Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы аңдар

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті түрі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі.
Білімділік мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір – бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Тәрбиелік мақсаты: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, жабайы аңдар туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялай білуге, идеялы адамгершілікке тәрбиелеу;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақтар жасыру, ой қозғау, ойын, қорытындылау.
Көрнекіліктер: ойыншық торғай, хат, қыс мезгілінің суреттері, жабайы аңдар суреті, орманның макеті.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: Дәстүрлі емес.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Ертегілер айту, жұмбақтар жасыру, аңдар туралы тақпақтар жаттату.
Сөздік жұмыс: қауіпті, жыртқыш, үлпілдек, икемсіз.
Үлестірмелі көрнекілік: желім, қылқалам, қатты қағаздан қиылған аңдардың суреттері және әр түрлі дәнді дақылдар.

Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? қыс
- Ал сендерге қыс ұнай ма?
- Қыс несімен ұнайды?
- Қыс әртүрлі болады, боран соғады, аяз болады.
- Осы қысқа біз қалай дайындаламыз?
- Балалар қысқа біз ғана емес жабайы жануарлар да дайындалады.
- Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

Балалар: аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі.
- Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
Балалар: Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
- Балалар, ормандағы аңдар қысқа қалай дайындалды?
Балалар: Тиін өзіне тамақ дайындайды, жаңғақ, саңырауқұлақ жинайды.
- Аю жаз, күз айларында тамаққа тойып алып қыс бойы ұйқыға кетеді.
- Ал қоян үстіндегі сұр тонын аппақ тонға ауыстырады. Сөйтіп өзінің жауларынан қорғанады. Қыста жас ағаштардың сабағын жейді.
Слайд көрсету. Жабайы жануарларды көрсетіп әр біреуіне тоқталып кету. Қысқа қалай дайындалатынын және немен қоректенетіні туралы толық мағлұмат беру.
Д/О: «Не артық»

Таңғажайып сәт.
- Балалар кім терезе қағып тұр? Аузына хат тістеген құсты қолыма аламын.
- Бұл суықторғай екен ғой, бізге хат әкеліпті.
- Хатты оқу үшін мына жұмбақты шешулерің керек екен.
1. Қыста жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
2. Тәтті көрсе бас салар,
Аумайды жас баладан.
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
3. Өзі айлакер,
Өзі қу.
Жүрген жері айқай шу.
4. Үсті толы ине
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме
Жарайсыңдар балалар. Барлық жұмбақты шештіңдер.

- Тәрбиеші: Хат біздің ормандағы аңдардан келген екен. Соны оқып берейін. Біз орман аңдары жаз бойы бір – бірімізбен дос болдық, бірге ойнадық, сөйтіп қыстың қалай келіп қалғанын білмей қалдық. Күн күннен күнге суыта бастады. Сөйтіп аңдар өздеріне жылы тон тігіп берулерін сұрайды.
- Сендер мейірімді балаларсыңдар, аңдарға көмектесесіңдер ғой?
- Қазір бәріміз орманға барып достарымызға көмектесейік.
- Балалар орманда өзімізді қалай ұстауымыз керек?
- Шуылдамаймыз, сіріңкемен ойнамаймыз, қоқым шашпаймыз, ағаштарды сындырмаймыз.
- Дұрыс балалар.

Сергіту сәті.
- Ал енді көзімізді жұмамыз да менің соңымнан қайталаймыз.
1, 2, 3 орнымызда тұрып айналамыз,
Ертегі орманға тап боламыз.
- Міне алдыларыңда сиқырлы орман тұр.
- Қараңдаршы қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?
- Енді оларға жылы тонды қайдан алуға болады? Дүкеннен.
- Орманда дүкен жоқ тек орман ательесі бар, сондықтанда қазір бәріміз тігіншіге айналып әр түрлі дақылдардан аңдарға жылы тон тігіп береміз.
- Қандай дақылдарды көріп отырсыңдар? Күріш, тары, қарақұмық т. б дақылдар.
- Аюдың тонын қандай дақылдан жасайсың?
- Қоянның тонының түсі қандай?
- Оны қандай дақылдан жасайсың?
- Тиіннің тонының түсі қандай?
Балалар желіммен аңдардың тонының түсіне қарай дақылдарды жапсырып жасайды.
- Қандай жақсы балаларсыңдар, сендер аңдарға керемет тон жасап бердіңдер. Жарайсыңдар.
Ал енді жасаған жұмыстарымызды алып орман алқабына жібереміз.
- Ал енді өзіміздің балабақшамызға барайық.
- Тағы да сол сиқырлы сөзімізді қайталаймыз.
1, 2, 3 орнымызда тұрып айналамыз,
Тобымызға тап боламыз.
- Балалар сендерге орман ұнады ма?
- Ерекше не естеріңде қалды?
- Сендерге орман аңдары риза болып жатыр, жарайсыңдар балалар.
43 680
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Ормандағы аңдар
Ормандағы аңдар
«Жасырылған аңды тап» дидактикалық ойын. Шарты: педагог үстелдің астына жұмсақ ойыншық қоянды жасырып қояды да, бала екеуі іздейді. Не жасырылғанын бала іздеп табады. Педагог қоянның суретін көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі. Қоян – жабайы аң. Оның
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Балаларды жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, ден мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету. Аңдардың
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×