Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді шарлар

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Көңілді шарлар
Мақсаты: Балаларға шарларды таныстыру. Шарларды атап, түстерін ажырата білуге үйрету. Шарды кілегеймен ақ қағазға жапсыруды үйрету. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып саусақ қимылдарын жетілдіру.
Көрнекті құралдар: Түрлі - түсті шарлар, шардың суреті, шардан жасалған қоян, кілегей, қол сүрткіш.
Әдіс - тәсіл: Шарды таныстыру, түсін айту, кейіпкер қоянмен таныстыру, жапсыру, сергіту сәтін жасату, сұрақ - жауап, қорытынды.

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Қайырлы таң алтын күн,
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым,
Сәлем, сәлем, сәлем!
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге жинап келген қонақтармен, достарымен сәлемдестіреді.

Ұйымдастыру, іздестіру
Есік тықылы естіледі. Бөлмеге қонаққа қоян келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсің бе, қоян! Балалар, бізге қонаққа қоян кепті. Кәне, сәлемдесейік...
Балалар қоянға мұқият қараңдаршы. Қоян неден жасалған?
- Дұрыс айтасыңдар. Шардың турлері көп. Сопақ шар бар, дөңгелек шар болады.
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетте мен сендерге шар туралы толық түсінік беріп, шарды ақ қағаз бетіне қалай жапсыруды үйретемін.
- Балалар, мынау шарға назар аударыңдаршы... Мұнда шар ілінген. Шардың пішіндері дөңгелек, түстері ақ, көк, сары, қызыл түсті. Тәрбиеші балаларға шардың түстерін қайталатады.
- Ал енді балалар, біз енді осы шарлардың суретін қағазға жапсырып, қонағымызға сыйлайық.
- Балалар, жапсыру әрекетінде біз кілегейді қолданамыз. Мына суретте қоянның суреті бейнеленген. Біз шардың суретінің артына кілегейді жағып, ақ қағазға жапсырамыз. Кілегеймен жұмыс кезінде қолымызды ауызға салуға болмайды, киімімізді былғамай жұмыс жасау керек. Жұмыс жасап болған соң қолымызды жақсылап қол сүрткішпен сүртеміз.
Тәрбиеші балаларға қағаз бен шардың суретін таратып беріп жапсыру әрекетін орындатады.
Тәрбиеші балаларға шардың түсін айтқызады...

Көңілді шарлар. жүктеу
9 267
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табуға, сөйлем құрап айтуға үйрету.
Әуе шарлары
Әуе шарлары
Қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстап отыруға үйрету. Ирек сызықтар салу дағдысын бекіту.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Түрлі түсті шарлар
Түрлі түсті шарлар
Балаларды шарлардың түстерімен, пішіндерімен таныстыру. (сары, қызыл көк, жасыл) Сурет салу тәсілдерін үйрету. Берілген бейненің ішін бояуға үйрету. Балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Қақпақтар
Қақпақтар
Екі түрлі түсті біркелкі заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету; берілген түске сәйкес сары және жасыл түстер; зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету. Фигуралардың көлемін және түстерді айыра білу. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, түсініктерін айтуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×