Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құтты болсын 2019 Жаңа жыл

21 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Құтты болсын 2019 Жаңа жыл доңыз жылы

Балалардың кіруі.
Тәрбиешінің сөзі:
Тақпақтар.
Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды.
- Асығамын деп жүріп
Сыйлықтарды шашып алдым.
Бұтаққа мен қабымды
Іліп алып, тесіп алдым.
Сыйлықтарды жинағанша
Сендерге мен немеремді
Жіберемін асыға
Қорғап сендер Ақшақарды
Жүріңдерші өтінемін.
(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).

Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.
Тәрбиеші: Кімсің сен?
Мыстан кемпір: Қалай кім? – Мен Ақшақармын.
Тәрбиеші: А - а Аяз атанын немересі боласын ба?
Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.
Тәрбиеші: Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда?
Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды.

Тәрбиеші: Қандай санамақтар?
Мыстан кемпір: Қаптың түбі тесіліп, санамақтар шашылып.
Тәрбиеші: Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден.
Мыстан кемпір: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой.
Тәрбиеші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Сонда кім болғаны
Балалар: Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: А - а ойланып мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен оны.
Тәрбиеші: Қане босат сен ақшақарды.
Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын.
Тәрбиеші: Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды босат.
Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Жарайды біз келісеміз, қала ғой.
Би:

Мыстан кемпір аппақ киімге орап тастаған Қарақшыны алып келеді.
- Міне сендердің Ақшақарларын.
Тәрбиеші: Ақшақар, сен неге сонша оранып алғансың. Дауысында өзгерген.
Қарақшы: А - а мен қатты жел тұрғанда ауырып қалғанмын.
- Оданда жұмбақ жауабын табындар.
Жұмбақ:
Балалар: жауабын табады.
Қарақшы: дұрыс таптыңдар.
Тәрбиеші: Балалар мен таң қалып тұрмын Ақшақардың досы мыстан кемпір ме?
Қарақшы: Әрине жоқ...( Аузын жабады). Оданда билейік.
Қарақшы би билеймін деп, ұмытып. Үстіндегі ақ киімін шешіп тастайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдар бұл Ақшақар емес қой! Қане екеуін байлап тастайық.
Мыстан кемпір: Жоқ - жоқ кешіріңдер бізді.
Тәрбиеші: А - а қорқып қалдыңдар ма. Айтыңдар Ақшақар қайда?
Мыстан кемпір: Қазір біз алып келеміз.
( Босатып жібереді)
Тәрбиеші: Балалар қане Ақшақарды дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін.
Балалар шақырады: Ақшақар - Ақшақар
Ақшақар көңілсіз болып кіреді
- Жаңа жылдарыңмен
Тәрбиеші: Не болды? Неге сен көңілсізсің?
- Неге сен мұңайып тұрсың?
- Енді не істейміз?
- Балалар мүмкін тақпақ айтып, би билеп берерміз.
Тақпақ

Би
Ақшақар: Рахмет ( көңілді) қане бәріміз қосылып ән айтайық
(алыстан аяз атанын дауысы естіледі)
Аяз ата: ( құттықтайды)
- Міне менің шыршам, қашып кетті сендерге
Тәрбиеші: Аяз ата біздің шыршаның шамдары жанбайды. Қане қолыңыздағы таяқшамен жағып жіберіңізші.
- Шырша жанады.
Көрініс: үш шырша шығып әңгімелеседі.

Би: «Шыршалар»
Аяз ата: Рахмет сендерге.
Тәрбиеші: Аяз ата бізбен бірге ойын ойнайықшы
Балалар: Қане Аяз ата қарашы сен біздерге
Қане тауып көрші, не істегенімді айтшы.
Балалар: Қобызды ойнағанды көрсетеді.
Аяз ата; Сақалды сипадыңдар.
Балалар: Жоқ.
- үрмелі ойнағанды көрсетеді
Аяз ата: Сүт іштіңдер.
Балалар: Жоқ
Пианино ойнағанды көрсетеді
Аяз ата: күрішті тазалап жатырсыңдар.

Балалар: Жоқ, пианино ойнап отырмыз.
Тәрбиеші: Аяз ата сіз қателестіңіз, сондықтан би билеп беріңіз.
Аяз ата: Ой ыстықтап кеттім қазір мен еримін.
(Балалар қарды алып Аяз атаның үстіне жабыстырады.)
Аяз ата: Қане немерем маған су әкеліп берші.
(кесенің ішінде жылтырауық) Кесені алып ішеді де, оның ішіндегі жылтырауықты ата аналарға шашады.

Тақпақтар:
Мыстан кемпір кіріп Аяз атанын таяқшасын алып кетеді.
Ақшақар: Аяз ата сіз сыйлықтарды беруді ұмыттыңыз.
Аяз ата: Қазір таяғымды алып. Әй Мыстан кемпір сен тағы өз өнеріне кірістің бе?
(Мыстан кемпір Аяз атанын артына тығылып қалады.)
- Балалар: Мыстан кемпір қайда?
- А - а - а міне сен, қазір мен сені қатырып тастаймын
Мыстан кемпір: Ой жоқ керегі жоқ деп, күлкілі қимылда қатып қалады. Жүгіріп Қарақшы келеді, Мыстан кемпірді аяйды.

Қарақшы: Аяз ата мен саған бір сиқыр көрсетемін, ал сен Мыстан кемпірді қалпына келтір. Сиқыр көрсетеді.
Аяз ата Мыстан кемпірді қалпына келтіреді.
Мыстан кемпір: Ой не болды маған, мен бір жақсылық жасағым келіп түр.
Аяз ата: Қандай жақсылық жасағын келеді?
Мыстан кемпір: Сыйлықтар сыйлағым келеді.
Осы кезде үйшік кіріп билейді.

Мыстан кемпір: Маған алдымен, шыршаға артымен қарашы, менің үйшігім.
Үйшік: Аяз ата қайда? Балаларға сыйлықтарды әкеле жатып, қабын орманда тастап кетіпті, тауып алдым. Тереземді қағып сыйлықтарды алыңдар.
Аяз ата мен Мыстан кемпір терезені қағады, оның ішінен бір сыйлық шығады.
Аяз ата: Қалғаны қайда?
Үйшік: Шыршаның астындағы қарды қағып, сыйлықтарды алыңдар.
Ал мен енді орманға кеттім, сау болыңдар.
Сыйлықтар таратылады.
Қоштасу ән айтылып, би биленеді.

№ 42 «Тілек» балабақшасының
Музыка жетекшісі Гүлдана Серікқызы Ахметова
19 105
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен тәрбиеші кіреді.
Жасыл шырша жанында!
Жасыл шырша жанында!
Жаңа жыл шыршасы жанады, Қызыққа адамдар батады. Сиқырға сенетін адамға, Жаңа жыл есігін ашады.
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік 1) Трио «Нappy new year» жаңа жылым! әні орындалады. Осы кезде Аяздың дыбысы естіліп (Аяздың есіктің даусы) залға есіктің ашылып жабылған дыбысы естіледі де, ішке Али мен Айя кіреді.
Алтын күз байлығы
Алтын күз байлығы
Ақтөбе қаласы, №28 «Көркем» МДҰ тәрбиеші Шакибаева Гүлнар Сагидуллақызы
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Жасыл шырша төгілген алдымызда, Қош келдіңіз көрермен шыршамызға. Аман болсын отбасыңыз деп алайын, Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Жаңа жылда Жаңа жыр
Жаңа жылда Жаңа жыр
№ 42 «Тілек» балабақшасының Музыка жетекшісі Гулдана Серікқызы Ахметова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×