Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасыл шырша жанында!

23 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жасыл шырша жанында!
Шыршаның шамдары жанып тұр, балалар залға кіреді.
Жүргізуші: Бізге тағы да сиқыр мен тосын жайттар, шытырман оқиғалар мен сыйлықтарға толы Жаңа жыл мерекесі келіп жетті.
1 - бала: Жаңа жыл шыршасы жанады,
Қызыққа адамдар батады.
Сиқырға сенетін адамға,
Жаңа жыл есігін ашады.

2 - бала: Жаңа жыл қызығын тойлайық,
Қуаныш өзара сыйлайық.
Бұл залға жиналған барша жұрт
Би билеп, ән айтып, ойнайық!

3 - бала: Бөленіп мол әнге, мол жырға.
Жаңа жыл шыршасы жарқыра,
Достарды мейрамға шақырып,
Арманын олардың орында.
«Жаңа жыл» әні
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл келіп жетті, біз міне, ән айттық, тақпақ айттық, бірақ мерекеміз әлі көңілсіз. Себебі, залымызда Ақшақар жоқ. Кәне, бәріміз Ақшақарды шақырайық. Ақшақар қайдасың?
Балалар Ақшақарды шақырады.
Музыка ойнайды. Ақшақардың орнына Мыстан Кемпір келеді.
Мыстан кемпір: Неге сонша айғайлайсыңдар? – (шыршаға қарап) – Мынау не сорайып тұрған? (Шыршаны бұтақтарынан ұстайды). Ой - ей - ей! Дәл мендей ұрысқақ, ашушаң екен! (Назарын балаларға аударады). О! Сендер мұнда не істеп отырсыңдар? Мен сендерді шақырған жоқпын ғой? Шақырған жоқпын! Сәлем деп айтпадым ба? Айтпадым! Ал сендер ше! Айтқан жоқсыңдар! Қандай, тамаша! Сендер дәл мен сияқты тәрбиесіз екенсіңдер! Менің алтындарым! Менің жақсыларым! Мына инеге толы жасыл сорайғанның жанына неге топталып алдыңдар?
Жүргізуші: Мыстан кемпір сен алдымен балалармен, олардың ата - аналарымен амандасып ал! (балаларды, ата - аналарды көрсетеді).
Мыстан кемпір: Ешкімді көріп тұрған жоқпын!
Жүргізуші: Сен неге сондай әдепсізсің!
Мыстан кемпір: Сәлеметсіздер ме, бұзық ұлдар мен жылауық қыздар! Не мынау жапырағы жоқ ағаштың жанында отырсыңдар? Мен сияқты жақсы адамға өтуге жол бермейсіңдер!
(Балалардың жанынан өтіп, олардың аяқтарын басқысы келеді).
Жүргізуші: Біз мұнда ең жақсы, ең көңілді Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жиналдық!
Мыстан кемпір: (қуанып) Мереке! Жаңа жыл! (таң қалып) Әнмен қарсыласыңдар ма?
Жүргізуші: Әнмен қарсы аламыз!
Мыстан кемпір: Бимен?
Жүргізуші: Бимен де!
Мыстан кемпір: Сыйлықпен? А - а - а, Жаңа жыл, сонда сыйлық алғыларың келеді екен ғой! Аяз Атаны тосып отырсыңдар! (тоқтайды). Бекер тосасыңдар! Сендер жыл сайын мендей жақсы, мейірімді Мыстан кемпірді Жаңа жыл шыршасынан не істейсіңдер (қуып жібересіңдер ме)?... Дұрыс қуып жібересіңдер! Маған сыйлықты (бермейсіңдер ме)?... Дұрыс бермейсіңдер! Сендердің бұл қылықтарыңа әрі қарай шыдайды дейсіңдер ме? Жооооқ! Қазір бәрін сиқырлап

Құрманғазы ауданы, Жыланды селосы,
Д. Нүрпейсова атындағы жалпы орта мектебі
Шағын орталық тәрбиесіші Гилажова Самал Мауфиховна
Жасыл шырша жанында! жүктеу
1 635
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен тәрбиеші кіреді.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Келе жатыр Жаңа жыл!
Келе жатыр Жаңа жыл!
Қане, құрбыларым келіңдер, Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, Ән жырларды төгіңдер.
Жаңа жыл ғажайыптары
Жаңа жыл ғажайыптары
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті, №22 жалпы орта білім беретін мектептің МАД тәрбиешісі: Нурманова Кунзира Аккуановна
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Жасыл шырша төгілген алдымызда, Қош келдіңіз көрермен шыршамызға. Аман болсын отбасыңыз деп алайын, Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Құтты болсын 2019 Жаңа жыл
Құтты болсын 2019 Жаңа жыл
- Асығамын деп жүріп Сыйлықтарды шашып алдым. Бұтаққа мен қабымды Іліп алып, тесіп алдым. Сыйлықтарды жинағанша Сендерге мен немеремді Жіберемін асыға Қорғап сендер Ақшақарды Жүріңдерші өтінемін.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×