Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көп аз тең. Сүйікті ойыншақтар

08 шілде 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға қоршаған ортада көп затпен, бір затты табуға үйрету.
Дамытушылығы: Заттар көлемі пішіні түсі бойынша, бір немесе бірнеше болатының туралы түсінік беру.
Тәрбиелігі: Тату ойнауға, ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ойыншықтар, қолдан жасалған ойыншық қуыршақтар, түрлі - түсті қарындаштар, қағаз.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, тақпақтар, сұрақ - жауап, ойын.
Билингвалды компонент: көп - много, аз - мало, ойыншықтар - игрушки, қуыршақ - кукла.
Шаттық шеңбері
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті ойнайды.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлайды.
- Балалар қимылмен көрсетіп орындайды
Балалар қараңдаршы қандай керемет ойыншықтар, олай болса кәне ойыншықтармен сырласайық.
Қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар, айтыңдаршы. Осы ойыншықтарды санап, суретін салып салыстырайық.
Ғажайып сәт:
Қоян келеді балалармен амандасады.
Менде көп сәбіз бар деп бір сәбізді көрсетеді.
Жоқ қоян сенде көп сәбіз емес аз себебі қоянда неше сәбіз бар?
Дұрыс айтасыңдар!
Қоян мен санауды да көп аз ұғымында білмеймін сендер
маған көмектесесіңдер ме? - көмектесеміз бе?
Балалар орталыққа бөлініп отырып жұмыстанамыз. “Шығармашылық” орталығында “доптың” суретің салады.” Педагог балаларға доптарды көрсетіп, олардың көлемі және түсі әртүрлі болатынына зейіндерін аудартады.
- Мынау үлкен, ал мынау қандай?- Мынау қызыл түсті доп, ал мына доптың түсі қандай?- Міне, балалар доптардың көлемі, түсі әртүрлі болады екен. Қане, ендеше доптардың суретін салып көрейік.“Таным” орталығында балалар қоянға көмектеседі.
Ендеше балалар қоянға мына сәбіздерді ойыншық қуыршақтарды санау арқылы көп, аз ұғымын түсіндірейік.
Монтессори әдіс - тәсілің қолдану. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында ойын:
“Қуыршақты киіндірейік”
Педагог әр балаға қолдан жасалған қуыршақтарды қолдарына береді.
Мақсаты: Қуыршақтарға көмектесіп дұрыстап киіндіру.
Сергіту сәтің екі орталықпен бірге өткіземін.

Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды
Сергіту сәті:
Қайда екен қолымыз?
Оңымыз бен солымыз.
Білеміз бе оны біз?
Міне, оң мен солымыз,
Міне, алақай, қолымыз.
Қол соғайық, бір, екі.
Ал санайық, бір, екі
Топылдатып билейтін
Аяғымыз қайда екен?
Міне, аяқ, алақай,
Бір, екі деп басайық,
Тез, тез адым жасайық.
Еститұғын сиқырды,
Айқай - шуды, тықырды,
Құлағымыз қайда екен?
Міне, алақай, сақ құлақ,
Бәрін естір жақсылап,
Құлағымыз сақ құлақ.
Балалар кәне орталықпен ауысып отырайық.
Дидактикалық ойын:
“Алма” мен “алмұрт” ағашын салыстыру.
Ойын: “Біреу” және “көп” дидактикалық ойын ұйымдастырылады.
Мақсаты:”Біреу және көп”ұғымын ажырата алуға үйрету.
Мысалы: Біздің топта қанша бала бар?
Ал менің қолымдағы доп нешеу?
Доптың пішіні қандай?
Алманың пішіні қандай?
Алмұртың пішіні қандай?
Ал қояның қолындағы сәбіз көп па аз ба?
Дұрыс айтасыңдар!
Жарайсыңдар
Мінекей, балалар, біз тапсырманы ойнап жүріп, ойладық, көңіл көтердік көп, аз, тең заттарды айыра білдік. Пішіндерді ажыраттық “Шығармашылық” орталығында доп салдық қоянға көмектестік рахмет балалар мен сендерге ризамын сендер өте білімді балалар екенсіңдер. Кәне балалар тақпақ айтып оқу іс - әрекетімізді аяқтайық. Қазір балалар серуенге шығып доппен ойын ойнаймыз.
11 420
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойыншықтарды мейірімділікпен және ұқыпты қарауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Менің добым
Менің добым
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Ойыншықтар
Ойыншықтар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Искакова Жаңагүл Әбдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×