Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жылда Жаңа жыр

21 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
№ 42 «Тілек» балабақшасының
Музыка жетекшісі
Гулдана Серікқызы Ахметова

Жаңа жылға арналған сценарий.
Аяз Ата – Кияшева Назира
Ақшақар – Ақыбаева Рамиля
Мыстан кемпір – Жуматаева Дидар
Қарақшы – Рахимбекова Арайлым
Сиқыршы – Аушекенова Дана
Қап –
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.
Жүргізуші сөзі: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге!- дей отырып, бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізді тамашалаңыздар!

Ән: «Жаңа жылды тойлайық!»
Жүргізуші: Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Балалар: - Аяз Ата!

Жүргізуші: Олай болса аяз Атаны шақырайық!
Хормен: - Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!
(Аяз Ата кіреді)
Аяз Ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Ән: «Аяз Ата»

Аяз Ата: сендер әнді жақсы айтады екенсіңдер! Ал енді мен жолдан қатты шаршадым, отырып дем алайын. Балалардың дайындаған ертегісін тыңдайын.

Тақпақтар:
Бар баланың қонағы
Төрлет Ата жоғары
Енді дала алақай
Ай күміске толады
Жұрттың бәрі атадай
Қашан жомарт болады?

Бізбенен бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен бақытты

Көрікті, бөрікті
Аяз ата келіпті
Беріп жатыр таратып
Алма, анар, өрікті

Алақай – ау, алақай
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жылға енді.

Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Ақ сақалы желбіреп
Аяз ата ежіреп,
Алды жылдың сәлемін
Алды сыйлық әлемнің

Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күткен сағынған

Базарлықты шыршаға
Әкеліпті ол тағы
Қарасына деп тамсана
Безендіріп шыршаны!
Аяз Ата: - Балалар, тақпақтарды да өте тамаша айтып шықтыңдар. Бүгінгі кеш өте көңілді болғандықтан, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын:
Аяз Ата: - Керемет, Керемет! Бүгін мен өзімді сондай жақсы сезініп отырмын. Бүгінгі кешке тағы біреу келе жатқан сияқты...(қолын бұлғап).
Музыка ырғағымен Сиқыршы (Саддам Абдрухман) залға кіреді.
Аяз Ата: - Балалар, бұл келген қонақ жай адам емес, көріп тұрғандай Сиқыршы. Ол 1 сыныпты бітірген, кішкентай болса да, барлық сиқырды жасауды үйреніпті.

Жүргізуші: - Аяз Ата, сіздің немереңіз Ақшақар көрінбейді ғой.
Аяз Ата: - Ал, сиқыршы мектепте қандай сиқыр үйренгеніңді байқайық. Өзіңнің сиқыр мектебінен алған өнеріңмен менің немеремді «Ақшақарымды шығаршы»
Сиқыршы: - Жарайды, бұл өте оңай. (музыка ойнайды) «Ақшақар» (3) пайда бол! (шапалақтау)
Мыстан кемпір көңілді, жұлдызшасымен өлең айтып кіреді.
Мыстан кемпір: - Сәлеметсіз бе, Аяз Ата. Міне мен де келдім. Сен мені шақырдың ба?
Аяз Ата: - Мен өз немеремді танымай тұрмын. Сен не болып кеткенсің, мына сиқын не? Сен қай сұлулық салонында болғансың?

Мыстан кемпір: - Ата, сен білсең ғой, мен сені қалай жақсы көретінімді. Мен сенің немерең Ақшақармын. Танымай қалдың ба?
Аяз ата: - Жоқ, жооқ. Сиқыршы жасаған қатемізді тез түзет.
Сиқыршы: - Қазір қателігімді түзетемін. (сиқырлау). Нағыз Ақшақар пайда бол! (сақалын жұлу)
(Мыстан кемпір сыпырғышына отырып, Ақшақар ұшып келеді)
Ақшақар: - Ха – ха - ха. Неге өлең айтпайсыңдар? Сәлем шал! Менен бұрын неге келдіңдер? Бұнда не жиын?

Жүргізуші: - Бізде Жаңа жыл мерекесі.
Ақшақар: - Жаңа жыл не үшін керек? Қажет емес, қажет емес!
Аяз ата: Ой,ой,ой.(басын шайқайды) – Сен бәрін бүлдірдің! Өзім араласпасам болмайды. (сиқырлау) Музыка ырғағымен айналу.

Осы кезде Мыстан кемпір өз кейпіне еніп, Ақшақардың сыпырғышын жұлып алады. – Бер маған! Біз әлі кездесеміз. Мұнымен іс әлі біткен жоқ! (шығып кетеді).
Ақшақар: - Ата, мені кешіріңіз! Мен өзіме не болғаның түсінбей қалдым. Бүгінгі кеш көңілді өтсін!
Аяз Ата: - Саддам, Балам, саған әлі де болса, көп оқып, үйрену керек.
Сиқыршы: - Балаларға мен әлі де болса білім алып, көп үйренуім керек. Келесі жолы сиқырымды үйреніп келемін. (сиқыршы шығып кетеді).

Ақшақар: - Жаңа жылдарыңызбен, кішкентай бүлдіршіндер! Мен сендерге жаңа жылда абай болып жүріңіздер демекпін!
Жүргізуші: - Ақшақар, Ақшақар сенің көңіл-күйің түспесін! Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің саған арнаған әсем биін тамашалаңыздар!

Би: «Жаңа жыл»
(мыстан кемпір сыпырғышқа отырып, вұң, вұң, вұң деп кіреді)
Мыстан кемпір: - Мына менің астындағы көлігім оталмай жатыр. Еее, жарайды осыны қойшы! (сыпырғышты лақтыра салады.) Не істесем екен? – деп, басын қасиды. Қолын қалтасына салады, түк шықпайды, қолымен шұлығына салып, оң және сол аяғындағы шұлығынан жыртық пакет алып шығады. Ааа, енді есіме түсті, кімнің ойын ойнағысы келіп тұр.
Ойын: «Жыртық сөмке»

Қарақшы кіреді: - Әй,сені мыстан кемпірге әзер таптым ғой.
Мыстан кемпір: - Мені неге іздедің?
Қарақшы: - Мен мына Жаңа жыл кешіне әзірлеп қойған шыршамды сен ұрлап әкетіпсің. Әкел бері!
Мыстан кемпір: - жоқ, жоқ мен алған жоқпын, көргенде жоқпын! Шырша деген ол қандай болады? Түсі қандай? Тікенектері бар ма? – Еееее, олай болса қазір алып келемін.(Шыршаны айналып, кактусты алып шығады)
Міне саған шырша! Өзі жасыл, тікенекті
Қарақшы ашуланады.
Ақшақар: - Бұл кактус қой, шыршаға мүлдем ұқсамайды.
Мыстан кемпір: - Жарайды, жарайды, қоймадыңдар ғой. Шыршаны алып келемін.(шыршаны әкеледі).
Қарақшыға береді. Мыстан кемпір қарап тұрып, шырша шынымен де әдемі екен?!

Жүргізуші: Енді осы шыршамызды көңілдендірейік!
Ойын: «Шыршаны безендіру»
(Мыстан кемпір тағылған ойыншықтарды алып тастайды, ал балалар іледі.)
Аяз Ата: - Әй, өздерің Жаңа жыл кешін думанға айналдырамыз деп, шулап кеттіңдер ғой.Қане, екеулеріңе тапсырма берейін, мына балаларға арналған сыйлықтарымды алып келіңдерші, ол далада, орманда қалып қойды.
(Қарақшы мен Мыстан кемпір шығып кетеді)

Жүргізуші: Жаңа жылда ғажайып сәттер көп болады. Бізге қонаққа кішкентай гномдарда қонаққа келіп қапты.

Би: «Гномдар»
Тақпақтар:
Ән: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Би: «Шамдар биі»

Аяз Ата: - Ал, енді қоштасатын сәт келді және балаларға сыйлықтар таратайын! Әлгі кемпір қайда кетті? (залға қап жүгіріп кіреді, оның артынан Мыстан кемпір қапты ұстай алмай қуып жүреді.)
Мыстан кемпір: - Аяз Ата, мына қап мені тыңдамайды. Ұстаңдаршы! Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Аяз Ата:- қазір мен өз сиқырымды қолданып жіберейін! (Аяз ата қапты сиқырлайды, қап шыршаның артында қалып қояды). Нағыз сыйлықты Ақшақар мен қарақшы алып шығады. Балаларға сыйлық таратылып береді. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2013-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!
12 975
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында!
Жасыл шырша жанында!
Жаңа жыл шыршасы жанады, Қызыққа адамдар батады. Сиқырға сенетін адамға, Жаңа жыл есігін ашады.
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Уа, халайық, жарандар, Айналаға қараңдар. Жаңа жылдың бұл тойын, Салтанатқа санаңдар!
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Жүргізуші: Тырна көкте тыраулап, Қош, қош айтты, «Кеттім» - деп Шөптің басына қыраулап, Күзде келді «жеттім» деп. Құрметті ата – аналар, балалар күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар хормен айтады
Кел жаңа жыл ортаға
Кел жаңа жыл ортаға
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын Шат күлкіге толы болсын маңайың Көргендерде көрмегенде арманда Жаңа жылын құтты болсын ағайын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×