Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./

22 шілде 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны/
Мақсаты: Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Көрнекі құралдар: жалау, қадауыш, кітап, доп, батут, есеп жазылған қима қағаздар. т. б.
Өтілетін орны: Спорт зал
Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, ысқырғыш, шар т. б құрал жабдықтар.

Өту барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар Бүгінгі «Спорт - жан серігі» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда

Риза: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Мұғалім:
Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Сұңқар» тобын шақырамыз

Риза:
Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын

Мұғалім: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі: Мұхамбетова Жаңылсын
Мектеп психологы: Төлекбаева Гүлнұр

Мұғалім: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық! – дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.

1. «Эстафеталық» сайысы.
2. Ептілік
3. Шар жару
4. Есеп шығару.
5. Доппен секіру
6. Паровоз Топтастыру
7. Арқан тарту

Таныстыру
Сұңқар тобы:
Сұңқардай қалықтаймыз,
Іздеуден жалықпаймыз!
Тұлпар тобының ұраны:
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

Мұғалім: 1 сайыс: Эстафеталық
Кегли арасымен жүгіріп барып, жүгіріп қайтып таяқшаны келесі ойыншыға беріп жалғастыру
Мұғалім: 2 сайыс: Ептілік
Басымызға кітап қойып кегли арасымен жүріп өту
Мұғалім: 3 сайыс: Шар жару
Қадауышпен шар жару қай топ көп жарады
Мұғалім: 4 сайыс. Есеп шығару
Бара жатқанда жүгіріп барып берілген есепті шығарып, қайтарда жайылған кілемшеден қайтарда домалау.

Мұғалім: 5 сайыс: Доппен секіру
Мұғалім: 6 сайыс Паровоз
Оқушылар паровоз болып барып берілген тапсырмаға топтастыру жасап, әділ қазыларға тапсырып. қайтарда паровоз болып қайтады.

Мұғалім: 7 сайыс: Арқан тартыс
Қай топ мықты? Екенін анықтау

Енді сайысымыздың жеңімпаздарын таныстыру үшін сөзді әділ - қазылар алқасына береміз. Әділ қазылар алқасы қорытынды баға шығарғанша, сыныбымыздың дайындаған флэш мобын тамашалайық!

Мұғалім:
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./ жүктеу
5 759
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Денсаулық фестивалі
Денсаулық фестивалі
Қызметкерлердің салауатты өмір салтына өз үлестерін қосуға үндеу, қызығушылықтарын арттыру, ауызбіршілікке, біріккен іс әрекетке баулу.
«Толағай» спорттық сайыс
«Толағай» спорттық сайыс
Отбасылар күніне арналған, жартылай жетім, әлеуметтік жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылар арасындағы спорттық шара. Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Закишев Ержан Берікқазыұлы
Әке шешем және мен
Әке шешем және мен
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Әлия
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×