Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика – ертегілер әлемінде

08 наурыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Таным» «Қатынас».
Бөлімі: Математика. Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Математика – ертегілер әлемінде»
Мақсаты: Театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажырату, пішіндерді, сандарды тануға, кеңістікті бағдарлауға үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ертегі кейіпкерлері, үйшік, геометриялық пішіндер, сандар.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, жеке жұмыс, ойын.
Билингвистикалық компоненттер: Ертегі – сказка, үйшік – домик.

Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанады достарым
Арайлап атқан күнге
Сәлем достар!
- Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
- Ертегі туралы ән білесіңдер ме? Олай болса «Ертегілер» деген ән тыңдайық.

Ендеше бәріміз ертегілер әлеміне саяхаттайық.
- Орман ішінен ненің дыбыстары естіледі?
- Біздер ертегі кейіпкерлеріне кездестік, нені көріп тұрсыңдар? Қай ертегі деп ойлайсыңдар?
- Неше аю отыр санайықшы?
- Аюлардың бәрі бірдей ма?
- Үлкен аюды кім көрсетеді?
- Ең кішкентай аюды кім көрсетеді?
- Аюлардың орындығына кім отырды?
- Машаға кандай ыдыспен тамақ ішкен ұнады?
- Үлкен аюдың алдында қандай тостақан тұр?
- Орташа аюдың алдында қандай тостақан тұр?
- Неше төсек бар екен?
- Нурислам, кішкентай аюды өз төсегіне жатқызшы
- Әбухалиф, үлкен төсекке кім жатады?
- Маша қай төсекте ұйықтағанды ұнатты?

- Балалар саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық
- Алдымыздағы кейіпкерлер қай ертегіден деп ойлайсыңдар?
- Шалқан қандай болып өсіпті?
- Шалқанды кім тартып тұр?
- Қыз кімнің артында тұр?
- Қыздың алдында кім тұр?
- Қыздың артында не тұр?
- Күшіктің алдында кім тұр?
- Неше жануар бар?
- Ең соңында не тұр?
- Барлығы достасып нені тартып алды?

Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбырды
Ойлы, қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінің.

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
- Балалар, қандай әдемі үйшік тұр қараңдаршы?
- Бұл үйшікте кім тұрады білесіңдер ма?
- Ертегі деген сөзді сказка дейміз, ал үйшікті домик дейміз.
Ерте, ерте, ертеде орман ішінде әдемі үйшік болыпты. Үш бұрыш пішін келе жатып үйшікті көреді. Ары - бері қарап есікті қағады. Тоқ, тоқ, тоқ. Есікті ешкім ашпайды. Сөйтіп ол үйшікте өзі өмір сүреді.
- Балалар үш бұрыш пішіннің түсі қандай?
Бір кезде тоқ, тоқ, тоқ деген дыбыс естіледі.
- Бұл кім?
- Ал сен кімсің?
- Мен сенімен бірге тұрайыншы, менің шартымды орындасаң кіргіземін.
- Д/О« Құлыптың кілтін тап».
Дөңгелек пішін ары бері айналып, кілтін таба алмайды.
- Балалар дөңгелек пішінге көмектесеміз бе?
Балалар пішіндерді, түстерді тауып, құлыптың кілтін табады
Рахмет балалар, сөйтіп дөңгелек пішін үйшікте тұрады. Сол кезде тоқ, тоқ, тоқ деген дыбыс шығады.
- Бұл кім?
- Сен кімсің?
- Мен сендермен бірге үйшікте тұрайыншы. Біздің шартымызды орындасаң кіргіземіз. Д/О Вагондардың дөңгелегін орналастыр.
Төрт бұрыш шартты орындай алмай балалардан көмек сұрайды.
Рахмет балалар! Сол кезде тоқ, тоқ, тоқ деген дыбыс естіледі.
- Бұл кім?
- Сен кімсің?
- Мен сендермен бірге тұрайыншы. Біздің шартымызды орындасаң тұрғызамыз.
Д/О «Сандарды ретімен орналастыр». Сопақша пішін балалардан көмек сұрайды.

Сөйтіп барлық пішіндер дос болып тату өмір сүреді.
Сол кезде тоқ, тоқ деген дыбыс естіледі.
- Бұл кім?
- Сен кімсің?
- Мен сендермен бірге тұрайыншы. Біздің шартымызды орындасаң кіргіземіз. Сіріңке шиінен пішіндер, заттар құрастыр.
Саусақ жаттығу
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едік екеуін
Шыға келді он саусақ
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Логикалық есеп
Табақта үш алма
Екеуін бердім апама
Неше қалды табақта алма?

Ағашта өсіп тұр төрт алмұрт
Жерге түсті екі алмұрт
Неше қалды ағашта алмұрт?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 127
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты ертегілер
Қызықты ертегілер
Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, заттардың түсін, көлемін ажырата білу. Балаларға қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен
Ертегілер әлемі
Ертегілер әлемі
Балабақшада балалардың ертегі арқылы тілдерін дамыту, шығармашылығын дамыту, ертегіні мазмұнына сахналауға үйрету, рольде ойнау шеберліктерін жетілдіру, театр өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Маша мен аю
Маша мен аю
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерін атау арқылы, тілдерін жетілдіре отырып, ертегі кейіпкерлерін білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×