Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көбелектер

07 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: Көбелектер
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - қызметі: Музыка.
Сабақтың мақсаты: көркем - ойындық бейнелерге сай қимылдарға еліктеу, әуенді есту, сезіну, ән айту қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Дамытушылық: Балалардың музыкаға қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Балалардың жәндіктер туралы білімдерін кеңейту..
Қажетті құралдар: гүлдер суреті, слайдтар көбелектер суреті.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, жұмбақ, тосын сәт көбелектің келуі.

Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме? Балалар.
- Балалар мен амандасу.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
Көктемнің қанша айы бар?
- Үш айы бар(наурыз, сәуір, мамыр).
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
Балалар: күн жылынады, құстар ұшып келеді.
Ендеше бейне таспадан көктем мезгілінің ерекшеліктерін тамашалап алайық. (құстардың даусын, сарқыраған сулар, ұшып жүрген көбелектерді)
тамашалайды.
Ән тыңдау: «Көктем» сөзі мен әні (Қуатбаев)
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар.
Жұмбақ.
Қаны жоқ, жаны бар,
Гүл іздеп сабылар.
Ол не?
Балалар: - көбелек.
Көбелектердің түстері қандай болады?
- Сары, қызыл, ақ, көкшіл түсті, қара ала көбелектер.
Тосын сәт:
Осы кезде топқа көбелек ұшып келеді(көбелек болып киінген бала)
Көбелек: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен кіммін?
Балалар: - Сәлеметсің бе, сен көбелексің.
Көбелек: Иә, мен көбелекпін, біз өте нәзікпіз, жаз мезгілінде өмір сүреміз.
Гүлден - гүлге қонып, гүлдің ішіндегі шырындармен қоректенеміз.
Гүлдің иісін мұртшалар арқылы сеземіз. Гүлдерге қонып, өсімдіктерді тозаңдандырам.

Ән айту: «Көбелек» әні сөзі (Смақов) әні (К. Қуатбаев.)
Балалар менің қимылдарымды салып, билей аласыңдар ма?
Балалар билей аламыз.
Музыкалық ырғақты қимылдар.
«Гүлдер мен Көбелектер»
Көктем қандай көрікті
Балақайлар көріпті
Дала гүлге толыпты
Көбелек гүлге қоныпты!-
деп көбелекті гүлдерге қондырады.
- Балалар қараңдаршы қандай әдемі көбелек!

«Аралар мен көбелектер ойыны.»
Көбелек - ау көбелек
Ұшасың сен аралармен көлбеңдеп.
Қызыл жасыл керемет
Гүлге қоншы көбелек!-
деп балаларды ойынға шақырады.
Аралармен көбелектерді гүлдерге қондыру қажеттігін түсіндіреді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әуенді тыңдай білу қимыл - қозғалысты көппен бірге ырғақты сезіне жасау.
Игереді: музыканы сезіне тыңдауды әнді нақышына келтіре айтуды ойын шарттарын ретімен орындауды.
Меңгереді: көркем - ойындық бейнені сезіну көбелек болып ұшу қону әуенмен ілесе жеңіл

Атырау қаласы, Бірлік ауылы
№35 «Балақай» бөбекжай - бақшасының саз жетекшісі
Есболғанова Алия Дабысқызы
Көбелектер. жүктеу
14 089
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Балалардың музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Музыкалық шығармаға эмоциялық қатынастарын дамыту. Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Көктем келді
Көктем келді
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы, «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Орынбекова Жания Куанышбековна
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 ора мектеп шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Көрікті көктем
Көрікті көктем
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі аракөз Асарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×