Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.

07 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Спорттық шараның атауы: «Әкем, анам және мен» отбасылық эстафеталық сайыс.
Мақсаты: Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата - аналарды балабақша өміріне араластыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата - аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Доптар, ленталар, фитбол, қарлар, үй жануарлар, жіптер, қапшық.

Жүру барысы: Береке де осында,
Мерекеде осында
Болып жатыр той думан
Балабақша бағында
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр балаңыз
Қатысатын топтарды
Қол соғып қарсы аламыз
(Сайысқа қатысушы ата - аналар балалармен саппен жүріп келіп, қатарға тұрады)
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - аналар, тәрбиешілер және балалар. Бүгін біздің балабақшада үлкен мереке, біздің балаларымыздың ата - аналар арасында спорттық сайыс. Сайысқа қатысушы ата - аналар «Әкем, анам және мен» атты көңілді сайысқа қош келдіңіздер!
(Ортада ән ұран ойналады)
Отбасылық жарысқа
Әділқазы береді
Жеңімпазын анықтап
Бізге айтып береді - деп әділқазыларды таныстыру.
1. Балабақша әдіскері: Уразова. А. Б
2. Балабақша медбикесі: Ершуақова. А. С
3. Балабақша психологы: Бисенбиева. А. Д

Жүргізуші: Біздің сайысымыз 6 - бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру
2. «Кім жылдам»
3. «Бәйге»
4. «Ептілік»
5. «Тіркесіп жүгіру»
6. «Қар жинау»
7. «Қол күрес»
Өнер қуып өтер дейміз
Бір баспен өнері жетер дейміз
Сайысқа келген отбасы кезектесіп
Таныстырып өздерін кетер дейміз - дей отырып кезекті таныстыруға берейік.

«Кім жылдам»: Әр отбасылы топқа доп беріледі, кедергілер арқылы баласы жүгіріп, мәреден айналып келіп, допты анасына берді, анасы кедергілер арқылы айналып келіп, әкесіне допты береді, осылайша межеден айналады.
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жараспай
Сайыстың мәні бола ма - деп келесі сайысымыз

«Бәйге»: Баласы әкесінің арқасында, анасы стартта қалады, анасының қолында әртүрлі ленталар болады, керілген жіпке анасының қолындағы ленталарды жіпке бір - бірден байлау керек, анасы лентаны бір - бірден беріп тұрады. Осылайша сайыс жалғасады.

«Ептілік»: Әкесі допты еденге соғып, межеден айналады, анасының қолында екі ақ бет қағаз болады, қағазды алма кезек еденге қойып, дәл солай межеден айналып, қайту керек, баласы еденде жатқан жануарларды жинап, қоржынға салып, әкелу керек.
Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа

«Тіркесіп жүру»: Әкесі анасы екеуінің орталарында шар болады, кедергілер арқылы сол шармен бірге тіркесіп, межеден айналып келеді, баласы қаппен секіріп межеден айналып келеді, межеден айналу керек.
«Қар жинау»: Балалар еденде шашылып жатқан қарларды бір - бірден шелекке жинап салу керек, қанша қар жинағанын есептеу арқылы жеңімпаз анықталады.

«Қол күрес»: Ал қадірлі халайық
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып, бекініп
Күшімізді сынайық - дей отырып, келесі сайысымыз қол күрес, әкелер сайысады.

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің бірліктері кәміл шықты
Бүгінгі отбасылық сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз отбасысы - деп әділқазыларға сөз кезегін береміз.(ата - аналарды мадақтау)

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса, сайыста
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - дей отырып, бүгінгі «Әкем, анам және мен»отбасылық сайыс аяқталды, сайсқа қатысқан отбасыларға мың алғыс, сау болыңыздар.

Атырау қаласы Бірлік ауылы
№ 35 «Балақай» бөбекжай – бақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы
Ташимова Раушан Нигметовна
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс. жүктеу
21 201
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс
«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру.
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Секіреміз, жүгіреміз
Секіреміз, жүгіреміз
Балаларды салауатты өмір сүруге және қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларын әдістерін үйрету, балалардың қимыл - қозғалысын және күш қуатын белсенділігін дамыту.
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру жетекшісі Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×