Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер және су

17 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Жер және су
Мақсаты: Балаларға жер, су, ауа туралы түсінік беру.
Білімділік мақсаты: Судың сұйық зат екені, әр түрлі күйге ұшырап жаңбырға, қар, мұзға айналатынын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Тілдерін, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
I. Психологиялық дайындық.
Тілді жаттықтыру:
Ер - ер - ер - дөңгелек жер
у - у - у - мөлдір су
уа - уа - уа - таза ауа
Балалар, осы жаттығуда сендер қандай сөздер естідіңдер? (жер, су, ауа)

II. Сурет бойынша әңгіме.
1. Педагог ыдыстағы топырақты көрсетеді.
- Мынау не? (топырақ)
Яғни, жер бетіндегі топырақтан гүл, шөп, ағаш, т. б. өсімдіктер өсіп шығады.
2. Ауа. Ауа - көзге көрінбейді. (терезені ашып, ішке ауа енгізу).
Ауаны жұтып, терең дем аламыз.
3. Су. - Балалар, су бізге қажет пе? Не үшін? (Балалардың жауабы)
- Суда нелер өмір сүреді? (балық, бақа, жылан т. б.)
- Қандай су көліктері болады? (қайық, кеме)

III. Тәжірибе.
Стакандағы суды жерге ағызу. Қандай дыбыс естиміз? (сылдырлайды)
- Судың иісі бар ма? (иіссіз)
- Түсі бола ма? (түссіз)
- Ендеше, ыдыстағы суға темір салайық, көріне ме? (көрінеді).
Яғни, су түссіз, мөлдір болады.
- Суға бояу қосайық. Түсі өзгерді ме? Қандай түс шықты?
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
Далада қар жатыр, күн жылынғанда қар, мұз еріп, суға айналады.
Ал, осы қарды (қарды көрсету) жылы жерге қойса, еріп, суға айналады, мұздатқышқа салып қатырса, мұзға айналады.
(қарды алақанға салып, ұстап тұрып, еріп суға айналғанын көрсету).

IV. Сергіту сәті: Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен, әрдайым
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы -
Су дегенің - осы.

V. Жұмбақ:
1) Көк аспанда қалқиды
Күннің көзін жабады.
Ол не? (бұлт)
2) Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады? (қар)
VI. Ертегі: «Мейірімді бұлт».
1. Оқып беру.
2. Түсіндіру.
3. Сұрақ - жауап.

VII. Қорытынды: «Судың да сұрауы бар».
Суды үнемдеп, таза ұстау қажет.
Қалдық заттарды судың жағасында төгуге болмайды.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Б Бегалиев атындағы орта мектебі ІІ санатты
шағын орталық тәрбиешісі Құрманғалиева Жаңыл
6 081
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Су мен ауа
Су мен ауа
Балаларды су мен ауаны жан - жақты таныстыру. Табиғат құбылыстары туралы айтып, түсіндіру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Іскерліктерін дамыту. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру.
Судың маңызы
Судың маңызы
Судың адам өміріндегі маңызы, сусыз тіршілік жоқ екендігін ұғындыру, суды қорғауға үйрету
Топырақ. Топырақтың маңызы
Топырақ. Топырақтың маңызы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Нұрлыгүл
Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар
Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы, Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хибасова Күмісай
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Сабақтың мақсаттары: 1. Балаларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру. 2. Балалардың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білім құмарлығын дамыту. 3. Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×