Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты аңдар

22 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Қызықты аңдар.
Мақсаты: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ойын, бейнетаспа аңдар туралы, суреттер, орман суреті.
Қолданылатын әдіс – тәсілдері. Түсіндіру, көрсету, көрнекілік, саяхат.
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтармен амандасып алайық. - Қазір біз бейнетаспадан күнді, күннің нұрын көреміз. Ол жарқырап нұрын шашып тұрса қалай қуанамыз.
Кіріспе бөлім:
Шеңбер бойымен жүру,
Аяқтың ұшымен жүру өкшемен жүру,
Жүгіру, демалу жаттығулары,
Тәрбиеші: Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме? Орман алыс. Ол үшін жаттығулар жасаймыз. Алғашқы қалыпта түзу тұру..
1. Басқа арналған жаттығулар
1. Алға
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Артқа ию
4. бастапқы қалыпқа келу (2 - рет)
2. Иыққа арналған жаттығулар
1. Оң иықты көтеру.
2. Бастапқы қалып
3. Сол иықты көтеру
4. бастапқы қалыпқа келу (2 рет)
3. Қолға арналған жаттығулар
1. Қолды алға созу
2. Жоғары созу
3 Жанға созу
4 Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)
4. Белге арналған жаттығулар
1. Оңға иілу
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Солға иілу
4. Бастапқы қалыпқа келу
5. Аяққа арналған жаттығулар
1. аяқты қосу
2. тізені бүгу
3. Бастапқы қалыпқа келу
Саппен жүру
Шалшық судан секіру
Тастардан секіру
Бұталардың арасымен жүреміз.
Балалар, орманға да жеттік.
Орманды аралайық, бір - бірімізден адасып қалмайық. Орманда қандай аңдар бар? (Аю, қоян, қасқыр түлкі, шибөрі т. б. бейнетаспадан қимылдарын көрсету)
Ойын: «Қасқыр мен қояндар»
Балалар енді елге қайтамыз.(Орманнан алған әсерін айтады)
Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?
- Қай жерге саяхатқа бардық? Нелерді көрдік?
(Мадақтау)
Балалардың іс - әрекеті
Балалар бәрі бастарын иіп, амандасады.
Балалар «Алақай» қуанып деп алақандарын шапалақтайды.
Көрсетілген жаттығуларды жасау.
Жалпы жетілдіру жаттығуларын жасайды.
Жаттығуларды қызыға орындайды.
Орманға келді, аңдарды тамашалайды.

Ойынның шарты: Қояндар сәбіз жеп отырады. Кенеттен қасқыр келіп қалады. Сендер қашып шөп тасасына тығыласың - дар. Ұстап алған баланы қасқыр алып кетеді. Ойын осылай қайталанады. - Ұнады
- Орман
- Қызықты аңдар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 419
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баскетбол. Допты алып жүру
Баскетбол. Допты алып жүру
Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Берілген тапсырмаларды зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Орманға саяхат
Орманға саяхат
Балаларды бір тізбекпен жүруге, «жыланша» ирелеңдеп жүгіруге, шашырап жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық отырғыштың үстімен қолды жанға созып жүруді, тұрақты тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету, екі аяқпен жеңіл секіруге жаттықтыру
Көңілді саяхат
Көңілді саяхат
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» МҚКҚ балабақшасының тәрбиешісі Феруза Каленова Ильяқызы
Саппен жүгіру
Саппен жүгіру
ШҚО, Шүлбі орта мектеп –кешені дене шынықтыру пәні мұғалімі Тлеубаев Ғ.М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×