Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәндіктер тіршілігі

21 мам 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жәндіктер тіршілігі
Мақсаты: Балалардың жәндіктер, олардың сипаттық белгілері туралы білімдерін кеңейту. Көбелек пен қоңыздың айырмашылығын таба білуге үйрету.
Әдіс - тәсіл: көрсету, әңгімелеу, слайд, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекі - құралы: суреттер, фетрадан көбелек, ара, жұлдызқұрт,
Лэпбук жасау: «Жәндіктер тіршілігі»
Қостілдік компоненті: жәндіктер - насекомый, көбелек - бабочка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей.

Мотивациялық – қозғаушы:
Тәрбиеші іс - әрекеті:
Шаттық шеңбері
Таңертең ертемен,
Тұрамын ұйқыдан.
Сәлемдесіп күнменен,
Бақшама мен барамын.
- Жарайсыңдар, балалар. Қане орнымызға жайғасайық.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(Балалар жауабы)
- Дұрыс, көктем мезгілі. Көктемде айнала құлпырады, құстар ән салады, ағаштар бүршік атады. Күн жылынып, адамдар жеңіл киінеді.(слайд көрсету)
- Ал шөптің арасында нелер жүреді? Мынау не?
- Гүлдерге нелер қонып жатыр?
Балалар: - Аралар қонады.
Тәрбиеші:- Бұлардың бәрін бір сөзбен жәндіктер деп атаймыз.
Билингвалды сыңарын айтқызу
Көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, құмырсқа - муравей, қоңыз - жук, өрмекші - паук
Ойын: «Қиынды суреттер»
Ара, құмырсқа, қоңыз, көбелек суреттері 2 - 3 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктер суретін құрастырады.
Ойын: «Жәндіктер қалай дыбыстайды?» дыбыстық жаттығу
Жәндіктер дыбыстарының аудио жазбасын тыңдатады. Бұл дыбыстың қай жәндіктікі екенін табуды ұсынады. Алдарындағы суреттен сол жәндік суретін тауып көрсетеді.
- Балалар мен сендерге «Көбелек» туралы өлең оқып берейін.
Көбелек
Дос болайық көбелек,
Тығыла ғой көбелек.
- Балалар қане, сергіп алайық

Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: жәндіктерді бір - бірінен ажыратады, таниды.
Меңгеруі: жәндіктер қайда тіршілік ететінін

Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді тере кет,
Жаңбыр жаушы себелеп,
Тақияның астына
Тығыла ғой көбелек

Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа
Допты алып қолыма,
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Допты тау деп ойлады.

«Қай жәндік нені ұнатады?» ойыны
Шарты: үстел үстінде гүлдің, омарта, ағаш жапырағы суреттері тұрады. Балалар екінші үстел үстінде ара, көбелек, жұлдызқұрт бейнелерін алып, «қай жәндік қайсысына барады?»– дегенде өздері бейнелерді өз орындарына орналастырады.
- Балалар, жәндіктердің пайдасы қандай?
Міне слайдты тамашалайық. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Зиянды құрттардан тазартады. Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшы - ғынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор, құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады.

«Ұшады - ұшпайды?» қимылды ойын
Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балалардан ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын сұрап алады. Сосын ойынды жалғастырады.
Ұшты, ұшты көбелек ұшты (балалар қолдарын көтереді(
Ұшты, ұшты көйлек ұшты.(қолдарын көтермейді)
Ұшты, ұшты ара ұшты (қолдарын көтереді)
Ұшты, ұшты қала ұшты
Ұшты, ұшты қоңыз ұшты,
Ұшты, ұшты доңыз ұшты
- Балалар, бүгінгі тақырыбымыз ды қорытындылау үшін міне, мынандай «лэпбук»жасап әкелдім. «Лэпбукпен» жұмыс жасау.

Қорытынды:
Сұрақтар:- Балалар бүгін нелермен таныстық?
- Ара, құмырсқа, қоңыз, өрмекші, көбелек барлығын бір сөзбен не деп атаймыз?
- табиғатқа бұл жәндіктердің пайдасы барма?
- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Сендер оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге бір - бір смайлик беремін.
- Осыменен ашық оқу қызметіміз аяқталды.
4 807
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің характерлік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балаларды түрлі жәндіктермен кездескенде өздерін дұрыс ұстау түсініктерін бекіту.
Көбелек және инелік
Көбелек және инелік
Жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Көбелек және инелікпен қысқаша таныстыру. Жәндіктер бейнесін қағаз бетіне жапсыру арқылы, саусақ маторикасын дамыту. Жәндіктер тіршілігіне қызығушылықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылығын ояту, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге
Көбелек пен инелік
Көбелек пен инелік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×