Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәндіктер әлемі

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша тәрбиешісі
Мурзатаева Дамен Айбосуновна

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті

Тақырыбы: «Жәндіктер әлемі»
Мақсаты: Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Керекті құралдар: Жәндіктер бейнеленген суреттер, слайдтар, бейне - таспа, интерактивті тақта.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгіме құрастыру, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмыс: Көбелектің түрленуі, қуыршақ, жұлдызды құрт, жәндіктер, мұртшалар, жұмыртқалайды, бағдарлайды.
Билингвальді сыңары: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмрсқа - муравей, құрт - гусеница, ұлу - улитка, өрмекші - паук, қуыршақ - куколка, мұртшалар - усики;

Тәрбиешінің әрекеті
Дәлелді түрткі болатын
Шаттық шеңбері
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс, көктем мезгілі. Көктемде балалар, айнала құлпыра түседі, құстар ән салады, ағаштар гүлдейді, табиғат оянып, гүлдер өседі. Күн жылынып, адамдар жеңіл киімдет киеді.
- Ал шөптің арасында нелер пайда болады?
- Мынау не?
Слайд көрсету.
- Гүлдерге нелер қонады?

- Ал олардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

Жәндіктердің суретін көрсету, жеке - жеке айтқызу. Билингвальді сыңарын айтқызу: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей, құрт - гусеница, ұлу - улитка - өрмекші - паук.
Слайд көрсету, түсінік беру. Жұмбақтар жасыру:

Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.

Инесі жоқ, жібі жоқ,
Шілтер тоқыр міні жоқ.

Ұйымдастырушы - іздестіруші

Жәндіктер туралы тақпақтар айтқызу:

Менің атым құмырсқа
Шаршамаймын жұмыста,
Дән тасимын жаз бойы,
Демаламын мен қыста
Абдуали

Ұзын құйрық инелік,
Инелікке тимелік.
Вертолетті жасады,
Инеліктен үйреніп.
Мирас

Гүлден сорып, бал жинап.
Терлеп жанын қинады,
Және өзіне жиғанын,
Адамдарға сыйлайды
Мансур

О, құмырсқа, құмырсқа,
Шебер - ақсың жұмысқа.
Астық жинап қуысқа,
Қой жаймайсың туысқа.
Зарема

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз солға бір
Бұрыламыз оңға бір
Біз мейірімді баламыз
Біздер тату боламыз
Гүл - гүл жайнап жанамыз
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз

Толық нұсқасын жүктеу
69 301
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру.
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің характерлік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балаларды түрлі жәндіктермен кездескенде өздерін дұрыс ұстау түсініктерін бекіту.
Жәндіктер тіршілігі
Жәндіктер тіршілігі
Жайнап тұрған бақшамда Гүлдерімді тере кет, Жаңбыр жаушы себелеп, Тақияның астына Тығыла ғой көбелек.
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылығын ояту, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×