Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әуе шарлары

06 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Күншуақ» тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сурет.
Тақырыбы: Әуе шарлары
Мақсаты: Қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстап отыруға үйрету.
Білімділік: Ирек сызықтар салу дағдысын бекіту.
Дамытушылық: Саусақ икемділіктерін, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Түрлі түсті қарындаштар, үлестірмелі материалдар, қол сүрткіштер.
Қостілділік компонент: Шарлар - шари, аспан - небо.
Сөздік жұмыс: Әуе.

Мотивациялық - қозғалушылық
- Балалар, мен сендерге асығып келе жатып жолда көңілсіз тұрған қоянды көрдім.
Педагог осыны айтып жатқанда қоян келіп кіреді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Қоян, Саған не болды? Сен неге көңілсізсің?
- Өзімнің балабақшадағы достарыма шарлар сыйлайын деп келе жатыр едім, қатты жел соғып, шаралардың жібі болмағандықтан жел ұшырып алып кетті. Сендер сол шарларды көрмедіңдер ме?
Педагог балаларға қоянға көмектесу керектігі жайлы айтып, шардың түсі, пішіні қандай екені жайлы әңгімелеседі.
Педагог балардың алдарындағы шарлар салынған қағазға көңіл аударуларын өтініп, осы шарлардың өз түстеріне сәйкес жіптерін үлгі сурет
Бойынша ирек сызықтар арқылы қалай салуға болатынын түсіндіріп көрсетеді.
«Әуе шарларын ұшырамыз» қимылды ойыны.
Балалардан қандай түсті қарындашты пайдаланғандарын және шарларының қандай түсті екенін сұрау.
Балалар салған суреттерін қоянға көрсетеді.
Қоян балалардың салып берген суреттері өте әдемі екенін айтып, алғысын білдіріп қоштасады.
Әуе шарлары жүктеу
8 360
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қағаз, қарындашпен таныстыру (Күнделікті сабақ жоспары)
Қағаз, қарындашпен таныстыру (Күнделікті сабақ жоспары)
Қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Қызанақ
Қызанақ
Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді сала білуге үйрету. Сурет салу арқылы саусақ моторикаларын дамыту: Бейнелеу техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.
Көңілді шарлар
Көңілді шарлар
Балаларға шарларды таныстыру. Шарларды атап, түстерін ажырата білуге үйрету. Шарды кілегеймен ақ қағазға жапсыруды үйрету.
Ұзын құлақ, ақ қоян
Ұзын құлақ, ақ қоян
Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен - кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Түлкі мен қоян халық ертегісі
Түлкі мен қоян халық ертегісі
Ертегінің мазмұнын айтуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ауызекі сөйлеулерін дамыту, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту. Балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.
Орманға саяхат
Орманға саяхат
«Шаттық» бөбекжайының әдіскері: Мыңбаева А.А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×