Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз

17 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: «Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз»
Сабақтың мақсаты: Күн, су, ауа, жер - адамзаттың ортақ үйі, табиғат сыйы, олардың тіршіліктегі маңызы мен құндылығы туралы білімдерін кеңейту. Өтілген тақырыптар арқылы қарлығаш құстың тапсырмасын қайталау.
а) Білімділігі: Балаларға көрсетілген заттарды, сан, көлем, кеңістікті, геометриялық пішінді бір - бірінен ажыратуға, ертегілердегі кейіпкерлердің орындау тілінің шеберлігі, тақпақтарды
сөзбен, жұмбақтарды айтуға дағдыландыру.
ә) Тәрбиелігі: Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Балалардың ой өрісін білімділігін дамыту. Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.
б) Дамытушылығы: Логикалық ойлау дағдысын дамыту. Сөйлеу қабілетін мәдениетін дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: Сабақта ойындарға арналған түрлі - түсті суреттер тапсырмалар арқылы
10-ға дейін санау, әртүрлі пішіндер логикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындар. Қарлығаштың суреті. Табиғат суреттері.

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Балалар біз қол ұстаса дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрайық. Енді бір-бірімізге алақан арқылы жылылық танытып жылы лебіз білдірейік.
Жылулық шеңбері:
- Армысыз, қайырымды, Аспан ата
Армысыз мейірімді, Жер ана
Армысыз шұғылалы Алтын күн
Қуан, шаттан алақай
Қуанатын келді күн
Амансыз ба? Есенсіз бе? Сәлеметсіздер ме?
- Рахмет балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Күн, су, ауа, жер - біздің жақсы дос -
тарымыз. Барлық өтілген сабақтармен байланыстыра отырып сабағымыз
ерекше болмақ. Ал, балалар бәріміз тақтадағы суретке қарайық күннің көзі,
таза ауа мен суға шомылған балалар, су өте қажет, жердің жылуы, жайқалған жасыл
шөптер, гүлдер. Айнала қоршаған ортаға құрметпен қарауды, табиғатты аялауды
сезіндік.
Балалар мен сендерге жыл мезгілі туралы жұмбақ - тақпақ айтайын.
*Алғашқысы суытады өлкені.
*Екіншісі жылытады, жер кеңіп
*Үшіншісі көк теңізге бар дейді.
*Төртіншісі ұсынады бар дәмді (Қыс, көктем, жаз, күз)
- Иә қазір жылдың көктем мезгілі. Балалар көктем мезгілінің айларын айтайықшы.
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктем туралы тақпақ білеміз бе?
Көктем келді
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты
Алақай - ау, алақай,
Көктем қандай көңілді.
- Көктемде күн жылынып, жан - жануарлар өріске шығып, жер беті жасыл түске
боялып гүлдер шығып, құстар ұшып келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 607
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындар
Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. Ою - өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Геометриялық пішіндер. Қайталау
Геометриялық пішіндер. Қайталау
Балаларды көлемді денелер (шар, текше, конус) туралы түсінікті нақтылау, геометриялық пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге, геометриялық пішіндердің өмірде қажеттілігін түсінуге үйрету. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып
Білуге құштармыз
Білуге құштармыз
3 - ке дейін санау дағдысын жетілдіру. Геометриялық пішіндер туралы түсінігін кенейту, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді көлеңкеден ажырата білуге үйрету. Берілген сұрақтарға толық жауап беру біліктілігін жетілдіру
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изенова Зухра Жеткергенқызы
Тапқырларға тапсырма
Тапқырларға тапсырма
Жалпы білім беретін № 6 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×