Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шынығамыз, шыңдаламыз!

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Бірінің артынан бірі сап түзеп жүріп келе жатып жүру, секіру, жүгіру түрлерін орындай білуге үйретуді жалғастыру. Жаттығулардың жасалу техникасын түсіндіре отырып, берілген жан - жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы, дәлме - дәл орындай білуге, орындау кезінде денені әрқашанда түзу ұстап, сергек те жинақы, белсенді бола білуге үйрету.

Дене бітімінің дұрыс дамып қалыптасуына назар аудара отырып, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, қимыл үйлесімділігін сезіне білуін дамыту, жаттығу кезінде денені түзу, тік ұстай білуге дағдыландыру. Қол, иық, аяқ, табан, бұлшық еттерін жетілдіру.
Берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге тәрбиелеу, тиянақтылыққа, жинақылыққа, шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: Доп, екі түсті жалаушалар, арқандар, құрсаулар
Әдіс - тәсілі: көрсете отырып түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, мадақтау
Ойындар: Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап», Аз қимылды ойын: «Жер, су, ауа.
Балалар сап түзеп әуен ырғағымен залды айнала жүреді, түзу қолды жанынан жоғары көтеріп жүру; шапалақтау, түсіру; қолды артқа сермеу, алға, артқа айналдыру; қолды белге қойып аяқ ұшымен жүру; қолды желкеге қойып өкшемен жүру; қолды белге қойып тізені бүгіп жүру; теріс қарап жүру;

Секіру: қолды белге қойып бір жанымен секіру; оң және сол аяқты кезек көтеріп билеп секіру;
Жүгіру: қолды кеуде тұсқа ұстап жәй жүгіру; аяқты артқа лақтырып жүгіру; тізені көтеріп жүгіру; жәй жүгіру; жүру; жүріп келе жатып арқанды алу;
Бір қатардан 4 қатарға бөлініп тұру, жан - жақты дамытатын жаттығулар:
1. Қалыпты жағдай, аяқ бірге арқан төменде
1 - басты оңға ию, 2 - қалыпты жағдай, 3 - солға ию, 4 - қалыпты жағдай;
1 - басты оңға бұру, 2 - қалыпты жағдай, 3 - солға бұру, 4 - қалыпты жағдай;
1 - жоғарыға қарау, 2 - қалыпты жағдай, 3 - төменге қарау, 4 - қалыпты жағдай;
2 рет қайталау

2. Қалыпты жағдай, аяқ бірге, арқан төменде
1 - арқанды алға ұстау, 2 - жоғарыға көтеру, 3 - алға, 4 - қалыпты жағдай
4 рет қайталау

3. Қалыпты жағдай, аяқ алшақ, арқан жоғарыда
1 - оң жаққа иілу, 2 - қалыпты жағдай, 3 - сол жаққа иілу, 4 - қалыпты жағдай
4 рет қайталау

4. Қалыпты жағдай, аяқ алшақ арқанды алға ұстау
1 - арқанмен бірге оңға бұрылу, 2 - қалыпты жағдай, 3 - солға бұрылу, 4 - қалыпты жағдай
4 рет қайталау

5. Қалыпты жағдай, аяқ алшақ, арқан жоғарыда
1 - тізені бүкпей арқанды жерге қою, 2 - қол белде, аяқ алшақ тұру, 3 - тізені бүкпей арқанды алу, 4 - қалыпты жағдай
4 рет қайталау

6. Қалыпты жағдай, арқанды жерге дөңгелек формасында орналастыру, оң жағына қарай жүрелей отыру, тізені қолмен ұстау
Дөңгелек формадағы арқанды тізені ұстаған күйі жүрелей жүріп 2 - рет айналу, 2 - рет арқанды айналып жүру
2 рет қайталау
7. Қалыпты жағдай, арқан төменде, аяқ бірге 1, 3 - арқанды жоғары көтеріп, бір мезгілді аяқты алшақ қою, 2, 4 - қалыпты жағдай
Жүрумен алмастыра 8 - 10 рет секіру
4 қатардан 1 қатарға түсіп жүру, арқанды тапсыру
Тізбектеле тұрып, 1 - 2 саналып екі топқа бөліну
Екі топ кезектесіп, екі негізгі қимылды орындайды
Негізгі қимылдар: Басына құм салынған қалташаны қойып, арқан үстімен табанды түгел тигізе отырып тепе - теңдік сақтап жүру
Доға астымен жерді ұстамай бір қырындап өту
Ойындар:
1. «Өз жұбыңды тап»
Ойын шарты: Балаларға екі түсті жалауша таратылады, әр бала бір жалаушадан, музыка ойналады, балалар алаңда жүгіреді, музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады, жеке жұпсыз қалған балаға қарап ойыншылар:
Перизат, Перизат
Аузыңды ашып құр қалма
Серігіңді тез таңда, - дейді
Ескерту: Жүгірген кезде балалар жалаушаларды жоғары ұстауы тиіс. Бірінші жұп қайталанбауы керек.

2. «Жер, су, ауа»
Ойын шарты: Дөңгелене тұрған балаларға бастаушы допты лақтырып жіберіп,»жер» десе жануардың, жәндіктердің атын атауы керек, «су» десе балық, «ауа» десе құс атын атауы керек. Жауаптан шатасқан бала айыбын өтейді.
Ескерту: допты ұстап кідіртуге болмайды, жауабын айтып қайта тез лақтыруы шарт.
Қорытынды.
Ойыннан соң балалар сап түзеп залдан шығады
38 998
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама  «Шынықсаң шымыр боласың»
Баяндама «Шынықсаң шымыр боласың»
Дене тәрбиесі балалардың ақыл – ойын, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек шат көңілді және белсенді болуына ықпал етеді. Біздің топта дене тәрбиесі сабағы аптасына екі рет өткізіледі.
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Гандбол ойынының элементтерін меңгеру. Иық, қол бұлшық еттерінің қимылдарын дамыту.
Кіші ағаш аттан секіру. Аяқты ашып, бүгіп секірулерді дамыту
Кіші ағаш аттан секіру. Аяқты ашып, бүгіп секірулерді дамыту
Денсаулықты жан-жақты нығайтуға және үйлесімді дене дамуына көмектесу, дене мүсінін дұрыс қалыптастыру; Қуат-күшін, икемділігін, төзімділігі мен табандылығын арттыруға көңіл бөлу;
Акробатикалық жаттығулар
Акробатикалық жаттығулар
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі: Байділдаева Н. К
«Шынықсаң шымыр боласың» Халықтық педагогика тәрбие құралы
«Шынықсаң шымыр боласың» Халықтық педагогика тәрбие құралы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима
Гимнастика саптық жаттығулар
Гимнастика саптық жаттығулар
БҚО Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Калмияров Жансерік Қайратұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×