Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің ойыншықтарым

19 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойыншықтарды мейірімділікпен және ұқыпты қарауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әртүрлі ойыншықтар.
Билингвальды құрағыш: Ойыншық – игрушка

Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіздер ме балалар. Қайырлы таң. Бүгінгі күніміз көңілді, шуақты, cәтті өтсін.
Шаттық шеңбер:
Кішіге де сіз
Үлкенге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Ойыншықпенен денеміз
Шынығамыз, өсеміз
Жылдан - жылға
Бір жылға
Үлкен болып өсеміз
- Балалар айтыңыздаршы қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Үш айдан тұрады.
- Аттарын атайықшы.
- Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? Ауа - райы қандай болады?
- Қыс мезгілінде күн суық, аяз, боран, көк тайғақ болады, арасында қар жауады.
- Өте жақсы балалар.
- Ал енді балалар бос уақыттарыңызда не істейсіңдер үйде, балабақшада?
- Ойнаймыз.
- Немен ойнайсыңдар?
- Ойыншықтармен.
- Ия, дұрыс.
- Балалар қараңдаршы қандай әдемі, әсем ойыншықтар. Біз бүгін осы ойыншықтар туралы әңгімелейміз.
- Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар көптеген үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады. Ойыншықтарды пластмассадан, резиннен, матадан, ағаштан, темірден жасайды. Ойыншықтар жұмсақ, қатты, былқылдақ болады.
Ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстау керек. Оларды жұлып, бөлшектеп, сындыруға болмайды. Ойнап болғасын жинап қою керек, кірлесе жуу керек.
(Бейне көріністе ойыншықтарды тамашалайды)
Ал енді балалар сүйікті ойыншығымызды қолымызға алып, тақпақ айтайық.
Балалардың тақпақтары:
Мансур
Ойыншықтарым көп менің
Бәрін жақсы көремін
Кешке дейін жалықпай
Бірге ойнап жүремін
Айдана
Ойыншығым қонжығым
Анасын да білмейді
Қарбаңдаған аюды
Түсіндеде көрмейді
Іңкәр
Ойыншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді
Еркелігі соншама
Көтермесем жүрмейді
Айбекқызы Айару
Ойыншығым көжегім
Қорықпайды, қашпайды
Тәтті сәбіз ұсынсам
Ұстай алмай тастайды
Абыл Айару
Добым, добым домалақ
Шаршамайсың домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың
Шапағат
Үлкен болып өскенде
Машина алам менде
Бірақ ол үшін әлде де
Оқу керек әрине.

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің

Ойын: «Артық затты тап»; «Жартысын тап»
- Өте жақсы балалар. Бүгінгі оқу - қызметімізге бәріңізде жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар!
- Енді бәріміз бірге өлең айтайықшы!

Ән. «Ойыншықтар»
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Әмір беріп бұйырсақ
Қуыршақтар ұйықтайды
Айтқаныңнан шықпайды
Ал қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды
Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса
Тұрғызамын бұрышқа
- Бүгінгі ұйымдастырған оқу - қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі:
Бекжанова Майра

Менің ойыншықтарым. жүктеу
15 210
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау.
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×