Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарқыра шырша

11 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жарқыра шырша
ІІ кіші топтарға арналған «Жарқыра шырша» жаңа жылдық сценарий
Кейіпкерлер: Қыс, Аққала, Ақ қоян, Ақшақар, Аяз ата.

Музыка залына балаларды ерітіп тәрбиеші кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Қане, қане балалар
Бәрің бермен қараңдар
Шырша қандай әдемі
Сәлеметсіңбе жасыл шырша

Тәрбиеші: Балалар шырша туралы қандай тақпақ білесіңдер
1) Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

2) Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған

(балаларды орындарына отырғызу)

Тәрбиеші: балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты құлақ түрелік кім екен.

Әуен ырғағымен қыс келеді
Қыс: Ау, жарандар, ал жарандар
Жауып тұр қар себелеп,
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Сәлеметсіздер ме балалар?

Балалар: сәлеметсіз бе қыс мезгілі

Қыс: Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Тәрбиеші: Қош келдің қыс мезгілі. Бізбен бірге шырша шамын жағуға шақырамын.

Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген
Шырша шамы жан, жан 3 рет қайталау.

Тәрбиеші: Қыс мезгілі біздің балаларымыздың шыршаға арналған «Кішкентай шыршамыз» әнін бірге айтуға шақырамын.
ӘН: КІШКЕНТАЙ ШЫРШАМЫЗ (ШЫРШАНЫ АЙНАЛА)

Қыс: Ал балалар мен барып басқа балалардың шырша шамын жағайын. (әуенмен шығып кетеді)
(балаларды орындарына отырғызу)

Жарқыра шырша жүктеу
3 060
0
  • 0
0 дауыс
Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен тәрбиеші кіреді.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
"Қош келдің Жаңа жыл!"
"Қош келдің Жаңа жыл!"
Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Жасыл шырша ортада
Жасыл шырша ортада
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №234 Ж. Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық жетекшісі Смағұл Гүлжан
Келді міне, Жаңа Жыл
Келді міне, Жаңа Жыл
Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Жасыл шырша төгілген алдымызда, Қош келдіңіз көрермен шыршамызға. Аман болсын отбасыңыз деп алайын, Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×