Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

07 маусым 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Денсаулық: Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлттық ойын арқылы балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын жетілдіру.
2. Ұлттық ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа тапқырлыққа баули тәрбиелеу.
3. Ойын арқылы салт - дәстүрді түсініп қастерлеуге ұлттық құндылықтарды білуге үйрету.
Әдіс – тәсілдер: Ойын, көрсету, әңгімелеу
Керекті құралдар: Бала санына қарай қамшы, теңге, арқан, тақия.

Сабақтың барысы: Шаттық шеңбер құрады.
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз!

1 - бөлім:
Қатармен сап түзеп жүру, аяқтың ұшымен жүру, жәй жүру, өкшемен жүру, жәй жүру, атпен шауып жүру бір қатарға тұру.
1 - 2 санын санау, 2 қатар сапқа тұру.

2 Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығуы (қамшымен)
1. Б. қ: Қамшы төменде, алдында, жоғарыда (6 рет )
2. Б. қ.: Аяқ сәл алшақ қамшы жоғарыда оңға және солға иілу (6 рет)
3. Б. қ.: Домбыра тартып отырып - тұру (6 рет )
4. Б. қ.: Қамшыны алдына қойып бір орында секіру (10 рет )
5. Б. қ.: Қамшы жоғарыда, бір қол алдында, желіп тұру (6 рет )
6. Б. қ.: Қамшы алдында атпен алдыға, артқа желу (6 рет )
3 - бөлім: Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.

4 - бөлім:
Жаттықтырушы: Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер!
Қазақтың ұлттық ойындары ата бабамыздан бізге жеткен, өткені ол бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Ендеше балалар бірнеше ұлттық ойын ойнап жаттығайық.

1. «Тақия тастамақ»
Балалар дөңгелек болып отырады. Бір бала
жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастыру керек.

2. « Теңге алу» Екі бала жарысып теңге алу керек.

3. « Арқан тарту» Балалар тең 2 - ге бөлініп арқан тартып күш сынасады.

5 бөлім: Қорытындылау.
Жаттықтырушы:
Балалар енді бір қатарға тұрамыз.
Бүгінгі спорттық іс - әрекетке барлығыңызда да өте жақсы қатыстыңыздар.
Қазір мына үстел үстіндегі жасырынған суреттерді бір - бірлеп алып ұлттық ойынның атауларын тауып атап береміз. Ұлттық ойындардың атауларын нақ дәл тауып және өте тамаша ойнадыңыздар.
Оқу іс – әрекетке жақсы қатынастыңдар, сабақ аяқталды сау болайық!
23 439
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
Допты екі қолмен кеудеден беру техникасымен таныстыру; допты алып жүру техникасын үйрету; айып добын бір қолмен иықтан тастау техникасын жетілдіру.
Қол добы ойын техникасы
Қол добы ойын техникасы
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Даулетов Саламат
Көңілді саяхат
Көңілді саяхат
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» МҚКҚ балабақшасының тәрбиешісі Феруза Каленова Ильяқызы
Шынығамыз, шыңдаламыз!
Шынығамыз, шыңдаламыз!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасының дене тәрбиесі жетекшісі Түменбаева Айман
Саппен жүгіру
Саппен жүгіру
ШҚО, Шүлбі орта мектеп –кешені дене шынықтыру пәні мұғалімі Тлеубаев Ғ.М.
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі № 12 балабақша тәрбиешісі Еламанова Мырзагүл Әбутәліпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×