Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөздер патшалығына саяхат

07 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сөздер патшалығына саяхат
Тобы: «Ақбота» ересек тобы.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Сауат ашу және жазу негіздері»
Мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, жазуға қолдарын жаттықтыру, әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өткен оқу іс - әрекеттеріндегі әріптері бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - біріне ажыратуға, сөздерді буынға бөлуге, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ғажайып сәт, әріптер, суреттер, әуенді кесте.
Методикалық әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, мадақтау.
Билингвалды компонент: шегіртке - кузнечик, құмырсқа - муравей, ара - пчела, шыбын - муха, маса - комар.

Мотивациялық қозғаушы
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетімізге келген қонақтармен амандасып алайық.
- Балалар, оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын, шеңберге тұрып, бір - бірімізге есімдеріміздің бас әріпінен бастап, жүрекше арқылы, жылы лебізімізді білдіріп, көтеріңкі көңіл - күй сыйлайықшы.

Іздену ұйымдастырушы
- Балалар, өткен оқу іс – әрекетіміздегі әріптер мен дыбыстарды есімізге түсірейікші.
- Алдымыздағы айнаға қарап, дыбыстың шығу жолдарында есімізге түсірейік.
- Өткен әріптерге тоқталып өту.
- Енді, балалар әуенді кестеден кім көрсетеді.
- Ғажайып сәт:
Ханшайым келеді (тәрбиеленуші Айлен)
- Сәлеметсіңдер ме балалар бұл ересек тобы ма? Мен дыбыстар әлемінен келіп тұрмын. Бізде көптеген әріптер бар. Сол әріптер бір жерде тұра алмаған соң дауысты және дауыссыз болып екіге бөлініп кетті. Балалар дауысты және дауыссызды ажырату үшін дауыстыға қызыл көйлек, дауыссызға көк көйлек, кигізіп ажыратқан екен.
- Мен сендерге әріптер мен дыбыстардан құралған сөздер туралы көптеген тапсырмалар әкелдім. Тапсырмалар орындасаңдар сыйлықтарым бар. Мен сендермен қоштасайын, сыйлықтарды да, тапсырмаларды да апайларыңа беріп кетейін. Сау болыңдар балалар!
- Ханшайым қош айтысып кетеді.
- Ал, балалар, тапсырмасын көрейік.

1 - тапсырма. «Ханшайым қоржыны»
Билингвалды компонент: шегіртке – кузнечик, көбелек – бабочка, құмырысқа – муравей, ара – пчела, шыбын – муха, инелік – стрекоза, маса – комар.

2 - тапсырма. Сөздерді буынға бөлу.
Мысалы: қызыл – қоңыз, түйе, қой.

3 – тапсырма. Екі буынды сөздерді екі терезеге, үш буынды сөздерді үш терезеге орнату.

4 – тапсырма. М дыбысы мен Е дыбысынан келетін сөздерге сызып жеткізу.

- Ал, балалар тақтаға кім шығады?
Балалар шаршап кетсек сергіту сәтін
жасап жіберейік.
- Экраннан көрсетіледі.

5 – тапсырма. Өткен әріптерден құрап, тақтаға сөздер жазу.
Аман, анар, қора, бор

Дидактикалық ойын. Ребус шешу: ҚОЛШАТЫР, Айгул, Құндызай,
Ернар, Тасбақа.

6 - тапсырма. «Сәйкесін тап» д/о

Қорыту, рефлексия
Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық?
- Балалар, бізге қонаққа кім келді?
- Жарайсыңдар балалар, осымен бүгінгі оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз, кәні келген апайлармен қоштасайық
Рахмет айтып сіздерге
Күлкімізді сыйлайық
Көріскенше күн жақсы
Аман - есен болайық

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Дыбыстар мен әріптер, әуенді кестеден әріптерді тауып алуы.
Қандай түсініктерді игереді: Сөздерді буынға бөлуді, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін.
Меңгереді: Тапсырмаларды орындау арқылы сұрақтарға тез, нақты жауап бере алады.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасы
Тәрбиеші: Аблаева Венера

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 539
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Сиқырлы әріптер еліне саяхат
Сиқырлы әріптер еліне саяхат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Махамбетова Жадыра
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×