Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адасқан құмырсқа ертегісі

29 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Адасқан құмырсқа ертегісін сахналау
Тобы: «Қызғалдақ» ортаңғы
Білім беру саласы: «Коммуникация» «Шығармашылық», «Әлеуметтік»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Драма»
Тақырыбы: Адасқан құмырсқа ертегісі
Мақсаты: Достық қарым – қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру. Тіл байлықтарын жетілдіру, сөйлеу барысында сұрақ қойып, оған дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Ертегіні әр түрлі театр түрлерімен сахналауға деген қызығушылықтарын ояту. Қамқорлыққа, мейірімділікке, достыққа, сахна мәдениетіне тәрбиелеу. Балалардың бойына эстетикалық талғам қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Ертегі мазмұнын сахналау, үстел үсті театры, көлеңке театры, слайд.
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ғажайып сәт, ойын.
Билингвальды компоненттер: Құмырсқа - муравей - unt;
Ара – пчела – bee.
Көбелек - бабочка - Butterfly;

Мотивациялық қозғаушы
Қонақтармен сәлемдесу.
Сәлеметсіздер ме!
Здравствуйте!
Good morning

«Нағыз дос болайық» ойыны.
Шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолыңда жақсы қасиеттер аталғанда, алға бір қадам жасайды, қуанышын білдіріп қол соғады. Достықтың жараспайтын сөздерін атағанда, керісінше артқа қарай бір қадам жылжиды, «Біз де ондай бала жоқ деп айтады».

Ізденуші - ұйымдастырушы
Ғажайып сәт.
(Тікұшақ ұшып келеді.
Тікұшақпен театрға билет келеді)
Тәрбиеші: Бұл не керемет! Бізге тікұшақ ұшып келеді ғой. Бұл не екенін көреміз.
Мұнда хат бар екен.
Қане оқимыз!
«Құрметті бүлдіршіндер! Сендерде бүгін ерекше күн екенін мен сиқырлы айнамнан көрдім. Сендер ертегіні жақсы көреді екенсіңдер! Сондықтан сендерге арнайы сыйлыққа театрға билет беріп жібердім. Сәлеммен: Ертегі Ханшайымы!»
Тәрбиеші: - Алақай, керемет болды ғой! Рақмет сізге, Ертегі Ханшайымы!
Мінекей балалар театрға билет қолымызда, барамыз ба?
- Әрине барамыз!
- Театрға бармас бұрын, театр туралы әңгімелесеміз.
- Біз тұратын қала – «Қызылорда» деп аталады. Біздің қалада демалатын мәдениет орындары, драма театры бар.
«Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры»
• Нартай Бекежанов – 1890 жылы 26 наурызда Шиелі ауданында дүниеге келген. Ақын, айтыскер, халық әндерін шебер орындап, өзі де ән шығарған.
А. Тоқмағанбетов атындағы және М. Ералиева, С. Майқанова атындағы мәдениет үйлері бар.
• А. Тоқмағанбетов – 1905 жылы 19 қыркүйекте Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ол жазушы, лирикалық ақын болған.
• С. Майқанова – 1914 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Қазақ мемлекеттік драма театрына әртіс болып қабылданды.
• М. Ералиева – 1954 жылы 02 тамызда Қазалы ауданында дүниеге келген. Ол – эстрада әншісі, педагог, профессор болған.
- Театрға кіргенімізде театр қызметкерлерімен амандасамыз.
- Театр дегеніміз – ойын - сауық түрлері көрсетілетін орын. Театр өнеге көзі, тәрбие ошағы. Театр нағыз өнердің ордасы. Ал, мұндай киелі де рухани ордада мәдениет сақтамау әбестік.

Театр мәдениетінің ережесі:
1. Қойылымға уақытынан бұрын кешікпей келу керек.
2. Өзіңді өзің жөнге келтіріп келу керек.
3. Билетте көрсетілген орында отыру керек.
4. Қойылым кезінде тыныштық сақтап, қошемет көрсетіп отыруымыз керек.
Әртістің қуанышы – халқының қошеметіне бөлену.
Ал балалар театрға баруға дайынбыз ба?
Екі - екіден қолдарынан ұстап, өздеріңді ретке келтіріп алыңдар.
- Ендеше балалар билетті қолымызға алып тексерушіге береміз.
(театрға келеді, билетті тексертеді)
Сахна. Қазақ сахнаны киелі санайды. Көрерменге ой салар жері осы. Сахнаның безендірілуі қойылымға байланысты безендіріледі. Сахнада арнайы шымылдығы болады. Сахналық шымылдықтың арғы жағында әртістер дайындық жасайды. Онда кез - келген адам өнер көрсете алмайды. Сахналық қаhарманның мінезін жасайтын адамды – әртіс деп атаймыз. Кез - келген ортаның өз бағынатын заңы немесе мәдениеті болады.

- Құрметті көрермендер!
Театрға қош келдіңіздер!
Бүгін сіздер сахнадан «Адасқан құмырсқа» ертегісін көріп, тамашалайсыздар!

(Сиқырлы әуен) Сахнадан көңілді әуен естіліп тұрады.
Ертеде бір құмырсқаның илеуі болыпты. Сол жерде құмырсқалар тынымсыз еңбек етіпті. Олар бір - біріне дос, бауыр екен. Достықтары сонша, араларынан қыл өтпейтін тату екен. Соның ішінде біреуі кінәмшіл, өзімшіл болыпты. Өз айтқанынан қайтпайтын, бірбеткей, кекшіл болыпты.
(сахнада көңілді әуен басталады да, көбелек ұшып кіреді, олардан соң бірінің артынан бірі дән көтеріп, құмырсқалар келеді)
1 - құмырсқа: Ой достар! Қалған дәндерді тасып алсақ, біз қыстан аман шығамыз.
2 - құмырсқа: Иә, барлығы да еңбектің арқасы.
3 - құмырсқа: Достарым сендер білесіңдер, сендерді қалай жақсы көретінімді.
1 - құмырсқа: «Бәріміз біріміз үшін, достығымыз ажырамас үшін».
(Бір бірінің қолының үстіне қолын қояды)
Автор: Иықтарына бидай сабағын салған үш құмырсқа келе жатады. Кенет жерге отыра қалып:
Аяғым, аяғым деп жылаған үшінші құмырсқаның дауысы шығады. Барлығы бидай сабағын жерге қояды.
1 - құмырсқа: Саған не болды, айтшы?
3 - құмырсқа:«Аяғым – ай, аяғым» деп жылай береді.
2 - құмырсқа: Жылама саған не болды?
3 - құмырсқа: Сенің көзің жоқ па? Аяғымды басып – мыжып кеттіңғой!
1 - құмырсқа: Мен... мен байқамай қалдым!
2 - құмырсқа: Қане аяғыңды басып көрші. Ештеңе етпейді. Ол әдейі басқан жоқ қой.
3 - құмырсқа: Жоқ - жоқ мен сендермен дос болмаймын. Ол аяғымды әдейі басты!
2 - құмырсқа: Олай деме достым. Әлі ақ жазылып кетесің. Сенікі дұрыс емес, өзің кешірім сұра!
3 - құмырсқа: Ә, сендер бірігіп алып, мені кінәлап отырсыңдар ма? Олай болса мені жақсылап тыңдап алыңдар, Мен сендермен дос болмаймын! Кетемін. Енді сендерге қайтып келмеймін. (кетіп қалады)
1 - құмырсқа: Енді не істейміз ол қайтып келмейді. (жылайды)
2 - құмырсқа: Жылама, дос керек болса, өзі - ақ кінәсін түсініп келер (бір біріне қарап) Амал қанша.
Бидай сабағын көтеріп, сахнадан шығып кетеді.
3 - құмырсқа: (көңілсіз әуен ойналады, басы салдырып, құмырсқа кіреді) – Енді не істеймін? Кіммен дос боламын? Тастың үстіне отыра кетеді. «Танец бабочек» әуеніне
Көбелек ұшып, билеп келеді.
Көбелек: Сен неге көңілсізсің? Сенің достарың қайда?
3 - құмырсқа: Мен достарыма өкпелеп кетіп қалдым. Олармен енді дос болмаймын. Сен менімен дос болшы.
Көбелек: Жарайды дос болайық!
«Танец пчелка» әуені
Гүлдерге қонып, бал жинап жүрген араны көріп:
3 - құмырсқа: Ара, менімен дос болшы, мен жалғыз қалдым.
Адасқан құмырсқа ертегісі жүктеу
8 202
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер тіршілігі
Жәндіктер тіршілігі
Жайнап тұрған бақшамда Гүлдерімді тере кет, Жаңбыр жаушы себелеп, Тақияның астына Тығыла ғой көбелек.
Адасқан құмырсқа ертегісі
Адасқан құмырсқа ертегісі
Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, солармен достасыпты.
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Театр - бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Маша мен аю
Маша мен аю
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×