Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ормандағы аңдар

01 наурыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облыстық
балалар оңалту орталығының дефектолог маманы,
директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары – Шаймерденова Салима Каппаровна

Қоршаған ортамен таныстыру
Жеке баламен жүргізілетін жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «Ормандағы аңдар»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Балаға жабайы аңдар туралы түсінік беру, атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Коррекциялығы: жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, баланың ой - өрісін дамыту.
3. Тәрбиелігі: баланың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.
Көрнекіліктер: жабайы аңдардың суреттері, ойыншық аңдар, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру
Психожаттығу
- Қорбаңдаған аюдың жүрісін салайық,
- Қорқып қашып бара жатырған қоянды саламыз,
- Жарайсың

ІІІ. Жаңа сабақ
«Жасырылған аңды тап» дидактикалық ойын.
Шарты: педагог үстелдің астына жұмсақ ойыншық қоянды жасырып қояды да, бала екеуі іздейді. Не жасырылғанын бала іздеп табады.
Педагог қоянның суретін көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі.
Қоян – жабайы аң. Оның ұзын құлағы, төрт аяғы бар. Ол шөп, сәбіз жегенді ұнатады.
- Бұл не? Қоянның түсі қандай?
- Қоян қандай аң? Қоян нені жақсы көреді?

«Жабайы аңдардың тіршілігі» туралы әңгімелесу
Жабайы аңдардың аю, түлкі, қоян, қасқыр т. б. суреттерін көрсете отырып, олардың тіршілігі, мекендейтін орны туралы әңгімелесу.
- Қандай жабайы аңдарды білесің?
- Неліктен жабайы аңдар дейміз?
- Олар қайда өмір сүреді?
- Себебі олар, елсіз далада өз бетімен өмір сүреді? Өз азығын өзі тауып жейді. Олар күннің суығында да, жылысында да далада жүріп өмір сүреді.
- Аю, түлкі, қоян қандай аңға жатады?
- Олар қайда өмір сүреді?
- Қоян жақсы көретін тамағы не?
- Аюдың жақсы көретін асы не?
- Аю қалай жүреді?
- Қоян қалай жүреді?
- Зообаққа бардың ба?
- Қоянның баласын қалай атайды?
- Аюдың баласын қалай атайды?

ІҮ. Сергіту сәті
Көлбең, көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Қоян қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Көлбең, көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Түлкі қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Көлбең, көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?

Тілді жаттықтыру
Ян – ян – ян – секеңдеген ақ қоян,
Ю – ю – ю – қорбаңдаған аю,
Кі – кі – кі – бұл айлакер түлкі,
Қыр – қыр – қыр – бұл көкжал қасқыр.

Ү. Бекіту
Дидактикалық ойын: «Не қайда өмір сүреді?»
Мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Шарты: Суретте бейнеленген аңдарды мекен ету ортасына қарай орналастыру.
ҮІ. Қорытынды.
Қоян, түлкі, аю, қасқыр – жабайы аңдар.
Олар орманда тіршілік етеді.
ҮІІ. Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
23 262
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Балаларды жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, ден мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету. Аңдардың
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы "№1 бөбекжай - балабақшасы"КҚКМ Ажыбаева Назгул Жолдыгазиновна
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Бахрадинова Құндыз Жанабайовна Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×