Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көркем дербес ойын

20 мам 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Көркем дербес ойын (күннің екінші жартысында)

Мақсаты:
Білімдік: Балаларды мәнерлеп, жаңа сөздермен байланыстырып сөйлеуге үйрете отырып, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін шыңдау.
Дамытушы: балалардың көркем дербес ойынға деген қызығушылықтарын, коммунатативті дағдыларын арттыру, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: қоршаған ортада өзін - өзі дұрыс ұстауға, ұжыммен дұрыс қарым - қатынаста болуға, үлкендердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: «Ертегілер елінде» пазл ойыны, «Көңілді корабль» мозайка ойыны, «Тігінші» рөлдік ойын құралдары.

Жүру барысы: Балалар бәріміз ортаға шеңберге жиналып, бір - бірімізге алақан арқылы жылулық, достық сезімдерімізді білдірейік!
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Бір - бірімізге деген сезімдерімізді
Алақан жылуы арқылы білдірейік!

Топты үшке бөліп, көркем дербес ойын түрлерін ұсыну.

«Ертегілер елінде» пазло ойыны.
Мақсаты: Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін арттыру, өздеріне сенімді болуға, ұжымдық жұмысты дұрыс атқара отырып, жаңа сөздер мен толықтыруға, бір - бірінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: Ғажайып, балалайка, сиқырлы.

Шарты: суретте ертегі кейіпкерлерінің бейнесі берілген, суреттер әр түрлі пішіннен қиылған, суреттерден ертегі бейнесін құрастыру. Қандай ертегі екені туралы әңгімелеп беру.

«Көңілді корабль» мозайка ойыны.
Мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау, зейін қабілеттерін дамыту, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, жаңа сөздер мен толықтыру, бейнені құрастыра білуге үйрету.

Жаңа сөздер: матрос, корабль, яхта, теңіз жағалауы.

Шарты: әр бала өзіне ойын тақтайшасын таңдап алады, үлгідегі суретке қарап бейне құрастырады, құрастырған бейнені туралы әңгімелеп береді.

Сюжеттік – рөлдік ойын «Тігінші»
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту, балалардың коммунактивті дағдыларын арттыру, жаға сөздерді қоса отырып, бір - бірімен диалог арқылы сөйлесуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өзіне сенімді болуға, үлкендердің еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: Портной - мастер, дизайн, көркемдеуші, әсемдеуші.

Көрнекіліктер: Киімдер, бас киімдер, тігіншіге керек заттар(ине, метр, қайшы, жіп), іс машинасы, киім үлгілері, маталар.

Тәрбиеші: Балалар тігіншілер не істейді? (киім тігеді)
Бірінші киім тігу үшін киініп алуымыз керек.
Балалар рөлдерді өздері бөліп алады. Бірі тігінші, бірі киім өлшеуші, бірі үтіктеуші болып бөлінеді. Айда өзінің көйлегін қысқартып беруін сұрайды. Жадыра қайшысын алып қиып, тігіп береді. Ал Камила болса көйлекті үтіктеп береді. Келесі бала шалбар әкеледі. Одан қуыршаққа желетке тігеді. Ұшы жоқ қайшы болуы керек. Ойынды балалар өз қиялдары мен қалаулары бойынша әрі қарай жалғастырады. Бір - бірімен рөлдерді бөлісіп, ұйымшылдықпен ойнайды. Тәрбиеші әр уақытта балаларға көмек көрсетуі тиіс.

Атырау қаласы,
№8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы.
Ересектер тобының бірінші санатты тәрбиешісі
Гилажова Айгул Мауфихқызы
21 447
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды сөздік қорын толықтырады;
Саяхатқа шыққанда не алу керек?
Саяхатқа шыққанда не алу керек?
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.
Көтеріңкі көңіл-күйіңмен бөліс (ойын жаттығу сабағы)
Көтеріңкі көңіл-күйіңмен бөліс (ойын жаттығу сабағы)
Бірін - бірі тануды қорытындылау, эмоциясын білдіріп, көңіл аудара білуге тәрбиелеу - Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерді кездестіргеніме қуаныштымын. Сендердің көңіл - күйлерің қалай?
Мейірімділік әлеміне саяхат
Мейірімділік әлеміне саяхат
Әулиекөл ауданы, «Айгөлек»балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Нашен Гүлмира Сагантаевна
Ю дыбысы және әрпі
Ю дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмагуль Ашикбаева
Достық неден басталады?
Достық неден басталады?
Тынышкүл Абилдаева Астана қаласы, №56 «Береке» балабақшасының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×