Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Жаңа жыл!

19 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балаларды келе жатқан жылқы жылымен таныстыру.
Балалардың өлең, тақпақтар айту арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу грамматикасын дамыту.
Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Зал іші әсем бейнеленген. Жасыл шырша, аппақ қарлар, әдемі ойыншықтар.

Армысыздар, құрметті қонақтар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Сіздерді келе жатқан жаңа жылқы жылымен құттықтаймыз!
Жаңа - жыл жақсылық, бақыт әкелсін!
Жаңа - жыл бірлік - береке берсін елімізге!
Береке - ырыс келсін жерімізге!
«Жылқы» жылын кең пейілмен қарсы алайық,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге!- деп «Ақжелкен» тобының жаңа - жылдық мерекесін ашық деп жариялаймыз!!!

Жүргізуші:
Қараңдаршы балалар,
Ортада міне шырша бар.
Сылдырлаған моншағы,
Шыршамыздың мол шамы.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Бәріміз шыршамызды айна тұрып «Шырша жыры» әнін айтайықшы.

Жүргізуші:
Балалар, сендер байқадыңдар ма, бізбен бірге ортамызда ескі жыл «Жылан» жылы жүр екен, өтіп бара жатқан жылан жылының бізге айтары бар екен.
Ескі жыл:
Менің жылым жаман болған жоқ, сендер жаңадан өлең айтуды, би билеуді үйрендіңдер.
Бір жыл бойы сендермен,
Бірге жүрдім, ойнадым.
Енді міне балалар,
Кезек келді қоштасар.
Жаңа «Жылқы» жылын тосып жүрмін, Жылқы жылына жылды тапсырайын деп. Балалар, жылқы кешігіп жатыр ғой.
Мыстан кемпір:
Ааа, сендер менсіз жаңа - жылды тойлағалы жатырсыңдар ма? Жаңа Жылқы жылдарың келмейді, өйткені мен оны сандыққа салып сиқырлап тастадым.

Жүргізуші:
Кешіріңіз мыстан кемпір, сізге шақырту бармай қалған ғой.
Ескі жыл:
Мыстан кемпір бір кінәмізді кешіріңіз, Жаңа - жылды тапсырайын деп едім, бүлдіршіндер де асыға күтіп тұр.
Мыстан кемпір:
Жоқ, ылғи мені ғана ұмытады екенсіңдер, кешірмеймін.
Ескі жыл:
Бір кінәмізді кешіріп, мына сыйлықты ескі жылдан ескерткіш ретінде қабылда, арнайы саған сақтағанмын.
Мыстан кемпір сыйлыққа алданады.

Жүргізуші:
Мыстан кемпір, жаңа - жылды босатшы. Балалар күтіп қалды.
Мыстан кемпір:
Ескі жылдың сыйлығы болмағанда жаңа - жылды босатпаушы едім - деп жаңа - жылды босатады.
Жаңа - жыл:
Рахмет, саған ескі жыл, сенің сыйлығың болмағанда балаларға келе алмаушы едім.

Жүргізуші:
Келді міне жаңа - жыл.
Тілегін елдің арқалап.
Құт дарытар дара жыл,
Осы жыл шығар мархаббат!
Амансың ба, жаңа - жыл,
Қадамыңа гүл бітсін.
Әкелдің бе жаңа - жыр,
Заманыңа нұр бітсін!
Жаңа - жыл:
Мен жаңа - жылмын,
Мен жаңа - нұрмын.
Нұрымды да себейін,
Жырымды да төгейін.
Жүргізуші: Жаңа - жыл сен бізге не әкелдің?
Жаңа - жыл:
Мен өзіммен бірге жақсылық әкелдім. Әрбір отбасына бақыт, еліме бейбітшілік, тыныштық сыйлауға келдім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 729
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Келе жатыр Жаңа жыл!
Келе жатыр Жаңа жыл!
Қане, құрбыларым келіңдер, Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, Ән жырларды төгіңдер.
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Қош, келдің жаңа жыл!
Қош, келдің жаңа жыл!
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, МКҚК №18 балабақша тәрбиешісі Рустемханова Айгерим Сериковна
Келді міне, жаңа жыл
Келді міне, жаңа жыл
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Раиса Мадиярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×