Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Судың қасиеті

14 қыркүйек 2019, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: Судың қасиеті
Мақсаты: Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Көрнекілік: слайд - шоу, су, тұз, қант, бояу
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ жауап, мадақтау.

Мотивациялық - қозғаушы
Шаттық шеңбері
Күніміз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Гүліміз жақсы өссін!
Қазір жылдың қай мезгілі?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Қазір қай ай?
Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Қар еріп неге айналады?
Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін табыңдар?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасын қорын тек,
Барша тіршілік қурайды. Бұл не?
Жарайсыңдар балалар, жауабы Су. Бүгінгі сабағымыз ерекше әрі қызықты сабақ. Біз бүгін судың қасиетімен танысамыз. Судың қандай қасиеті болатынын өздерің тәжірибе жасап, білетін боласыңдар.
Ендеше мына үстелдерге жақындайық.
- Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар.
- Судың қандай қасиетін байқадыңдар?
Ал, енді ішіп көрейік, дәмі бар ма?
- Стақандағы суға қасық саламыз.
- Судың түсі қандай?
- Стақандағы суды иіскеп көрейікші, иісі бар ма?
Балалар сендер судың қандай қасиеттерін білдіңдер?
Енді осы судың түсін, дәмін өзгертуге бола ма? Қалай?
Стақандағы суға тұз салу (не болғанын айту)
Стақандағы суға қант салып араластыру(не болғанын айту)
- Судың түсі бар ма? Егер оған бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді.
- Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, су қайтеді?
Ал мұзды жылы жерге қойсақ
- Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.
Орнымызға отырамыз.
- Балалар сендер су туралы мақал - мәтел білесіңдер ме?
Қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Суды дұрыс пайдалану керек. Суды сақтау, оның азаймау үшін не істеуіміз керек?
Сергіту сәті
Сылдыр - сылдыр - сылдыр - су
Сылдыр - суға бетіңді жу
Су - дегенің осы
Су - адамның досы

Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы, МКҚК «Балдәурен»
бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі
Рсаева Гульшат Удашкевна
Судың қасиеті. жүктеу​​​
2 499
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су.  Судың  қасиеті
Су. Судың қасиеті
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары
Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары
Павлодар обылысы, Екібастұз қаласы № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясы Каргабаева Шолпан Сембайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×