Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар.
Мақсаты: 1. Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай заттың суда еріп, қандай заттың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру;
2. Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық, танымдық қабілетін дамыту.
3. Суды ластамау, суды үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау түсіндірілмелі топтастыру, тест.
Көрнекілігі: су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, плакат, тірек сызбалар, суреттер, калий пермангонаты.

Сабақтың жүрісі.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн деп айтамыз.
Түсте бірге қайтамыз
Отбасының гүліміз
Бірге өтер күніміз
Сыныбымыз тап - таза
Борда дайын тақта да
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Су қасиетін және жай - күйі туралы білімдерін жинақтау, қорытындылау.
сұйық иісі жоқ жұғады
Су қасиеті

пішіні болмайды мөлдір дәмі жоқ
- Судың қандай үш жағдайы болады?
- Ол бір жағдайдан пішіні екінші жағдайға қалай көшеді?
Судың жай - күйі
сұйық бу қатты(мұз)

ІІІ. Жаңа сабақ. Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар.
тамақ су
Адам өміріне не қажет? Ауа, жарық, жылу

ІV. Оқулықпен жұмыс.
Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар.
Су табиғатта өте жақсы еріткіш.

Тәжірибелер:
1 - топ: Суға қант салып, араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.
2 - топ: Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетеді. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болады. Тұз суда жақсы ериді.
3 - топ: Стакандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стакан түбінде шөгеді. Құм суда ерімейді.
4 - топ: Стакандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсақ, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.
V. Дәптермен жұмыс.
Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.
Не аламыз? Нені бақылаймыз?
Қант ас содасы Суда жақсы ериді
Тұз калий перменганаты Суда жақсы ериді
Құм Суда ерімейді
Саз бор Суда ерімейді

VІ. Сергіту сәті
Қоюланып тағы бұлт
Жауды жаңбыр себелеп
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.

VІІ. Логикалық тапсырмалар
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды?
VІІІ. Жұмбақ шешу
1. Ақ көрпесін тұйықтап,
Қыстай жатыр ұйықтап. (қар)
2. Тілі былдыр,
Үні сылдыр (жаңбыр)
3. Отқа жанбас,
Суға батпас (мұз)
4. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ (су)

ІХ. Тест жұмысы
Х. Сабақты қорыту. Үйге тапсырма
ХІ. Бағалау.
138 205
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың маңызы
Судың маңызы
Судың адам өміріндегі маңызы, сусыз тіршілік жоқ екендігін ұғындыру, суды қорғауға үйрету
Су – табиғи әмбебап еріткіш.
Су – табиғи әмбебап еріткіш.
Су - еріткіш. Көптеген заттар суда еріп, ерітінді түзеді. Ерітінділер дегеніміз - еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір - бірімен физикалық - химиялық әсерлесетін жүйе. Іс жүзінде көргеніміздей заттардың барлығы дерлік суда
Топырақ. Топырақтың маңызы
Топырақ. Топырақтың маңызы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Нұрлыгүл
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Астана қаласы, №61 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Суды қорғау
Суды қорғау
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Судың пайдасын білу. Суды қорғауға, судың тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Су- өмірдің нәрі
Су- өмірдің нәрі
Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру. Міндеті: 1. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×