Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Топырақ. Топырақтың маңызы

09 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Топырақ. Топырақтың маңызы.
Мақсаты: Топырақ, оның қасиеті мен маңызы, құрамы, құнарлылығы жайында түсінік ұғым қалыптастыру. Топырақты қорғау туралы айту. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Көрнекілігі: Жұмбақ, сұрақ, сөзжұмбақ, сурет, сызба, ойын, карта.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі (Балаларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау)
а) 1. Күн - ана 2. Ауа - ана 3. Су - ана 4. Жер - ана
ә) Шаттық шеңбері (Қолдарынан ұстап тұрып айтады)

1. Шуақ - сәуле әлемге.
Күн нұрымен тарайды.
Күн - ана
2. Ауа - өмір нәріміз,
Тыныстайтын бәріміз.
Ауа - ана
3. Су - тірліктің өзегі,
Ақса болар өзені.
Су - ана
4. Аспан - көкте жұлдыздар,
Жерде - біздің ұл - қыздар.
Жер - ана

ІІ. Үй тапсырмасы.
Үйге не берілді? Су - еріткіш.
Суда еритін және ерімейтін заттар.
Сұрақтарға жауап алу үшін «Сөйлейтін қалам» ойыны ойналады.(Қалам иесі жауап береді)
1. Тарау қалай аталады? Табиғат
2. Табиғат нешеге бөлінеді? Тірі және өлі
3. Тірі табиғатты ата? (адам, өсімдік, жануар)
4. Өлі табиғатты ата? (тау, тас, өзен, су)
5. Тірі табиғатқа қажеттілік? (ауа, су, жарық, жылу, тамақ)
6. Судың қандай қасиеттері бар? (түссіз, иіссіз, мөлдір, пішіні жоқ, сұйық, жұққыш)
7. Судың табиғаттағы үш күйін ата? (сұйық, бу, қатты)
8. Суда еритін заттар нелер? (қант, тұз)
10. Суда ерімейтін заттар нелер? (құм, саз, балшық)
Бірақ араласады.
11. Су көздері нелер? (өзен, көл, теңіз, бұлақ)
12. Суға байланысты нақыл сөз және тыйым сөздер? (дәптерден оқу, не жатқа айту)
1) Бұлақ көрсең, көзін аш.
2) Сулы жер - нулы жер.
3) Су - тіршілік көзі.
4) Судың да сұрауы бар.
5) Түнде суға барма.
6) Су ішкен құдығыңа түкірме.
7) Суды үнемдеп пайдалан.
8) Судың бетін ашық қалдырма.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, бір ауық
Дұрыс - бұрысты ұғалық,
Дұрыс болса, отырып
Бұрыс болса, қол соғалық.
Су - сұйық (отыр),
Су - қатпайды(соқ).
Сумен жуынамыз (отыр),
Суды жейміз (соқ).
Суды ішеміз (отыр),
Ауаны жұтамыз (отыр).
Ауаны жейміз (соқ),
Ауаны көреміз (соқ).

ІІІ Жаңа сабақ. Топырақ. Топырақтың маңызы.
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақ ашылады.
«Тазартылған тақта» ойыны ойналады.
1) Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?
2) Көкжиек тұсы.
3) Адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасы, жүріс - тұрысының ережесі.
4) Су табиғатта көбінесе қандай күйде кездеседі?
5) Бес қажеттіліктің бірі не?
6) Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін сан.
7) Тау - тау ақ қар
Ерімейді ыстықта.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Топырақ. Топырақтың маңызы слайдын жүктеу
9 002
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың шаруашылық қызметін топырақтың құнарсыздануы, одан сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру.
Топырақ – биосфераның ірге тасы
Топырақ – биосфераның ірге тасы
Оқушыларға топырақ және оның құрамы туралы түсінік беру. Топырақтың маңызын ұғындыру. Дүниетанымын, ой өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл - ойын, есте сақтауын дамыту.
Топырақтар
Топырақтар
Топырақтың құрылымын жіктей алады; Топырақтың тірі ағзалар үшін маңызына мысал келтіріп, тұжырымдай алады;
Топырақ. Топырақты қорғау
Топырақ. Топырақты қорғау
Оқушыларға топырақ туралы түсінік беру Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Құмаш Табысбек №1 Теректі орта мектебінің география пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×