Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әжеммен кім тұрады?

08 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру салалары: «Денсаулық»
Бөлімі: «Денешынықтыру»
Тақырыбы: Әжеммен кім тұрады?
Мақсаты: Балаларды жүгіру барысында бір - біріне кедергі жасамауға, жаймен секіруге, тізелерін бүгуге, түзу қойылған жіптің астынан өтуге және оған тиіп кетпеуге үйрету. Тәрбиешінің белгісін ыңдауға және белгі бойынша қимыл - қозғалыс жасауға, тапсырманы дұрыс орындауға дағдыландыру. Балаларды ойынға эмоцианалды және белсенді, қызығушылықпен қатысуға ынталандыру. Дені сау болу ниетіне, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: Балалар санына байланысты кішкене текшелер, үлкен текшелер - бес дана, құрсаулар - төрт дана, атрибуттар, жіп.
Билингвизм: Тауық - курочка, өзен - ручеек, балапан цыпленок.
Инклюзивтік әлеумет: Балалармен жеке жұмыс.
Балалар ән әуенімен залға спорттық киіммен кіреді.
Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолдарын қайталады.

Шаттық шеңбері:
Сәлем дедік Күнге біз,
Сәлем дедік Жерге біз.
Сәлемдесіп достармен
Бірге ойнап, бір жүрген.

Кіріспе бөлімі:
- Балалар, сендердің барлықтарыңның әжелерің бар ма?
- Әжеміз бар.
- Әжелерің қайда тұрады?
- Ауылда тұрады.
- Әжелеріңнің қандай жануарлары, үй құстары бар?
- Мысығы, иті, тауығы, балапандары бар.
- Әже бізді қонақ болсын деп, күтіп отыр, жүріңдер барайық!

Балалар бір қатармен бірінен соң бірі жүреді, баяу қарқынмен жүгіреді.
Бір қатармен жүру.
Аяқтың ұшымен, өкшемен жүру.

Жүгіру.
Баяу жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары.
Тәрбиеші балаларға әжеге қалай бару керек екенін түсіндіреді.
- Қараңдаршы, балалар! Өзен ағып жатыр екен, тез аттап өтейік.
Балалар музыкамен өзеннен өтті, түзу текшелерден алға қарай жүру.
Шықты сапарға балалар!
- Ал, қанеки, секіріңдер, секіріңдер.
Шеңберден екінші шеңберге секіру.
Жолмен ұзақ жүруі.
Аяқтың ұшымен жүру, қолды жоғары көтеру, алақандарына қарау.
Жолмен ұзақ жүріп, ауылға да жетіп келеміз. Ауылда әжемен кездесті.
Балалар әжемен кездесті.
Балалар әжеге жаттығуды қалай орындайтынын көрсету.
Жан - жақты дамыту жаттығулары: текшемен жасау.
Үш қатарға бөліну:
Б. қ. тік тұрып, қолға текше ұстап, төмен түсіру, оң қолды алға созып, текшелер көрсету, сол қолмен артқа тығу.
4 рет қайталау
2. Б. қ. аяқты иықтың деңгейіне қойып, қол төменде, қолды иыққа қойып, жоғары көтеріп, текшелерге қарау, қолды төмен түсіру. 4 рет қайталау
3. Б. қ. отырып қолды алдына созу, текшелерді бір - біріне үш рет ұру, б. қ. қайта оралу. 4 рет қайталау
4. Б. қ. орнына тұрып, қос аяқпен секіру. 4 рет қайталау

5. Тыныс алу жаттығулары.
Әже балаларды мақтайды.
Тәрбиешінің артынан жүру, текшелерді себетке салу.
Негізгі жаттығулар:
1. Жіптің астынана өту. 2 - 3 рет
2. Орнында тұрып секіру. 2 - 3 рет
Қимылды ойын: "Тауық пен балапандар"
Ойын шарты:
Шықты тауық қыдырып,
Балапанын ертіп ап.
Шықты тауық ақ тауық,
Бәрі сары балапан.
Қоңқылдайды тауықжан,
Алысқа сендер балапандар кетпеңдер.
Ал, терезе алдында,
Мысық жатыр пырылдап,
Көзін ашып бір сәтте
Ұстап алар сендерді.
Балалар қимылды ойынды ойын шарты бойынша қызығушылықпен ойнады.

Сергіту сәті: "Балапан"
Балалар сергіту жаттығуларын жасады.
1 - тыныс алу - ұшымен жүру
2 - дем алу - "пи - пи - пи - пи"- деп айту.
Жануарлар даусын салды.
Ойын: "Әуен арқылы жануарлардың даусын сал?"
- Біз қайда болдық?
- Әжемен кім тұрады?
- Немен жаттығу жасадық?
Балалар сұрақтарға жауап берді.
Балаларды мақтап, мадақтап, оқу іс - әрекетін қорыттым.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Білуі: Жіптің астынан өту, секіруді, аттап жүруді.
Меңгеруі: Қимыл - қозғалыс жаттығуларын.
Жасай алуы: Жүгіруді, Жіптің астынан өтуі, секіруді, ойнай алуды.

Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Қаратау қаласы "Бәйтерек" балабақшасының
дене тәрбиесінің нұсқаушысы Сесина Наталья Михайловна
1 857
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ирек жолмен жүру
Ирек жолмен жүру
Балаларға түзу бағытта қойылған заттардан аттап өтуге үйрету. Іс - әрекет қабілеттілігін арттыру.
Қол добы ойын техникасы
Қол добы ойын техникасы
Оқушыларды қол добы ойынының техникасын үйрету, жетілдіру. Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, шапшаңдылыққа үйрету, дамыту.
Тауық пен балапандары
Тауық пен балапандары
Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Акробатикалық жаттығулар
Акробатикалық жаттығулар
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі: Байділдаева Н. К
Денің сау болсын!
Денің сау болсын!
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №10 "Сказка" балабақшасында тәрбиешісі Бейсенова Раушан Мейрамовна
Денсаулық - басты байлық
Денсаулық - басты байлық
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы тәрбиешісі Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×