Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша

02 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: Балабақша
Мақсаты: сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым - қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, ароматерапия.
Сөздік жұмысы: байтағым, баулып.
Оқу іс - әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, слайдтар.
Билингвалды компонент: Балабақша - Садик
Қолданылған әдебиеттер: Сауат ашу және жазу (әдістемелік құрал) 30 бет

Мотивациялық қозғаушы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. Жоғарыда шаңырақ ілінген. Балалар қолдарына түрлі түсті таспаларды (ленталарды) алып, өз балабақшасына деген ізгі тілектерін айтады.
2. “Кім болам?” дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласын?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

Ұйымдастыру - іздену
II. Негізгі бөлім.
3. Тыныштық сәтін өткізу.
1. Дәптердің 4 - 5 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.
2. Н. Әлімқұловтың “Балабақшам – байлығым” немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңін оқу.
3. Сергіту сәтін өткізу.
Бала, бала баламыз, бақшамызға барамыз,
Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.
Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз.
Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз. 4. Дәптермен жұмыс (4 - 5 беттері бойынша).
а) Педагог үздік сызықтарды (баланың балабақшаға дейінгі жолын) қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсетеді. 5 - беттегі үздік сызықтарды қосып сызу арқылы доптардың суретін салу және оларды бояу. Педагог балалардың жұмысын тексеріп, қалай сызу, штрихтау керектігін әр балаға көрсетіп жүреді.

Рефлексифті түзету
III. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
Оқу іс - әрекеті барысында алған білімдері сұрақ - жауап әдісі арқылы пысықталады.

Күтілетін нәтиже:
Білу: сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету
Игеру: Балаға өз ойын жүйелі түрде айтуды игерту.
Меңгеру: Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым - қатынаста кішіпейіл болуды меңгерту.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Қатынас

Балабақша. жүктеу
26 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Өткен дыбыстарды қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны арқылы дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Менің отбасым
Менің отбасым
отбасы мүшелерінің бір - біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.
Балабақша
Балабақша
Өткен жылғы сөздерді еске түсіру, жаңа сөздер үйрету; қазақ тіліне тән дыбыстарды (і, ө) дұрыс айтуға жаттықтыру; тіл үйренуге деген қызығушылықтарын ояту.
Ё дыбысы және әрпі
Ё дыбысы және әрпі
Тақырыбы: Ё дыбысы және әрпі
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы Жаңаталап селосы Жамбыл атындағы орта мектептің Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Амангельдина Айсұлу Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×