Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша – біздің екінші үйіміз

18 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу қызметі:
Білім беру саласы:«Әлеуметтік».
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Балабақша – біздің екінші үйіміз.
Мақсаты: 1. Балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен таныстыру (медбике, аспаз).
2. Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру.
3. Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, таныстыру, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, қорытындылау.
Қолданатын көрнекі құралдар: суреттер, аспаз, медбике.
Билингвалдық компонент: балабақша - детский сад, аспаз – повар, дәрігер – врач.
Шаттық шеңбер.

Балабақшам менің
Жаңа қадам жасадым
Қош болып тұр, бесігім
Мен қуанып ашамын
Балабақша есігін.

Өлең шумақтарына қосылып қимыл - қозғалысын жасайды.
Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық кезеңі
- Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой - пікірімізді ортаға салайық.
- Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?
- Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасыңдар. Сондықтан «Балабақша – біздің екінші үйіміз» деп айта аламыз.

- Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін.
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз,
Біз - осы үйдің гүліміз,
Біз - осы үйдің сәніміз.
Сұрақ – жауап
- Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?
- Сендерге балабақша несімен ұнайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл - біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәніміз.

Сергіту сәті. (әуенмен орындалады)
Кел балақан, балақан
Шапалақта алақан:
Жай - жай - жай!
Қозғап барлық денені
Қолды қатты соқ енді:
Сарт - сарт - сарт!
Тықылдатып таяқты,
Ақырын бас аяқты:

Балалар сонымен қатар балабақшада медбике, аспар т. б қызметкерлер жұмыс істейді. Соның ішіндегі медбике және аспазбен танысайық.
Біздің балабақшадағы денсаулығымызды қадағалап отыратын кім? Ия, дұрыс. Біз ауырсақ медбике көмек көрсетеді.
Аспаз сендер үшін не істейді? Дұрыс балалар аспаз сендерді бес уақыт дәмді және ағзаға өте пайдалы тамақтармен тамақтандырады.

балалар өз ойларын айтады.
қайталайды, балалабақша біздің екінші үйіміз.

балалар өлеңді тыңдап, бірге қайталап айтады, жаттайды.

Сұрақтарға жауап береді

Кел балақан, балақан
Шапалақта алақан:
Жай - жай - жай!
Қозғап барлық денені
Қолды қатты соқ енді:
Сарт - сарт - сарт!
Тықылдатып таяқты,
Ақырын бас аяқты:

Қимыл жасайды.

балалар өз ойларын ортаға салады.
дәрігер, медбике.

тамақ пісіреді.
Өзін – өзі бағалау кезеңі
Балабақша дегеніміз не?
Балалабақшада кімдер қызмет етеді?
Өз балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ме?
Кімнің қандай сүйікті ойыншығы бар?
Оқу іс - әрекетін қортындылау.
Бір шаңырақ астында
Тату – тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.

балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: балабақшадағы сыйластық, ұжымдық қарым - қатынас дағдыларын
Игереді: балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын.
Меңгереді: өзара сыйласуды, бір - бірімен тіл табысуды.
Балабақша – біздің екінші үйіміз жүктеу
13 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құлыншақ ортаңғы тобының оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Құлыншақ ортаңғы тобының оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Құлыншақ ортаңғы тобының ----- оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Балабақша
Балабақша
Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым - қатынаста
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру; ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Балабақша - базарлы үй
Балабақша - базарлы үй
Өскемен қаласы, "Балдаурен" шағын орталығының тәрбиешісі Чокубаева Маржан Куанышпековна
Менің балабақшам
Менің балабақшам
Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы Балабақша тәрбиешісі: Тлегенова Ләззат
Біздің бақшамыз
Біздің бақшамыз
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 балабақшасының тәрбиешісі Сейдалиева Асем Каримжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×