ дыбыстарын созып айту керектігін түсіндіреді. Қолдарымен қимылдарын келтіруге болады.
1.Еңбек бізге жарасты,

Аралаймыз ағашты.
-ж-ж-ж-ж-
2.Ағайынды аралармыз,
Еңбек үшін жаралғанбыз.
-з-з-з-з-з-
Дәптермен жұмыс
–Дәптердегі «Қарлығаш» деген сөздің қанша үйі бар екен? Әр үйге кірген сайын ол сөз не істейді?
Балалардың пікірін тыңдау, сөйлету.
Дидактикалық ойын «Пысық сөздер»
–Келіңдер, біз де пысық сөздерге айналып көрейік.
Балаларды ойлануға жетелеу, пікірін айтқан баланы мадақтау. («түс, жұлдыз, қой, бас, т.б.» сөздерді пайдалануға болады)
– Машинамызға отырып, патшалықты аралауды жалғастырайық.
Сергіту сәті «Машина айдаймын»

(жоғарыда көрсетілгендей)
3-аялдама: (антоним сөздер)
Интерактивті тақтадан қатар тұрған екі үйі бар ертегі бейнесі көрінеді.
–Ал, бұл жерде мүлде басқаша сөздер тұратын көрінеді. Екі сөз көрші тұрса да бірін-бірі жақтырмайды екен. Олар ылғи да бір-біріне керісінше сөйлейді. Біреуі «жақсы» десе, екіншісі «жаман» дейді. (ақ-қара, ұзын-қысқа, т.б.)
Дәптермен жұмыс

–Дәптердің төменгі жағында берілген суреттерге назар аударыңдар.
Сурет бойынша екі-үш баланы сөйлету.
Дидактикалық ойын «Араз сөздер»
–Біз де біраз уақытқа араз сөздерге айналайық.
Қатар отырған көрші балаларды бір-біріне арқаларын беріп отырғызып, антоним сөздер ойлату. Дұрыс жауап берген балаларды мадақтау.
–Қалай ойлайсыңдар, көршімен араз болу жақсы ма? Неге олай ойлайсыңдар?
Балалардың пікірін тыңдау, достыққа, татулыққа жетелеу.

Бір-біріне тіркесіп, пойыздың жүргенін келтіреді.
Машина айдағандай қимылдар жасайды.
Интерактивті тақтадағы суреттерді тамашалайды.
–Бұл жер әдемі екен. Бір үй көрініп тұр.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
–Мен «қайырымды» деген сөзбін. т.б.
Дәптердегі балмұздақтың суретіне қарап, «қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді ойлап, айтады:
–Балмұздақ тәтті, суық, ақ (түрлі-түсті).
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Тәрбиеші өлең жолдарын оқып болған соң балалар мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем шығару кезінде /ж/, /з/ дыбыстарын созып айтады.
–«Қарлығаш» деген сөздің екі үйі бар. Бір үйіне кіргенде құс болып ұшады, екінші үйіне кіргенде Қарлығаш деген қыз болып жұмыс істейді.
Басқа да омоним сөздерді ойластырады.
Антоним сөздер туралы тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Сурет бойынша антоним сөздерді айтады:
–Үлкен - кішкентай, аз –к өп.
Қатар отырған балалар бір-біріне арқаларын беріп отырып антоним сөздерді ойлап, айтады.

Көршімен араз болудың жаман екенін айтады.
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау
Қорыту
–«Сөздер» патшалығы өте үлкен, оны бір күнде аралап біту мүмкін емес. Бүгін біз біраз бөлігін ғана аралап біттік, енді пойызға отырып өз тобымызға қайтайық.
Үнтаспадан пойыздың жүрген даусы ойналады. Ойын бұрышына пойыздың жүрісін салып тіркесіп келген балаларды Жанат апай қарсы алып, не көргендерін сұрайды. Балалар елестету арқылы кезегімен көрген-білгендерін, сөз түрлерін айтып береді.
Тәрбиеші балаларды мадақтап, сабақты аяқтайды.
Музыка әуенімен балалар бір-бірінің белінен ұстап, тіркесіп жүріп ойын бұрышына, кілем үстіне келіп отырады.
Жанат апайға көрген-білгендерін айту арқылы сабақта не өткендерін қайталайды.

Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Сөйлеу барысында синоним, омоним, антоним сөздерді дұрыс қолдана білу.
Түсіне білуі: Мағынасы, айтылуы жағынан сөздердің әртүрлі болатынын.
Айта білуі: Берілген сөздерге ұқсас сөздер ойлап айта білу. Дұрыс тыныс алып, /з/, /ж/ дыбыстарын анық айту.
12 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Балабақша
Балабақша
Өткен жылғы сөздерді еске түсіру, жаңа сөздер үйрету; қазақ тіліне тән дыбыстарды (і, ө) дұрыс айтуға жаттықтыру; тіл үйренуге деген қызығушылықтарын ояту.
Сөздер патшалығына саяхат
Сөздер патшалығына саяхат
Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, жазуға қолдарын жаттықтыру, әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Мәндес сөздер. Қарама - қарсы сөздер. Әр түрлі мағыналы сөздер
Мәндес сөздер. Қарама - қарсы сөздер. Әр түрлі мағыналы сөздер
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
Paint патшалығына саяхат
Paint патшалығына саяхат
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу орталау мектебінің информатика пәні мұғалімі Симтикбаева Алмагуль Ташмамбетқызы
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×