Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы аңдар

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: "Жабайы аңдар"

Мақсаты: Әр аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой – өрісін дамыту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Қайырлы таң аңға да, құсқа да,
Қайырлы таң жайдарлы жанға да.
Қайырлы таң алға алсын,
Кешке дейін жалғассын.

1. Жұмбақ шешуден бастайық
а) Жазда қыдырады,
Қыста тынығады.
(Аю)
ә) Орғыған қорқақ, көзі қыли,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
(Қоян)
б) Бұтақтан – бұтаға секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң,
(Тиін)
в) Құйрығы сылаң – сылаң етеді,
Барлығын алдап кетеді.
(Түлкі)
г) Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес бірақ малды оранды.
(Қасқыр)
Әр бала жұмбақтың шешуін тапқан бала сол аңның суретін тақтаға іледі.
Бір сөзбен қалай атаймыз?
Неліктен жабай аңдар дейміз?

1. Д/О: "Сипатта"
Ойынның шарты: Ортаға бір бала шығады, басына маска кигізеді, балалар масканы сипаттап айтады, бала өзінің қандай аң екенін табады.
2. Д/О: "Сен білесің бе?"
Аюдың – баласы қонжық
Қасқырдың баласы – бөлтірік
Түлкінің баласы – мыршай
Қоянның баласы – көжек.
Осы аңдардың балалары аналарынан ажырап қалыпты, осы аңдардың балаларына поезд келіп тұр, бірақ қай вагонға мінетіндерін білмей тұр.
Балалар көмектесеміз бе?

3. Д/О: "Қай аң қандай вагонға мінеді"
Ойынның шарты: Түстеріне байланысты сызықтар арқылы қосады, нешінші вагонға мінгенін санайды.

4. Слайд бойынша аңдарға балаларын қасына апарады.
Балалар бүгін біз тек жабайы аңдарға ғана көмектесеміз.
Аңдар өздері туралы не айтады екен, тыңдап көрейік.

Замира: Кәрі еменнің түбіне
Бір біріне үңіле
Айтысуға жиналды
Жан жануар біріге

Аруна: Мен тиінмін түлкімін, түлкімін
Тынып тұрған күлкімен
Бұлаң – бұлаң құйрығым
Тек өтпейді бір күнім

Маркизат: Мен тиінмін, тиінмін
Асыл менің киімін
Жүгіріп шығам ағашқа
Ұстатпаймын бір жанға

Автор: Енді қасқыр мақтанды
Өз деміне аптыға
Қорқып тұрған қоянды
Тап беруге шақ қалды.

Азима: Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп қаламын

Әли: Балпаң – балпаң басамын
Алты қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашымын.

5. Д/О: "Құйрығын табуға көмектес"
Балалар аңдар өздерінің құйрықтары таба алмай тұр, соған табуға көмектесейік.

6. Слайд
Аңдарда ойнайды екен, жасырынған аңды табуға көмектесейік.

Қ/О: "Көлеңке"
Орман тоғайдағы аң құстар, жан – жануарлар серуенге шықты. Кәзір солардың қимылын салып көрейік. Көлбең – көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем. Қане қатар тұрайық, үлкен шеңбер құрайық! Көлбең – көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем, түлкі қалай жүреді, кім көрсете біледі. Балалар айтылған аңдардың жүрісін салады.
Тапсырма: "Қоян неге жылып тұр"

Жарайсыңдар, балалар қоянға көмектесіп көжектерін тауып бердіңдер.
Қоян мен тиінді құрастыру

"Қоянның туған күні" ертегісін драмалау.
Автор: Ерте, ерте ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырды. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киеді. Ол туған күніне аю, түлкі, тиін, қасқырды шақырды.
Тиін: Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян!
Саған арнап шырша жаңғақтарын әкелдім.
Түлкі: Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі.
Қасқыр: Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын. Туған күніңе қош иісті Раушан гүлін сыйлаймын.
Төртеуі бірге: Аю неге кешікті.
Аю: Кешіккеніме кешірім сұраймын. Туған күнің құтты болсын. Туған күніңе арнап бал әкелдім. Сыйлығымды қабыл ал, ақ қояным.
Автор: Сонан бері қоянның құлағы ұзын екен.
Қоян: Туған күнімде барлығыңа тәтті шырын сыйлаймын.
14 737
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Жабайы жануарлар - Дикие животные - Wild animals
Жабайы жануарлар - Дикие животные - Wild animals
Әрбір аңның атын атауларын ағылшын тілінде үйрету және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой - өрісін, ауыз екі сөйлеуін дамыту.
Ормандағы аңдар
Ормандағы аңдар
«Жасырылған аңды тап» дидактикалық ойын. Шарты: педагог үстелдің астына жұмсақ ойыншық қоянды жасырып қояды да, бала екеуі іздейді. Не жасырылғанын бала іздеп табады. Педагог қоянның суретін көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі. Қоян – жабайы аң. Оның
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Балаларды жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, ден мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету. Аңдардың
Жануарлар қысқа қалай дайындалады
Жануарлар қысқа қалай дайындалады
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Омарова Раушангүл Жұбандыққызы
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы "№1 бөбекжай - балабақшасы"КҚКМ Ажыбаева Назгул Жолдыгазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×